15
Элементтік құрамының біркелкі болуы.
Белоктар молекуласының құрамына енетін
элементтер мөлшері жағынан негізінен біркелкі: С-53%, О-22%, N-16%, Н-7%, S-2%.
Белоктардағы азоттың мөлшері өте тұрақты болады. Осыған орай 1 г азотқа сәйкес келетін
белоктың мөлшерін көрсететін коэффициент есептеліп шығарылған:
Белоктық коэффициент =
16
m
= 6,25
Белоктық коэффициенттің мөлшерін біле отырып, зерттелетін биологиялық заттың құрамындағы
азоттың мөлшерін 6,25-ке көбейту арқылы анықтауға болады.
Белоктардың молекулалық массасы 6000 дальтоннан (Д) ондаған млн. дальтонға дейін
жетеді (фагтардың белогы). Белоктардың массасы үлкен болғандықтан, олар агрегаттар түзуге
бейім болады. Қазіргі кезде белоктың молекулалық массасын анықтауда негізінен
гравиметрия, осмометрия, ультрацентрифугалау, гель-электрофорез, гель-фильтрация, гель-
хроматография әдістері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: