Қазақстан моңғол империясының құрамында. Қазақстан аумағы ҥш
моңғол ҧлысының қҧрамына енді: оның дені (далалық жағы) – Жошы
ҧлысына, Оңтҥстік және Оңтҥстік-Шығыс Казақстан – Шағатай ҧлысына,
Солтҥстік-Шығыс бӛлігі – Ҥгедей ҧлысына кірді. Жошының еншілігі
Ертістің батысынан Жетісудің теріскейін қамтып, Дешті-Кыпшақтың бҥкіл
шығысын Тӛменгі Еділ бойына дейін алып жатты. Шағатай ҧлысы жоғарыда
айтылған жерлер ҥстіне Шығыс Тҥркістан мен Мауераннахрды қосып алды,
Ҥгедей – Батыс Моңғолия мен Жоғарғы Ертіс, Тарбағатай аудандарын
биледі.
272
Шыңғыс әулеті ӛз ҧлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты.
1227 жылы Шыңғысхан дҥние салғаннан кейін, бҧл ҧмтылыс кҥшейе тҥседі
де, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге бӛлініп кетеді.
Шағатай ҧлысында, ең алдымен Жетісу аумағында билікке ҥміткер
Шағатай мен Ҥгедей ҧрпақтары арасында толассыз соғыстар болып тҧрды.
Ӛзара қырқыстарға Шыңғыс тҧқымдарының бірін қолдаған кӛшпелі
феодалдардың топтары да қатысты.
ХІҤ ғасырдың бірінші жартысындағы Хайду мирасқорлары арасындағы
ӛзара қырқыстар Жетісуға экономикалық зардаптар алып келді. Бҧл жӛнінде
Махмҧд ибн Уәли ӛз шығармасында толымды тҥрде кӛрсетіп кеткен.
Бҧл процесс одан бҧрын басталған болатын. Моңғол шапқыншылығы
қалалық мәдениетті қиратпағанымен, оған біршама ауыртпалықтар әкелді.
Орасан зор армияның ӛңір жерімен жҥріп ӛтуі егіншілік алқаптардың
гҥлденіп тҧра беруіне кері әсерін тигізді.
Жошы қайтыс болғаннан кейін (1225 жылы) оның орнын ҧлы Бату
(Батый) басады. Ол Дешті-Қыпшақ пен Еділ бҧлғарларының жеріне, одан әрі
Батыс елдеріне жаулау жорығын жасайды. Орыстың аса ірі кінәздіктері
талқандалып, Польша, Венгрия, Чехияны және басқа елдерді талап,
қҧлазытады. Жеті жылдық жорық нәтижесінде (1236-1242) Батыйдың
қоластына Еділдің батысынан Дунайдың тӛменгі жағына дейінгі жерлер
қарайды, әрине оның ішінде Қырым, Солтҥстік Кавказ бен Батыс қыпшақ
(половцылар) даласы да кіреді. Еділдің тӛменгі бойына қайта оралған Бату
бҧл арада жаңа мемлекеттің негізін салады, ол кейінірек Алтын Орда деп
аталады. Оған Жошы ҧлысының аумағы Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен
Батыс Сібірдің бір бӛлігі, сол сияқты жаңадан жаулап алынған жерлер кіреді.
Батухан негізін салған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ҧлысы, сол
сияқты Жошы ҧрпағы хандарының атымен (Бату ҧлысы, Берке ҧлысы, т. б.)
деп аталады. Ҧлыстың астанасы Сарай-Бату (Астраханға жақын жерде),
кейінірек Сарай-Берке қалалары болған.
Алтын Орда кӛп ҧлтты мемлекеттік қҧрылым еді. Ол қоғамдық-
экономикалық дамуының деңгейі жағынан бір-бірінен айырмашылығы
ҥлкен, ӛзіндік мәдениеті мен әдет-ғҧрыптары бар әралуан халықтар мен
тайпалардан қҧралды. Дешті-Қыпшақ даласындағы кӛшпелілердің басым
кӛпшілігі ең әуелі қыпшақтар, сосын барып қаңлылар, қарлҧқтар, наймандар,
т.б. болған еді. Алтын Орданың отырықшы облыстарында бҧлғарлар мен
мордвалар, орыстар мен гректер, шеркестер мен хорезмдіктер, т. б. тҧратын.
Ордадағы моңғолдардың ӛздері тіпті аз еді, ал XIII ғасыр соңында және XIV
ғасырды моңғолдар іс жҥзінде тҥріктеніп кеткен еді.
Алтын Орданың мемлекеттік қҧрылымы тҧтас алғанда Шыңғысхан
енгізген ҥлгінің ізімен жҥрді. Мемлекет Жошы ҧрпағынан шыққан
хандардың меншігі саналды. Аса маңызды мемлекеттік мәселерді шешу ҥшін
билеуші әулет мҥшелері бастаған ақсҥйектердің жалпы жиналысы-қҧрылтай
шақырылды.
Моңғол шапқыншылығы мен оның ӛктемдігі Жетісу мен Оңтҥстік
Қазақстанның қалыптасқан шаруашылығы дамуының экономикалық негізін
273
қиратып, осынау аудандардың бірігу процестерін баяулатты, олардың ӛзара
шаруашылық, этникалық, мәдени жағынан бір-біріне және тӛңірегіндегі
далаға әсер етіп, араласып-қҧраласып кетуіне кері әсерін тигізді.
Бағындырылған елдердің кӛшпелі және жартылай кӛшпелі жҧрты Шыңғыс
әулетінің ҧлыстарына енеді, сӛйтіп ондық, жҥздік, мындықтарға және
басқаларға бӛлінеді жӛне бҧл істе жергілікті халықтың рулық-тайпалық
қҧрылымы қатты ескеріледі, бҧл әрине оның жаңа орынға ҧзақ уақыт
тҧрақтап бекіп қалуын қамтамасыз ететін манызды фактор болатын.
Моңғол басқыншылығының апатты зардаптарымен бірге, кейбір
жағымды жақтары да болғандығы белгілі. Моңғол ҥкіметтері сауда-саттық
пен халықаралық байланыстың дамуына жағдай жасайды, жер-жердің
бәрінде пошта және кӛлік қатынасы қызметінің тҧтас жҥйесін енгізеді. Бҧрын
алыс қиянда жатқан халықтар арасында сауда және мәдени байланыстар
орнатылады. Ҧлыстар аумағымен сауда керуендері, елшілік миссиялары
ағылып жатады, саяхатшылар ит арқасы-қияндағы ӛлкелерге сапар шегіп,
Еуропаға Азияның бҧрын қҧлақ естіп, кӛз кӛрмеген елдері мен халықтары
туралы мәліметтер жеткізеді. Әмір Темірдің ірі ҥш жорығынан кейін (1389,
1391 және 1395 жылдары) Алтын Орда кҥйрейді. Алтын Ордағы жорығы
кезінде Әмір Темір әскерлері Қазақстан, Кавказ, Оңтҥстік Русь тҧрғындарын
аяусыз тонады. Батыс Қазақстандағы, Еділ мен Қырымдағы Алтын Орданың
бірқатар ірі қалалары қиратылды.
Ақ Орда мемлекеті. Шығыс Дешті Қыпшақ аумағын ХІІІ ғасыр мен ХV
ғасыр бас кезінде Ақ Орда мемлекеті алып жатты.
Рашид әд-Диннің жазуына қарағанда (XIV ғ.), Жошы ҧлысының шығыс
бӛлігін (сол қанатын), әкесінің кӛзі тірісінде, ҥш інісімен бірге, Жошының
ҥлкен ҧлы Орда (Орда Ежен, Орда Ичен) алады. Бату хан ҧрпақтарына
номинальды тҥрде вассал болғанымен, Орданың мирасқорлары іс жҥзінде
дербес билеушілер еді.
Орда Еженнің ҧлысына әуелгі кезде Жетісудің солтҥстік-шығыс бӛлігі,
Ертіс ӛңірі, Ҧлытау мен Кентауға дейінгі дала кіреді. Жайық, Ырғыз, Торғай,
Тобыл мен Сарысу ӛзендері алқаптарында, Арал ӛңірінің даласы мен Тӛменгі
Сырдария бойында Жошының тағы бір ҧлы – Шәйбанның ҧлысы болды.
Енді Ақ Орданың саяси орталығы Қазақстанның оңтҥстігіне кӛшеді де,
Сығанақ қаласы астанаға айналады.
Әсілі, осы оқиғаға байланысты мемлекеттің аты ӛзгергенге ҧқсайды:
бірқатар зерттеушілер Қазақстан жеріндегі осы бір мемлекетті Кӛк Орда деп
атайды. Тегі, Орда Ежен иелігінің аты бастапқы кезде Кӛк Орда, ал
Шәйбанның ҧлысы – Ақ Орда деп аталса керек (бәлкім, Бату ханның бҥкіл
иелігі – Шәйбан ҧлысын да қоса – Ақ Орда деп аталған шығар). Шәйбан
ҧлысы Орда ҧрпақтары иелігі қҧрамына кіргеннен кейін, бҥкіл мемлекет Ақ
Орда деп аталып кетеді. Тарихи деректерде бҧл атау XV ғасырдан бастап
белгілі.
Ақ Орда дербес мемлекет ретінде, моңғолдан кейінгі кезеңде,
шаруашылық қайта тҥлеп жаңғыра бастаған, жергілікті тҥрік және
тҥріктенген ақсҥйектер рӛлі кҥшейген жағдайда қалыптасты. Онда ежелден
274
Қазақстан даласын мекендеген тҥрік тілді тайпалар және Шыңғысхан
шапқыншылығы кезінде шығыс аудандардан осы араға ауып келгендер
тҧратын.
Ақ Орданың саяси тарихын ҥш кезеңге бӛліп қарастыруға болады.
Алғашқыдағы Ақ Орданың саяси тарихы Шығыс Дешті Қыпшақ жерін
Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы ҧзақ кҥреспен ӛтеді, кейінірек
Ақ Орда хандары Алтын Орда ісіне араласып кетеді, ал ӛз тарихының соңғы
тҥйінді (ҥшінші) кезеңінде Мауераннахр билеушісі Әмір Темір мен Темір
ҧрпақтарының басқыншылығына қарсы кҥреседі.
Алтын Ордаға сырттай тәуелді болудан бҧлар XIV ғасыр орта кезінде
Ерзен хан мен Мҥбәрак қожа (1320-1344) тҧсында ғана біржолата қҧтылады.
Ақ Орда XIV ғасыр 60-70 жылдары билік қҧрған Орыс-хан кезінде кәдімгідей
нығаяды. Темір жаулаушылығына қарсы кҥрестің негізгі ауыр салмағы соған
тҥседі.
Әмір Темірдің Ақ Ордаға қарсы саясаты этникалық бірлесуді және
мемлекеттілік дамуды тежеді.
Темірдің басқыншылық соғыстары мен ішкі талас-тартыстан XIV ғасыр
аяғы мен XV ғас бас кезінде Ақ Орда әлсіреп қалады. 1423-1428 жылдары
Орыс-ханның немересі Барақ біраз уақыт бойы Ақ Ордадағы ӛз әулетінің
билігін қалпына келтіреді, бірақ ол кӛп ҧзамай қаза табады, сосын Ақ
Орданың басым бӛлігінің билігі Шәйбан ҧрпағы Әбілхайырдың қолына
кӛшеді.
Саяси жағынан іс жҥзінде дербес, экономикалық жағынан тәуелсіз
болған, сыртқы саясатта ӛзіндік бағыт-бағдары, билеуші хандарының
әулеттік жӛн-жосығы бар Ақ Орда мемлекеттік бірлестігі XIV-XV
ғасырларда Қазақстан аумағындағы этникалық топтардың, тайпалар мен
халықтардың бастарын қосып, біріктіруде маңызды рӛл атқарды.
Моғолстан мемлекеті. Моғолстан мемлекеті ХІҤ ғасыр ортасында
Қазақстанның Оңтҥстік-Шығыс аумағында қалыптасты. Оған Орта Азия
солтҥстік-шығысы, Жетісу мен Шығыс Тҥркістан аумақтары кірді.
Моғолстанда аса ірі дулаттар тайпасының әмірі Болатшы бастаған
феодалдық тектілер 1347-1348 жылдары жаңа мемлекеттің хан тағына
Шағатай ҧрпағы Тоғлық Темірді отырғызады, ол Моғолстан билеушілері
әулетінің негізін салады.
«Моғолстан» тарихи-географиялық термині «моғол» атауынан шыққан.
«Моңғол» есімі Орта Азия мен Қазақстанда тҥрік және парсы тілдеріндегі
тарихи туындыларда «моғол» деп айтылып, жазылатын болған. Оңтҥстік-
Шығыс Қазақстанның, Қырғызстанмен Шығыс Тҥркістанның теріскей
бӛлігіндегі орасан мол аймақты Шағатай ҧлысының кезінде де тап осылай
деп атайтын, ӛйткені отырықшы-егінші Мауераннахрға қарағанда, мҧнда
кӛшпелілердің салт-дәстҥрі берік сақталғанды және бҧл араға ауып келген
моңғолдар саны басқа аудандардан гӛрі кӛбірек болатын.
Моғолстан мемлекетінің шекаралары ол ӛмір сҥрген кездері ҥнемі
ӛзгеріп тҧрды. Олар батыстағы Ташкент пен Тҥркістан уәлаяттарынан
шығыстағы Баркӛл мен Хами қаласына шейін, солтҥстікте Балқаш,
275
Тарбағатай мен Қара Ертістен оңтҥстіктегі Ферғана мен Қашғарияның егінді
аймақтарына дейін созылып жатқан «7-8 айлық жол» еді.
Моғолстан халқының қҧрамында тҥрік (дулаттар, қаңлылар (бекшіктер),
керейіттер (керейлер), ҥйсіндер және т.б.) және тҥріктенген моңғол
тайпалары бар болатын, олар «моғолдар» атты тҥрік тілді этникалық-саяси
қауымдастықты қҧрайтын. Мемлекеттің ӛзегін ҧзақ уақыт дулаттар қҧрады.
Дулат әмірлері Моғолстан хандарынан «он екі артықшылықтар» алған.
Моғолстанның саяси тарихында феодалдық соғыстар мен ішкі қырқыс,
кӛрші мемлекеттер тарапынан жасаған шапқыншылықтарды тойтару жағы
ӛте кӛп болған. Әсіресе Темірдің шапқыншылығынан жиі қорғануға тура
келді.
Темір жаулаушылығына қарсы жҥргізілген қанды кҥресте әл-дәрменнен
айрылған Моғолстан еншіліктерге бӛлініп кетеді. Елдің шығыс шебіне
ойраттар шабуыл жасауды жиілетеді (моңғолдардың батыс бӛлігі; Орта Азия
деректерінде «қалмақ» деп аталады). Уәйс-хан (арада ҥзілісі бар 1418-1428
жылдары ел билеген) олармен сан рет шайқасады. Ол ӛз ордасын Тҧрфаннан
Жетісудағы Ілебалық деген жерге кӛшіруге мәжбҥр болады.
Уәйіс-ханнан соң кҥн ӛткен сайын Моғолстаннан азып-тозу белгілері
кӛріне бастайды. Ішкі кҥрес-тартыста дулат бастаған ақсҥйектер тобы
жеңіске жетеді де, олар Уәйіс-ханның ҧлы Есенбҥғыны (1433-1462)
қолдайды. Есенбҧғы тҧсында, ХҤ ғасырдың 50-60 жылдары Шығыс Дешті
Қыпшақтан Жетісуға қазақтың Жәнібек пен Керей бастаған қалың бір бӛлегі
кӛшіп келеді. Сӛйтіп, уақыт ӛте келе Моғолстан жері Қазақ хандығының
алтын бесігіне айналды. Осында тҧрақтаған олар Әбілхайыр хандығынан
келген ру-тайпаларды қабылдап, кейіннен жеке мемлекет қҧрады.
Ал, Моғолстан иеліктер ҥшін ҥнемі болып тҧрған соғыстар салдарынан
келесі ғасырда толық кҥйреді. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары
біршама уақыттардан соң Қазақ хандығының қҧрамына енеді.
Әбілхайыр хандығы. XV ғасырдың 20 жылдары Қазақстанның байтақ
даласында Шәйбан ҧрпағы Әбілхайырдың хандығы қалыптасады. Ол Ақ
Орданың таралуы нәтижесінде қалыптасады. Тарихи әдебиеттерде бҧл
мемлекеттің «Кӛшпелі ӛзбек хандығы», «Ӛзбек хандығы» деген басқа да
атаулары бар.
1428 жылы хан тағына отырған Әбілхайыр дербес хандық қҧрып,
Қазақстанның далалық аудандарының орасан кең жеріндегі ӛкімет билігін
қырық жыл бойы қолында ҧстап тҧрды. Әбілхайыр хандығының аумағы
батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш кӛліне дейін, оңтҥстігінде
Сырдарияның тӛменгі ағысы мен Арал ӛңірінен, солтҥстігінде Тобылдың
орта ағысы мен Ертіске дейінгі ҧлан байтақ жерді алып жатты.
Хандықтың этникалық қҧрамы, Ақ Орда халқының қҧрамы сияқты,
кҥрделі болды. Бҧған, негізінен, жаңағы саяси бірлестікке кірген тайпалар
кірді. Олардың ішінен деректемелер қыпшақ, найман, маңғыт, қарлұқ,
Достарыңызбен бөлісу: |