Биохимия кафедрасы



Pdf көрінісі
бет44/79
Дата20.10.2023
өлшемі1,68 Mb.
#119857
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   79
Байланысты:
1часть-Биохимия уч.пос.каз - копия

4.
 
Пептидазалар(пептидгидролазалар), құрылымы, жіктелуі, каталити-калық 
әсері, орналасуы. 
Пептидгидролазалар топшасы белоктарға әсер етеді және пептидтік байланыстардың 
үзілуіне мүмкіндік туғызады. Ол 2 топшадан тұрады:
-
эндопептидазалар- белок молекуласының ішкі жағындағы пептидтік байланыстарды 
үзіп оны полипептидтерге дейін ыдыратады; 
-
экзопептидазалар- полипептидтердің соңдарындағы пептидтік байланыстарды үзіп 
оларды амин қышқылдарына дейін гидролиздейді. 
5. Эндопептидазалар, өкілдері, каталитикалық әсері, орналасуы. 
Эндопептидазалар - белок молекуласының ішкі жағындағы пептидтік байланыстарды 
үзіп оны полипептидтерге дейін ыдыратады. Өкілдері: пепсин, трипсин, химотрипсин, 
катепсиндер. Пепсин- активсіз пепси-ноген түрінде асқазан жасушаларынан бөлінеді. Тұз 
қышқылының әсе-рінен пепсиноген активті пепсинге айналады, ол белокты гидролиздеп 
полипептидтерге дейін ыдыратады. Трипсин активсіз күйде ұйқы безі-нен бөлінеді де 
энтеропептидазалармен 
активтенеді, 
ол 
аргинин 
мен 
лизиннен 
құралған 
-
диаминомонокарбон қышқылдарындағы пептидтік байланыстарды үзеді.Химотрипсин ұйқы 
безінде түзіледі, ол трипсин-мен активтеледі. Катепсиндер жасушаішілік ферменттер, 
қабыну немесе жасушаның өлуі кезінде активтенеді. 
6. Экзопептидазалар, өкілдері, каталитикалық әсері, орналасуы. 
Экзопептидазалар- полипептидтердің соңдарындағы пептидтік байла-ныстарды үзіп, 
оларды амин қышқылдарына дейін гидролиздейді. 
Өкілдері: 1)А және В карбоксипептидазалар- құрамында кофермент рө-лінде мырыш 
ионы бар күрделі фермент. Олар ұйқы безінде активсіз прокарбоксипептидазалар түрінде 
түзіледі де трипсинмен активтенеді. Пептидтердің С –соңынан амин қышқылдарын бөледі; 2) 
аминопети-дазалар жасушаларда және ішек сөлдерінде болады. Ол пептидтерден амин 
қышқылдарын N- соңынан бөліп шығарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет