Р витамині (рутин, биофлавоноидтар), химиялық табиғаты, биологиялық маңызы, авитаминоздары, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі. Химиялық табиғаты. Барлық биофлавоноидтардың құрамында дифенилпропанды
«көміртекті қаңқа» бар және негізінен хромонның немесе флавонның туындылары болып
табылады. Флавоноидтардың жеке өкілдері бір-бірінен молекуласындағы пропан үзіндісінің
тотығу дәрежесіне, сонымен қатар ароматты сақиналардағы гидроксил топтарының саны мен
орналасқан орнына байланысты ажыратылады.
Биологиялық ролі. Биофлавоноидтар дәнекер тінінің жасушааралық матриксін
тұрақтандырып, капиллярлар өткізгіштігін төмендетеді. Р витаминінің капиллярға беріктік
беретін әсері оның коллагеннің түзілуін реттеу қабілетімен (С витаминінің синергисі) және
дәнекер тінінің негізгі затының гиаруонидаза арқылы деполимерленуіне кедергі жасауымен
байланысты. Биофлавоноидтар аскорбин қышқылын тотығудан қорғайды және
дегироаскорбин қышқылын аскорбин қышқылына айналдырады. Р витамині тобының
көптеген өкілдері гипотензивті, седативті және атерогенді әсер көрсетеді. Рутин және
квертецин – Р витаминдік активтілікке ие полифенолдар, олар тиімді антиоксиданттар болып
табылады. Биофлавоноидтар жасушалардағы биологиялық маңызды қосылыстардың, соның
ішінде убихинонның түзілуіне жұмсалуы да мүмкін.
Авитаминозы. Гиповитаминоздың клиникалық көріністері: қызыл иектің қанауы, ұсақ
нүктелі қан құйылулар, жалпы әлсіздік, тез шаршау, аяқ-қолдарының ауыруы (қақсауы).
Табиғатта таралуы. Р витамині С витамині бар өсімдік тағамдарында кезедеседі. Қара
шетен, қара қарақат, алма, жүзім, шай жапырағы және итмұрын жемісі Р витаминіне бай.
Тазартылған витаминдік препараттарды қолданғаннан гөрі табии өнімдердің құрамында
металдармен комплекс түрінде кездесетін флавоноидтарды қолданған дұрыс.