СЫН ЕСІМ § 61. Сын есім туралы түсінік. Тілдегі қолданылып жүрген есім сөздерінің бәрі де затпен байланысты
болады. Зат есім сөздері заттың, нәрсенің, заттық үғымның атауын білдірсе,
есім сездерінің бірқатары сол заттағы болатын белгіні білдіреді.
Ақ қағаз, қара тақта дегенде
ақ, қара сөздері нәрсенің түсін білдіреді.
Жақсы адам, жаңа киім дегенде
жақсы, жаңа сөздері нәрсенің сапасын білдіреді де,
тар жол , кең бөлме дегендегі
тар, кең сөздері заттың көлемдік белгісін білдіреді.
Ауыр жол, жеңіл жүк дегенде
ауыр, жеңіл сөздері заттың, салмақтың
сапасын білдіреді.Сол сияқты,
ұзын жол, қысқа жіп, биік үй, сұлу дене, әдемі киім, қараңғы түн, жарық ай, арық мал, семіз жылқы деген тіркестердегі
ұзын, қысқа, биік, сұлу,әдемі, қараңғы, жарық, жіңішке, арық, семіз сөздері де
өздерінен кейін айтылған заттың бір белгісін білдіріп тұр.
Сөйтіп,
заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін, салмағын тағы да осы сияқты бір белгісін білдіретін сөздерді с ы н е с і м дейді.
Сын есім сөздері
қандай?, қай? деген сұрақтардың біріне жауап береді.
Сын есім сөздері заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін, салмағын тағы да
басқа осы сияқты қасиеттері мен алуан түрлі белгілерін білдіреді де, сөйлемде
көбіне зат есіммен байланысты болады. Сын есімді зат есіммен
байланыстырып тұратын морфологиялық тұлға, арнайы қосымша
болмайды.Сондықтан сын есім сөзі зат есім сөзінің алдында іргелес тұрып,
қабысы байланысады. Сын есіммен байланысып тұрған зат есім сөзі көптеліп,
тәуелденіп, септеліп, морфологиялық тұлғасы жағынан өзгерістерге еніп, өзге
сөздермен әр түрлі синтаксистік байланыста тұрса да, сын есім сөзі өзгеріссіз
қалып отырады. Мысалы,
Соңғы жылдарда қалада