С ө з ж а с а м н ы ң л е к с и к а – с е м а н т и к а л ы қ т ә с і л і . Бұл тәсіл белгілі бір сөздердің жаңа мағынаға ие болуы, көп мәнді, ең
бастысы, омонимдік қатарда келуі арқылы жасалады. Сондай-ақ, кейбір
сөздердің о бастағы мәнін жоғалтуы, не болмаса, мағынасы әлсіреп, басқа бір
сөз табының қатарынан орын алуы да осы тәсілге жатады. Тіл білімінде
мұндай құбылыс
прономинализация деп аталады. Мысалы,
Біреу ән салып отыр деген сөйлемдегі
біреу сөзінің алғашқы, негізгі мағынасы –
бір -сандық
мағына болса, келе-келе бұл сөз
«әлдекім, белгісіз адам ) деген мағынадағы
есімдікке айналған .
Бұлақтың басы, көлдің жағасы, таудың етегі,үстелдің аяғы, екі аяқты мотоцикл, ұшақтың қанаты, алты қанат ақ үй деген
тіркестердегі
бас, жаға, аяқ, етек, қанат сөздерінің мағыналары да осындай
мағына ауысу жолмен жасалған.
Сөйтіп, жоғарыда қарастырылған үш түрлі негізігі сөз тудыру тәсілімен
жасалған жаңа мағыналы сөздер құрамына қарай, ең әуелі,
жалаң сөздер және күрделі сөздер болып екі топқа бөлінеді. Жалаң сөздер іштей
түбір сөз және туынды сөз болып бөлінсе, күрделі сөздер ішінара
біріккен сөз, кіріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз болып бөлінеді.
Тілдегі қолданылып жүрген сөздердің сыртқы көрінісіне қарай топталуын сөз т ұ л ғ а л а р ы дейді. Қазақ тіліндегі сөздер тұлғасына қарай мына сияқты бес түрге топталады:
1) түбір сөз, 2) туынды сөз, 3) қос сөз, 4) біріккен сөз, 5) қысқарған сөз.
Сөз тұлғасы деген түсінікке сөздің түлғалық көрінісін түрлендіретін, түбір
сөзге жалғанатын қосымшалар да енеді. Бірақ бұлар — сөз емес, сөз
бөлшектері, сөздің морфологиялық кұрамы.