Биохимия кафедрасы


Белоктардың биологиялық қызметтері



Pdf көрінісі
бет7/79
Дата20.10.2023
өлшемі1,68 Mb.
#119857
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   79
Байланысты:
1часть-Биохимия уч.пос.каз - копия

3.Белоктардың биологиялық қызметтері 
Белоктар алуан түрлі қызметтер: құрылымдық, тасымалдау, жиырылу, қорғаныштық, 
катализдік, реттеуші, электротрансформациялау, генетикалық ақпаратты тасымалдауға қатысу 
және тыныс алу) атқарады.
Құрылымдық
(пластикалық, 
тіректік) 
– 
белоктар 
өсімдіктердің, 
микроорганизмдердің, жануарлардың құрылымын қамтамасыз етеді. Олар жасуша және 
органелла мембраналарының құрамына кіреді. Тіндердің беріктігі мен құрылымын 
қамтамасыз ететін дәнекер тінінің коллагені мен эластині, сүйек оссеині, тері мен 
шаштағы кератин, қан тамырларындағы эластин кең таралған құрылымдық белоктар. 
Белоктардың катализаторлық қызметі
. Организмдегі метаболизм процестерінің 
жүру жылдамдығын анықтайтын биологиялық катализаторлар - ферменттердің барлығы 
белоктарға жатады. 4000 жуық ферменттер анықталған. 


14 
Қоректік. 
Амин қышқылдарының
 
жай заттардан
 
бірінші реттік синтезі тек қана 
өсімдіктерде жүруі мүмкін, сондықтан барлық алмастырылмайтын амин қышқылдары 
жануарлар организмінде қоректік заттармен түсіп отыруы қажет. Кейбір белоктар организмде 
биологиялық активті заттар түзуге жұмсалады. Дамып келе жатқан эмбрион үшін белоктар 
қорек көзі болып табылады (жұмыртқа, сүт, уылдырық белоктары және т.б.). 
Тасымалдау қызметі 
- белоктар суда ерімейтін заттарды – липидтерді, стероидтарды, 
майларда еритін витаминдерді, металдарды және т.б. заттарды қан ағысымен тасымалдау арқылы 
оларды нысана-органдарға апарады және осы заттардың мембраналар арқылы жасуша ішіне 
қарай тасымалдануына себін тигізеді. Тасымалдау қызметін (газдарды тасымалдау) гемоглобин 
де атқарады. 
Қорғаныштық қызметі
- организмнің қорғаныштық қызметін негізінен иммундық жүйе 
атқарады. Бұл жүйе арнайы қорғаныш белоктарын – антиденелер мен иммуноглобулиндерді 
организмге енген бактериялар мен бөгде заттарға қарсы жауап ретінде синтездейді. 
Белоктардың қорғаныштық қызметіне қанның ұюына қатысатын фибриноген белогының 
организмді қансыраудан сақтауы және кейбір улы заттарды өзіне қосып алуға қабілеттілігі 
мысал бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет