Биохимия кафедрасы



Pdf көрінісі
бет6/79
Дата20.10.2023
өлшемі1,68 Mb.
#119857
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
1часть-Биохимия уч.пос.каз - копия

ҚЫЗМЕТТЕРІ. 
БЕЛОКТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ. БЕЛОКТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ (ЖАЙ ЖӘНЕ 
КҮРДЕЛІ БЕЛОКТАР). 
Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар және олардың жауаптары 
1.
 
Белоктар туралы түсінік, амин қышқылдары – белок молекуласының 
құрылымдық бірлігі. 
Белоктар тірі организмде кең таралған және әр түрлі қызмет атқаратын, амин 
қышқылының қалдықтарынан тұратын жоғары молекулалы биологиялық полимерлер. 
Алғашқыда белок деп, жұмыртқаның сары уызын қоршап жатқан, тұтқыр, қыздырғанда 
қатайып, ақ түске айналатын затты атаған. Белоктарға берілген протеиндер (
protos
–маңызы 
өте зор) деген атау биологиялық маңызы бар зат екенін сипаттайды. Шындығында, өлі мен 
тіріні ажырататын белгілердің барлығы белоктармен байланысты (өзіне тәрізділерді түзе 


13 
алуы, жиырылуы, зат алмасуға қатысуы, құрылымының жоғары деңгейде ұйымдасқандығы, 
энергияны өзгерте және пайдалана алу қабілеті).
Табиғатта белоктардың алуан түрлілігі өте жоғары, астрономиялық сандармен 10
10
—10
12
дәрежесінде) белгіленеді. Бұл жануар организмдерінің 1,2х10

дәрежесіндегідей түрлері 
болатындығын қамтамасыз етеді, сонымен қатар массасының үлкен бөлігі белоктардың 
үлесіне тиеді. Адам денесіндегі құрғақ заттардың 50%-н белоктар құрайды. Әрбір ағза өзіне 
тән белоктарымен ерекшеленеді. Әсіресе жануарлардың тіндері мен мүшелері белокты 
заттарға өте бай келеді. Адам ағзасында белоктардың 100000 астам түрлері бар екендігі 
анықталған. 
Адам денесінің шамамен 45%-н, ал бұлшық еттің, өкпенің, көкбауырдың, бүйректің 
құрғақ салмағының 70-80%-ы белоктардың үлесіне тиеді. 
2. Амин қышқылдары, алмастырылатын және алмастырылмайтын, химиялық 
табиғаты, биологиялық маңызы, имин қышқылдары.
Адам белоктарының құрамына 20 амин қышқылы кіреді, олардың біреуі – құрамында имин 
тобы (NH) бар циклді имин қышқылы – пролин болып табылады. Физиологиялық маңызы 
бойынша амин қышқылдары алмастырылатын, шартты түрде алмастырылатын және 
алмастырылмайтын болып бөлінеді. Алмастырылмайтын амин қышқылдары (тре, мет, вал, лей, 
иле, лиз, фен, три) жануар организмінде синтезделмейді, сондықтан олар организмге тағаммен 
үнемі түсіп отыруы тиіс. Шартты түрде алмастырылатын амин қышқылдары (арг, тир, гис) 
организмде аз мөлшерде түзіледі, сол себепті бұлар да тағам құрамында болуы қажет. 
Алмастырылатын амин қышқылдары ағзада синтезделеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет