не мақсатпен?) деген көсемшелер
кірді, кетті
деген етістік баяндауыштарды
пысықтап тұр.
Көсемше етістіктер көмекші етістікке
тіркесіп айтылып , күрделі баянда-
уыштың құрамындағы баяндауыштық ұғымға ие болатын негізгі сөз ретінде
де қолданылады. Мысалы:
Келгендегідей басын болар-болмас иді де, Құрба-
нов тіс жарып жауап қатпастан шығып кетті.(Х. Е) Хош, сау бол , ей
ағайлар, біз келгенше.
113- жаттығу.
Мәтінді
оқып шығып, көсемшелерді тауып,
олардың қалай жасалғанын,
сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын айтыңдар.
1.Тәжімұраттың ес білгелі етегінен ұстап келе жатқан бір қағидасы бар
еді ( Х. Е. ). 2. Жанар орнынан тұрып, төр жақтағы бөлменің есігін ашып еді,
Шынтас шешініп, жатып қалыпты ( Т. Ахт. ). 3. Абай өзін де, айнала жұртты
да тегіс ұмытыпты (М. Ә. ) 4. Жүргіншілердің бұл кезде келіп тірелген жері –
Машан тауының желке тұсы екен. Алда Абылғазы бастап жортып келеді.
Оның қасында
қатарына ілесіп, әңгімелесіп келе жатқан-Ербол. Әлі күнге тың,
ширақ басып келе жатқан құла жирен атын Абай алдыңғы екеуінің артына
тақау бастырып, ілестіріп, қатты бір мең-зеңде келеді. Өзінің ауру-сауын да
айыра алмайды. Өне бой соққы жеген кісідей мылжа-мылжа (М. Ә. ).
Достарыңызбен бөлісу: