Қарақытайлар (1128-1213) мен наймандар мемлекеттері (1213-1219).
Қарақытайлардың қҧрылуы Қытайдың солтҥстік жағында Маньчжурия мен
Уссурий ӛлкесінің аумағын мекендеген б.з. IҤ ғасырынан бастап жазба
деректерде моңғол тілді тайпалар ретінде аталатын Орталық Азияның қидан
тайпаларымен тығыз байланысты. 924 жылы Алтайдан бастап, Тынық
мҧхитқа дейінгі аса кең жер Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қол астына
ӛтеді. Қидандардың билеуші әулеттері Солтҥстік Қытайды мекен етті.
1125 жылы Сунь Кытайы мен Чжурчжень мемлекетінің біріккен кҥші
Ляо империясын қҧлатады. Қидандардың бір бӛлігі (40 мың тҥтін) Елюй
Дашы қолбасшымен бірге Еміл ӛзенінің бойына жетеді де, сол арадан қала
салады. Жетісуда қидандарды қарақытайлар деп атайды.
1128 жылы Қарахандар әулетінен шыққан Баласағҧн билеушісі ӛздеріне
қысым жасап, тыныштық бермеген қаңлылар мен қарлҧқтарға қарсы аттануга
шақырады. Қарақытайлар кӛсемі Елюй Дашы Баласағҧнды басып алып,
Қарахандар әулетінің билеушісін тағынан тайдырып, Жетісуға ӛз мемлекетін
орнатады. Сосын бірқатар жаулау жорықтарын жасап, мемлекет шекарасын
Енисейден Таласқа дейін кеңейтеді. Содан кейін қарақытайлар қаңлыларды
бағындырып, Шығыс Тҥркістанды қосып алады. 1137 жылы олар Ходжент
жанында Мауераннахрдың иесі Махмҧд-ханды талқандады, ал 1141 жылы
салжық-қарахандар әскерін кҥйретеді. Сӛйтіп, қарақытайлар Бҧхараны және
кҥллі орталық Мауераннахрды басып алады. Жетісу, Оңтҥстіқ Қазақстан,
Мауераннахр мен Шығыс Тҥркістан қарақытай мемлекетінің қҧрамына енеді.
Қарақытай мемлекетінің басшысы гүрхан деп аталды. Баласағҧн оның
иеліктерінің орталығы болып қала береді. Қарахандар әулетін қарақытайлар
ӛз вассалына кҥштеп айналдырады.
Алайда Жетісудың (Іле аңғары) Іле ӛзенінен солтҥстікке қарай жатқан
бір бӛлігі бҧрынғысынша қарлҧқ хандарына тиесілі болып қала берді,
олардың арасында қарақытай билеушісінің ӛкілі ӛмір сҥрді.
1208 жылы Жетісуға Моңғолиядан Шыңғысхан тықсырып қуып шыққан,
Кҥшлік хан бастаған наймандар қашып келеді. Наймандар ҧлысының да
ҧзын-сонар тарихы бар. Олар Орталық Азиядағы ірі мемлекеттік қҧрылым
болды. Наймандардың шығу тегі мен ертедегі тарихы кҥрделі де, қиын
мәселе. Ғылыми әдебиеттегі соңғы мәліметтер олар тҥрік тілдес болды
дегенді нақты дәйектейді. Ғалымдар «найман» терминінің тҥпкі мәні моңғол
тілі тҧрғысынан алғанда ашылады, ол конфедерацияға енген тайпалар санына
қарап, «сегіз» деген сӛз деп болжам жасайды. Кӛне тҥрік жазуларында
айтылатын «сегіз-оғыздарды» зерттеушілер наймандармен теңдестіреді. VIII
268
ғасырда оғыз тайпаларының бірлестігі Орхон ӛзенінен бастап, жоғары
Ертіске дейінгі жерді алып жатқан. Кейінірек наймандар да сол араны мекен
еткен болатын. Сірә, оғыздарды осы наймандар ығыстырған болса керек.
1211 жылғы қарақытай мемлекетінде қалыптасқан жағдайды оңтайлы
пайдаланған Кҥшлік-хан ӛз одақтастарымен бірге гҥрханды тҧтқындап,
биліктен тайдырады. Сӛйтіп, Қарақытай мемлекеті ӛмір сҥруін тоқтатады.
Жетісудағы билік наймандардың басшысы Кҥшлік-ханның қолына ӛтеді.
Оғыз мемлекеті. VIII ғасыр орта кезінде тҥргештер мҧрасы ҥшін
қарлҧқтармен болған кҥресте оғыздардың едәуір бӛлігі Жетісуды тастап, тау
баурайлары мен Шу алқабына кетіп қалған болатын. IX ғасырдың бас кезінде
оғыздардың кӛсемдері қарлҧқтармен және қимақтармен одақтасып, қанғар-
печенег бірлестігін кҥйретеді де, Сырдарияның тӛменгі ағысы мен Арал ӛңірі
даласын басып алады. IX ғасыр соңғы кезінде олар хазарлармен одақ қҧрып,
печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қол астына қаратады.
Печенегтермен ҧзақ уақытқа созылған кҥрес-тартысы олардың саяси
бірлігін кҥшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын қҧруға себепші болады.
Оғыздар қҧрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларын ілкі
замандардан мекен етіп келе жатқан тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық
қауымдастығының қҧрылуы ҧзақ және кҥрделі процесс болды. Әуел баста
оғыз тобының ӛзегі Жетісуда ҧйымдасады, алайда батысқа қарай жылжу
барысында Оңтҥстік және Батыс Қазақстан жерінің кӛшпелі және жартылай
отырықшы халқының есебінен едәуір дәрежеде толығады.
IX ғасыр аяғы мен XI ғасыр бас кезінде оғыз тайпалары Сырдарияның
орта ағысынан Еділдің тӛменгі бойына дейінгі орасан кең аумақты
мекендейді. Оғыздардың қоныс ӛрістері ЬІрғыз, Орал, Ембі, Ойыл
ӛзендерінің бойларында, Сырдариялық Қаратау баурайлары мен Испиджаб
шегіне дейін жайылып, шашырап жататын. Олар Сырдарияның орта және
тӛменгі ағысы бойында, Арал ӛңірі мен Шығыс Каспий аймағында
шоғырланып қоныс тепкен-ді. Тіпті Орталық Қазақстанға дейін де
жеткендігін археологиялық ескерткіштер (Аяққамыр, Басқамыр, т.б. қалалар,
Домбауыл кесенесі, т.б.) нақты дәлелдеп отыр. Оғыз тҧрақтары мен
бекіністерінің шекарасы Оңтҥстік Орал мен Тӛменгі Еділ бойына дейін
жететін. Оғыздар отырықшы облыстармен, Хорезммен, Мауераннахрмен
және Хорасанмен шектесіп жататын.
X ғасырда сонау Хазарияға дейін созылып жататын ҧланғайыр дала, сол
сияқты Солтҥстік Каспийдің қҧла тҥзі, Орталық Қазақстан, Оңтҥстік-шығыс
Қарақҧм шӛлі мен Арал аймағының Кызылқҧмы Оғыз даласы деп аталатын.
Демек осы ӛңірлер белгілі бір кезеңдерде оғыздарға тҥгелдей дерлік қараған
болатын.
Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен
жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы X ғасырда оғыз
мемлекетінің астанасына айналады. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші
Оғыз мемлекетінің басшысы болған.
Оғыздар мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды
рӛл атқарады. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып, Хазар қағанатын
269
талқандайды. X ғасыр орта кезінде хазарлар шекарасы Каспий теңізінің
солтҥстік-шығыс жиегіне жеткен еді. 985 жылы оғыз жабғысы орыс
кінәздарымен бірлесіп, Еділ Бҧлғариясын ойрандайды. Осының бәрі оғыз
мемлекетінің саяси кҥш-қуатының ӛсуіне жол ашқан еді.
Қимақтар мен қыпшақтар. VІІІ ғасырда Қимақ (Кимек) мемлекетінің
қалыптасу мен кҥшеюі басталады. Қимақтар тарихының ерте кезі Солтҥстік-
Батыс Моңғолиямен тығыз байланысты. VІІ ғасыр орта тҧсында олар Алтай
тауларынан солтҥстікте жатқан Ертіс алабындағы аудандарға қоныс
аударады. VІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ІХ ғасырдың бас кезінде қимақ
тайпалары солтҥстік-батысқа – Оңтҥстік Оралға, оңтҥстік-батысқа –
Жетісуға, Сырдария алабы мен Оңтҥстік Қазақстанға қарай жылжиды.
Эймүр, имек, қыпшақ, татар, баяндүр, ланиказ, ажлар секілді жеті
тайпадан тҧратын қимақ федерациясы қҧрылып қалыптасады. Кимек
тайпалары басшысының байғу (жабғы) деген атағы (титулы) болған. Кимек
тайпалары қағанатында ең кҥшті әрі ықпалды тайпа қыпшақтар болған еді.
VІІІ ғасырдан ХІ ғасыр бас кезіне дейін қимақтар шығыста Алтай мен
Ертістен, батыста Оңтҥстік Орал таулары мен Еділге дейінгі орасан зор
аумақта тіршілік етті.
ІХ ғасыр соңы мен Х ғасыр бас кезі аралығында Оңтҥстік Орал тау алды
аймағы мен одан оңтҥстікке таман ӛңірде қимақтарға туыстас куман
тайпалары мекен етті. Олардың кӛшіп-қонып жҥретін негізгі облысы
Мҧғалжар таулары болды, мҧнда олардың астанасы орналасты. Олардан
оңтҥстікке қарай – оғыздар мен қимақтар, батыста – печенегтер, солтҥстік-
батыста – бҧлғарлар, солтҥстік-шығыста – қыпшақтар ӛмір сҥрген болатын.
IX ғасыр бас кезінде Қимақ қағанаты қҧлағаннан кейін Қазақстан
аумағындағы әскери-саяси кҥш қыпшақ хандарының қолдарына ӛтеді.
Қыпшақ ақсҥйектері оғыз жабғысын Орталық Қазақстаннан, Сырдарияның
тӛменгі және орта ағысынан, Арал маңы мен Каспий далаларынан
ығыстырып шығарады.
ХІ ғасырдың екінші ширегінің бас кезінде Дешті Қыпшақ (Қыпшақ
даласы) атауы бҧрын жазба дереккӛздерінде қолданылып келген Мафазат
әл-ғұз (Оғыз даласы) атауын ығыстырып шығарады. ХІ ғасыр орта тҧсында
қыпшақтар Еділ ӛзенінен ары қарай батысқа жылжи бастады, сӛйтіп Русь,
Византия, Венгрия халықтарымен мәдени байланыстарға тҥседі. Дешті
Қыпшақ тарихи-географиялық облысы Ертістен Днестр ӛзеніне дейінгі
аумақты алып жатты. Оны шартты тҥрде Еділ ӛзені алабы бойынша Батыс
Дешті Қыпшақ және Шығыс Дешті Қыпшақ деп екі ірі этноаумақтық бӛлікке
жіктеуге болады.
Қыпшақ аумағы ӛзіне қыпшақ, сондай-ақ қимақ, куман, ежелгі башқҧрт
және оғыз тайпаларын сіңірді. Оған ХІІ ғасырда Арал далалары шебін
мекендеген кӛптеген қаңлы тайпалары, сонымен қатар қарлҧқтар мен
шігілдер де кірген еді.
ХІ ғасыр ортасына таман қыпшақ тайпалары шығыста Алтай мен Ертіс
ӛзеніне шейінгі, батыста Оңтҥстік Оралға дейінгі, оңтҥстікте Балқаш кӛліне
270
шейінгі, ал солтҥстікте Оңтҥстік-Батыс Сібір орманды-далалы ӛңіріне дейінгі
кең байтақ аумаққа қоныстанды.
ХІ ғасырдың екінші жартысында қыпшақ тайпалары Маңғыстау мен
Ҥстіртте оғыз тайпаларының топтарымен бірге кӛшіп жҥрді.
Қыпшақ хандары оңтҥстікте ӛз мемлекеттерінің шекарасын кеңейтіп,
Тараз қаласының шетіне дейін жетті, мҧнда Қанжиек, Сеңгір бекіністерін
тҧрғызған. Балқаш кӛлі қыпшақтар мен қараханидтер арасындағы табиғи
шекара болды. Шығыста, Алтай мен Ертістің жоғарғы ағысында қыпшақ
жерлері қаңлы, найман және керейіт иеліктерімен шекараласты. Қыпшақ
хандығының солтҥстік шекарасы қазіргі қазақ даласын Сібірден бӛліп тҧрған
орманды-далалы аймақтан ӛтті. Батыста қыпшақтардың кӛршілері Еділ мен
Орал маңындағы бҧлғар және башқҧрт халықтары болды.
Қазақстан аумағындағы қыпшақтардың кӛшіп-қонып жҥретін жерлері
Есіл, Тобыл, Нҧра, Елек пен Сарысу қойнаулары болған еді. Маңғыстау мен
Ҥстірттегі қыстақтарынан олар жаздыгҥні Жем, Сағыз, Ойыл, Қобда, Жайық
(Орал) ӛзендерінің алабындағы жайлауларына кӛшті.
ХІІІ ғасыр бас кезінде Мҧхаммед (1200-1220 жж.) басқарған Хорезмшах
мемлекетінің қҧрамына қыпшақтардың Сығанақ облысы да кірді, алайда
Сығанаққа деген иелігін жоғалтқан қыпшақ хандары Хорезммен кҥресін
тоқтатқан жоқ. 1216 жылы осындай Қадыр-ханға қарсы жорықтардың бірінде
олар Ырғыз ӛзеніне дейін жетеді де, Торғай даласында қыпшақтарға қашқан
меркіттерді қуып келе жатқан Шыңғысхан әскерімен кездесіп қалады. Бҧл
моңғолдардың Қазақстан аумағына бірінші рет келуі еді. Осыдан кейін кӛп
ҧзамай-ақ моңғол шапқыншылығы басталды.
Моңғол шапқыншылығы мен Моңғол империясының құрылуы. ХІІ
ғасыр ортасында моңғол тайпалары Орхон мен Керулен ӛзенінен батысқа
қарай жылжып, Моңғол Алтайы мен Ертістің жоғарғы ағысынан наймандар
мен қыпшақтарды ығыстырды. Моңғолдар солтҥстікте Байкалдан Енисейдің
жоғарғы ағысына дейінгі, оңтҥстікте Гоби шӛліне шейінгі аумақты
қоныстанып жатты.
Моңғол, керейіт, найман, татар, қоңырат және басқа да кӛптеген моңғол
және тҥрік тайпалары арасындағы толассыз қақтығыстар мен соғыстар ХІІІ
ғасыр бас кезінде Шыңғысхан басқарған Моңғол мемлекетінің қалыптасуына
алып келді. 20 жылдай аяусыз кҥрес жҥргізген Шыңғысхан барлық моңғол
тайпаларын біріктіріп, жеке дара билеушіге айналды. 1205 жылы Қҧрылтайда
моңғол шонжарлары Темучинді жоғарғы билеуші етіп, Шыңғысхан деген
атпен хан сайлады.
Тарихи дереккӛздерінде жаулап алушылар әркелкі аталды: «моңғолдар»,
татар-моңғолдар», «татарлар», моңғол-татарлар». «Татар» этнонимі шығыс
моңғол тайпаларының бір бӛлігіне ғана қолданылды. Моңғолияның барлық
тҧрғындары Қытайда «татарлар» деп аталынды, Қытай деректемелері арқылы
ол араб, парсы, орыс және батыс-еуропалық дереккӛздеріне ӛтті. Шыңғысхан
мен оның айналасындағылар ӛздерін «моңғол» деп атады, ал мемлекетін
«моңғолдық» деп кӛрсетті. «Татар-моңғол», «моңғол-татар» сӛздері кейіннен
қалыптасқан.
271
Қытайға басып кіргеннен кейін және оны жаулап алғаннан соң (1211-
1215) моңғол армиясы қытай әскери техникасымен – қабырғаны атқылайтын
және от ататын қарумен қаруланды.
1218-1219 жылдары моңғолдар кӛршілес елдердің кӛптеген халықтарын
жаулап алды. Енисей қырғыздары мен буряттардың жерлері тартып алынады,
Ҧйғырдың Тҧрфан бектігі моңғол бодандығын ӛз еркімен қабылдайды. Цинь
империясының әскерін талқандағаннан кейін, моңғолдар Солтҥстік Қытайды
басып алады.
Шыңғысханның келесі міндеті батыс елдерін – Орта Азия мен Иранды,
Таяу Шығыс пен Кавказдың ар жағын, Шығыс Еуропаны жаулап алу болады.
Моңғолдар Жетісуды ешбір қарсылықсыз басып алады. Сегіз жыл ел
басқарған найман билеушісінің (Кҥшлік-хан) Хорезмшах Мҧхаммедпен және
қарлҧқ билеушісімен болған соғыстары Жетісу тҧрғындарын қажытқан еді.
Кҥшліктің мҧсылмандарды қудалауы да халықтың ашу-ызасын туғызды,
сондықтан да дінге қысым кӛрсетпейміз деген моңғолдар қҧтқарушы ретінде
қарсы алынды. Мҧхаммед Хайдар Дулати келтірген мәліметтерге қарағанда,
Кҥшлік-хан исламды уағыздаған бір ғҧламамен айтысады. Ол исламның хақ
дін екендігін Кҥшлікке дәлелдеп береді. Бҧған ыза болған әрі христиан
ілімінің артықшылықтарын қорғай алмаған Кҥшлік ислам қҧндылықтарын
мойындағысы келмей, ғҧламаны қала қақпасына айқыштап керіп ӛлтіреді де,
оның денесін алуға ҧзақ уақыт рҧқсат бермейді. Мҧндай оқиғалар әрине
жергілікті халықтың наразылығын туғызған еді.
Бҧдан бҧрынырақ 1210-1211 жылдары қарлҧқ билеушісі Арыслан хан
Шыңғысханның қоластына ӛткен болатын. 1217 жылы ҧйғырлардың
билеушісі Бҧзар да моңғол ханының вассалына айналған еді. 1218 жылы
Баласағҧн қаласы моңғолдарға соғыссыз беріледі.
Шығыс Тҥркістан мен Жетісуды басып алу моңғолдарға Оңтҥстік
Қазақстан арқылы Орта Азияға шапқыншылық жасауға жол ашты.
Бҧхараға қарай негізгі кҥшпен жылжыған Шыңғысхан Отырарды алу
ҥшін Шағатай мен Ҥгедейге бірнеше тҥмен әскер қалдырып кетеді, алты
айдан кейін Отырар кҥйрейді. Сырдарияның жоғарғы және тӛменгі жағына,
сондағы қалаларды бағындыруға, егер қарсылық кӛрсеткен жағдайда
қиратуға бҧйрық алған моңғолдардың бірнеше отряды жіберілді, нәтижесінде
Сығанақ, Асанас, Жент, Янгикент қалалары басып алынды.
Сӛйтіп, 1219-1224 жылдары моңғол басқыншылығы салдарынан
Қазақсан Шыңғысхан империясының қҧрамына енеді.
Достарыңызбен бөлісу: |