Биохимия кафедрасы



Pdf көрінісі
бет15/79
Дата20.10.2023
өлшемі1,68 Mb.
#119857
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   79
Байланысты:
1часть-Биохимия уч.пос.каз - копия

 
11.
 
Құнды және құнсыз белоктар.
 
Құнды белоктарға құрамында барлық 8 алмастырылмайтын амин қышқыл бар белоктар 
жатады. Егер белок молекуласында алмастырмайтын амин қышқылдарының ең болмағанда 
біреуі болмаса, онда ондай белок құнсыз деп аталады.
 
12.
Белок ерітінділерінің коллоидты қасиеттері. 
Белоктардың судағы ерітіндісі тұрақты, гомогенді, сондықтан оларды нағыз ерітіндіге 
жатқызуға болады. Белок жоғары молекулалы қосылыс болғандықтан оның судағы 
ерітіндісіне коллоидтық қасиет тән. 
 
Коллоидты ерітінділерге тән қасиеттер:
- белгілі бір оптикалық қасиет көрсетеді (белоктардың жарықты шағылыстырып, сындыру 
қасиетіне негізделген, Тиндаль конусы ); 
- диффузия жылдамдығының баяу болуы; 
- жартылай өткізгіш мембранадан өте алмауы; 
- ерітінділердің тұтқырлығы; 
- гель түзуі; 
-белок молекуласының беткі қабатында заряды және оны қоршап тұратын гидратты 
қабаты бар. Осы екі фактор белок молекуласына тұрақтылық береді.
Белоктардың осы көрсетілген қасиеттері практикада қолданылады. Белоктың оптикалық 
қасиетін нефелометрия әдісі арқылы анықтайды; олардың жартылай өткізгіш мембранадан өте 
алмауы төмен молекулалы қосылыстардан диализ әдісімен тазартуда қолданады; диффузия 
жылдамдығының баяу жүруі, ерітінділердің тұтқырлығы; гель түзу қабілеті белоктардың 
пішініне де тәуелді болады. Глобулярлы белоктар үлкен жылдамдықпен диффузияланады, ал 
фибрилярлы белоктар баяу диффузияланады. Тұтқырлығы жоғары белоктар гельді жақсы 
түзеді.
14. Белоктардың ерітінділерде тұрақтылығы неге неізделген? Тұрақтылық 
факторлары. 
Белок молекуласының беткі қабатында заряды және оны қоршап тұратын гидратты 


23 
қабатының болуына байланысты белоктар ерітінділері тұрақты болады. Оларды тұрақтылық 
факторлары деп атайды. Егер тұрақтылық факторларының бірін жойса, белок тұнбаға түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет