ГПО
- глутатионпероксидаза
ДАГ
– диацилглицерин
ДАО –
диаминоксидаза
ДЙТ -
дийодтирозин
ДНК
– дезоксирибонуклеин қышқылы
5
ДОАФ –
диоксиацетонфосфат
ДОФА –
диоксифенилаланин
ЖМҚ –
жоғары молекулалы қосылыстар
ИТФ –
инозитолтрифосфат
КА
– катехоламиндер
ҚСТ
– қышқыл-сілтілі тепе-теңдік
КТ
– кальцитонин
КФК
- креатинфосфокиназа
ҚСҚ –
қымыздық сірке қышқылы
ҚФ
– қышқылды фосфатаза
КҚМҚ –
көп қанықпаған май қышқылдары
ЛДГ
– лактатдегидрогеназа
ЛТГ
– лактотропты гормон, пролактин
ЛПЛ
– липопротеидлипаза
ЛПТ
– липидтердің пероксидті тотығуы
ЛГ
– лютеиндеуші гормон
ЛТ
- лейкотриендер
ЛХАТ
– лецитинхолестеринацилтрансфераза
мРНК
– матрицалық РНҚ
МАО
– моноаминоксидаза
МЙТ
– монойодтирозин
МКС
– минералокортикостероидтар
МПС
– мукополисахаридоздар
МСГ
– меланоцитстимулдеуші гормон
НАД(Н
2
)
– никотинамидадениндинуклеотид – тотыққан (тотықсызданған) формалары
НАДФ(Н
2
)
– никотинамидадениндинуклеотидфосфат – тотыққан (тотықсызданған)
формалары
ОЖЖ
– орталық жүйке жүйесі
ПАБҚ
– парааминобензой қышқылы
ПЖҚ
– пирожүзім қышқылы
ПГ
– простагландиндер
ПГо –
паратгормон
ПКС
– протеинкиназа С
РНҚ
- рибонуклеиновая кислота
СОД
– супероксиддисмутаза
6
СПИД
- синдром приобретенного иммунодефицита
СРБ
– С-реактивті белок
СТГ
- соматотропты гормон
СФ
– сілтілі фосфатаза
ТАГ
- триацилглицериндер
Т
4
– тетрайодтиронин
Т
3
–
трийодтиронин
ТТГ –
тиреотропты гормон
ТЖЛП
– тығыздығы жоғары липопротеидтер
ТӨТЛП
– тығыздығы өте төмен липопротеидтер
ТТЛП
– тығыздығы төмен липопротеидтер
ТФ
– тотығудан фосфорлану
ҮҚЦ
– үшкарбон қышқылдарының циклі
УДФ
– уридиндифосфат
УДФ-глюкоза
– уридиндифосфатглюкоза
УТФ
– уридинтрифосфор қышқылы
ФАД(Н
2
)
– флавинадениндинуклеотид тотыққан (тотықсызданған) формалары
ФМН(Н
2
)
– флавиномононуклеотид тотыққан (тотықсызданған) формалары
ФГ –
фибриноген
ФГА -
фосфоглицерин альдегиді
ФКУ-
фенилкетонурия
ФЛ-
фосфолипидтер
ФПН
2
–
тотықсызданған флавопротеиндер
ФСГ –
фолликулостимулдеуші гормон
ХМ –
хиломикрондар
ХСН –
холестерин
цАМФ
– циклді АМФ
цГМФ
– циклді ГМФ
ЦП
– церрулоплазмин
ЭДТА
- этилендиаминтетраацетат
ЭХ
– холестерин эфирлері
Р
онк
– онкотикалық қысым
GSH
– тотықсызданған глутатион
GSSG
– тотыққан глутатион
7
Алғы сөз
«Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы» 2006жылғы
Білім берудің мемлекеттік стандартына және биологиялық химиядан Типтік бағдарламаға
сәйкес жасалған.
Оқу құралына бөлімді оқытудың бағыттық кестесі, тақырыптың аты, пәнді оқу
барысында студент меңгеруі тиіс өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар мен олардың
жауаптары, студенттің өзін-өзі тексеруіне арналған жаттығулар мен жағдайлық есептер
енгізілген.
Ұсынылған оқу құралының басты мақсаты қазіргі уақыттағы биология мен медицинаның
іргелі ғылымдарының бірі – биологиялық химия курсын студенттердің өз бетінше оқып-білу
дағдыларын дамыту болып табылады. Бұл пән соңғы онжылдықтағы биология, технология,
медицинадағы дәуірлік маңызды ашылуларды – генетикалық кодтың және оның
экспрессиясын, осының негізінде гендік инженерия мен хирургияның дамуын сипаттайды.
Көрсетілген жетістіктер біржасушалы организмде адам организмінің белоктары – инсулин,
өсу гормоны, интерферон алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, анықталған генетикалық
бұзылыстарды дұрыстауға, сонымен қатар туа пайда болатын генетикалық ауруларды емдеу,
антенатальды және ерте постнатальды даму кезеңінде олардың алдын алу шараларын
жүргізуде зор мүмкіндіктер береді.
Биологиялық химия мен молекулалық генетиканың арқасында қатерлі ісікті ерте
диагностикалау мен оны емдеудің жаңа бағыттарын жасауға мүмкіндік беретін
канцерогенездің жаңа теориясы ашылды. Теломерлер мен теломеразаның ашылуы қатерлі
ісіктің өсуін реттеу мәселесін шешуге және қартаюды кері шегеруге мүмкіндік береді.
Ұрықтық жасушалардан организмнің жүйелерін клондау, «қосалқы» мүшелер мен
тіндерді өсіру, нейротрансмиттер мен биопептидтер көмегімен сананы және есте сақтауды
басқару, иммундық тапшылық мәселелерін шешу, мүшелер мен тіндерді қалпына келтіру,
бұл – біздің емханаларда жақын болашақта қолданылатын және емдеуді жаңа тұрғыда
жүргізудің бағыттары. Дегенмен, білімнің осы аталған шыңдарына жету үшін біздің
ағзамызды құрайтын биомолекулалардың құрылысын, қасиеттерін оқып-білуіміз,
метаболизмнің мәнін құрайтын молекулалардың сан алуан және таңғажайып өзгерістерін
білуіміз, заттар алмасуының реттелу механизмдерін, эндокриндік бездердің гипо- және
гиперфункциялары қандай метаболиттік және физиологиялық бұзылыстарға әкеп соғатынын
білуіміз қажет. Қанның және организмнің басқа да сұйықтықтары мен тіндерінің
биохимиялық құрамын білу олардың патологиялық жағдайдағы өзгерістерін диагностикалау
8
мен оларды түзетуге көмектеседі. Осы аталған жайттар болашақ дәрігердің клиникалық
ойлауын қалыптастырудың іргетастарының бірі болып саналады.
|