Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


Ер  мен  әйелдің  қоғамдағы  орнын,  өзіндік  әлеуметтік  ерекшелігін,  өмірлік



Pdf көрінісі
бет85/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   375
Ер  мен  әйелдің  қоғамдағы  орнын,  өзіндік  әлеуметтік  ерекшелігін,  өмірлік 
құндылықтарын  айқындайтын,  өмірдің    алуан  түрлі  саласын  қамтитын  мақал-мәтелдер  қазақ 
тілінде жетіп артылады.  Мысалы, «Жол мұраты – жету, қыз мұраты – кету», «Қызға қырық үйден 
тыйым»,  «Кетем  деген  қыз  көкем  десең  де  үйде  тұрмайды»  дегенде  қыз  баланың  «жат  жұрттық» 
екендігін,  оның  қазақы  салт-санамен  тәрбиеленіп,  барлық  туыс-ағайындарының  қарауында 
болатындығын  көрсетеді.  Немістерде  «Jeder  Topf  findet  seinen  Deckel»  (Әрбір  қыз  өз  күйеу  жігітін 
табады).  
«Кәріс және орыс отбасыларында қызды төменсітетіні байқалды. Қыз үйде бөтен, артық «ауыз» 
болып саналады.  Сондықтан  ата-ананың  негізгі  мақсаты  қызын  мүмкіндігінше  тезірек ұзату  болып 
табылады: «Ттарын намый часигида»  (Қыз – біреудің баласы).  «Ттари сесимйŏн муныль йŏрŏ нокхо 
чанда»  (Үйінде  үш  қыз  болса,  есігін  ашып  ұйықтайд).  Орыс  тілінде:  Одна  с  хлеба  долой.  Дочку  в 
колыбельку  –  приданное  в  коробейку  [11,  12  б.].  Қазақ  халқының  танымында  қызды  «қонақ»  деп 
сыйлап,  төрінен  орын  берген.  Алайда  кәрі  қыз  болудың    жаман  екендігін  ескертіп,  ана  болып, 
өмірден  өз  орнын  табуын  тілеп,  «Кәрі  бойдақ  міншіл,  кәрі  қыз  күншіл»  дейді  де,  «Тесік  моншақ 
жерде  жатпас»  немесе  «Отырған  қыз  орнын  табар»  деп  тағы  «күдерін  үзбейді».    Бурят  тілінде: 
33 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. 
«
Басаган  γриин  гар  зөөлэн,  бадма  сэсэгэй  намаа  зөөлэн»  (Қызымыздың  қолы  нәзік,  лотостың 
жапырағы жұмсақ). Буряттардың қызды гүлге теңеп, аялайтынын осы мақалдан көреміз.  
Қазақ  ғылымында  жынысқа  қатысты  психологиялық  және  сөйлеу  ерекшеліктері  толық 
зерттелмеген  мәселе.  Журнал  беттеріндегі  кейбір  мақалалардан  қазақ  ерлерінің  психикасына 
қарапайым тілмен берілген кейбір сипаттамаларды кездестіруге болады. «Қазақ ерлері тұрмысынан 
батыл,  еркіндікке  құштар.  Олар  досқа  адал,  қонақжай,  жатқа  да,  сыйластығы  мол.  Өте  әсершіл, 
жағдайдың ауысуына қарай көңіл-күйлері тез өзгереді. Бірақ олар ер көңілді, қиын сәттің өзінде де 
әзілге  сылтау  таба  біледі.  Шектен  тыс  балажан,  әкелік  сезімдері  жоғары.  Олардың  кейбіреулері 
мақтаншыл,  өркөкірек.  Олар  тойшыл,  мейрамшыл,  жалқаулыққа  біртабан  жақын,  дегенмен,  қажет 
кезінде  қандай  істе  болмасын  өздерін  лайықты  деңгейде  көрсете  біледі.  Бұл  қасиеттер  дәстүр  мен 
тәрбиенің ортақ нәтижесі»  [8, 5 б.].  
Қазақ  мақал-мәтелдерінде  ер  адамдарға  байланысты  негізінен  ер  жүректік  немесе  қорқақтық, 
жалқаулық  немесе  өнерге  қатыстырылып  айтылады.    Мысалы,  «Ердің  ері  –  егеудің  сынығы»,  «Ер 
өтірік айтпайды, ел өтірік айтады», «Бәйбішеге малын берер, тоқалға жанын берер», «Еркек сергек 
ұйықтаса,  ырыс  бітеді,  әйел  сергек  ұйықтаса,  жұмыс  бітеді»,  «Өкпеден  тиген  жел  жаман,  елінен 
безген ер жаман», «Ел шетіне жау келсе, арыстандай айбарлы батырлардың бары игі», «Елдің көркі 
елімен, жердің көркі шөбімен», «Ел барда ер қор болмас, ер барда ел қор болмас», «Жақсы жігіт жер 
шолып,  ақыр  түбі  айналар»,  «Бөрік  кигеннің  бәрі  батыр  емес»,  «Келісті  кеңес  ерде  бар,  қымбат 
қазына жерде бар», «Ел ерге қарайды, ер жерге қарайды», «Арғымақтың құйрығы әрі жібек, әрі қыл, 
ер жігіттің белгісі түзде мырза, үйде құл», «Көптен көсем шықпай ма, қадірлей білер ер болса, жүзден 
жүйрік шықпай ма, бабын табар ер болса», «Алтын басты әйелден бақыр басты ер артық», «Ер айпас, 
айтса, қайтпас», «Ер азығы мен бөрі азығы жолда», «Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді», «Ер 
жігіттің алдында ашылар есігі болсын, әйелдің алдында тербетілер бесігі болсын», «Ерке болу оңай, 
еркек болу қиын», «Бүркіт қартайса тышқаншыл болады, ер қартайса өкпешіл болады», «Уәде ердің 
опасы», «Азынаған айғырды үйірде көр, жарқыраған жігітті үйінде көр», «Ер жігіттің мойнында қыл 
арқан шірімес», «Ел ебелек емес, ер кебенек емес», «Ерінен айрылған ел қаралы, отынан айрылған 
жер қаралы», «Ер басын күн туса, етігімен су кешер», «Арғымақтың белгісі  аз оттар да көп жортар,  
ер жігіттің белгісі аз сөйлер де көп тыңдар», Неміс тілінде «Ein Mann, ein Wort» – «Еркек – сөзінде 
тұратын  адам».  Неміс  тілінде:  Bauern sagen auch Wahr –  «Еркектер  де  шындықты  айтады». 
Корейлерде де еркектің сөзі жағымды стереотипке ие: «Намджаый марын чхŏн нён кадо пёнхаджи 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет