73
екен. Балықшы оны қолындағы жарағымен аулап ала алмайды. Көршісі Иван
деген балықшының жарағы, ау-жадырасы бар екен. Екеуі ыдысқа мініп келеді
де қортпаны аулап алады.
ІІ. Жылқы мінезіне қарай да қазақ тілінде тұрақты атаулар қалыптасқан.
Мәселен, жуас, асау, шәлкеш, үркек, тарпаң, шақар, қашаған, ерқашты,
тістеуік, тебеген, шабан, қырщаңқы. Май айының аяғында, жайлауға келіп
қонысымен бие бауы басталады. Әрбір бие байлайтын үй: желі, ноқта, қазық-
тоқпағына дейін дайындап, сәт деп есептелетін ашық күннің бірінде жылқы
келісімен желі тартып, саууға жарайтын биелердің құлындарын түгелдей
байлайды. Кейбір шәлкеш биелерді сауу үшін құлын ноқтасының сабағымен
биенің аттанар жақ алдыңғы аяғын тізесінен бүге көтеріп немесе мойнына
құрық салып қояды ( Х. Арғ. ).
Достарыңызбен бөлісу: