50
теориясы»,- деген екен. Зерттеуші әдебиет теориясына қатысты еңбектер жазып жүрген
қазақ ғалымдары Қ.Жұмалиевтің, М.Қаратаевтың, З.Ахметовтің зерттеулерін де атап өтеді.
Әсіресе, әдебиет теориясынан Қ.Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы» мен Е.Ысмайыловтың
«Әдебиет теориясының мәселелері» зерттеулерінің оқырманға берері мол екені айтылады.
Көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлінің «Иірім» атты шығармасында Зейнолла
Қабдолов туралы жазылған естелігін оқып едім. Өз естелігінде Қадыр Мырза Әлі ұстаз
туралы былай деп тебірене жазады: «Университетте оқып жүрген кезімде сабағына
ықыласпен барып, лекцияларын сүйсіне тыңдаған, тыңдап қана қоймай, құлағымызға
құйып, көңілімізге тоқыған бір ұстазым сол Зейнолла Қабдолов. Басқасы басқа, ең бастысы
– Зекеңе сөз өнері қонудай қонған. Ағамыздың тауып айтқан тіркестері, тамаша
тұжырымдары бірден қанатты сөзге айналып жүре береді. Оның «Ғабитті мақтамау керек,
Ғабитпен мақтану керек» деген сүбелі сөзі әдебиетшілер арасында ғана емес, жалпы мәдени
ортада ауыздан түспейтін мағыналы мәтелге айналды.
З.Қабдолов А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыштағы» тіл тазалығы туралы
тұжырымдарына тәнті болады, тура қазіргі уақытты айтып отырғандай деген ой айтады.
Қазақ өлеңінің құрылысын талдау мақсатында кеңестік тұста біраз теориялық еңбектер
жазылды. Сол еңбектерді салыстыра оқысаңыз, көптеген пікірлер, тұжырымдар
А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» кітабындағы жіктеулерден алысқа кетпегенін
байқаймыз. Ол туралы З.Қабдолов: «Қазіргі қазақ өлеңінің теориясы Ахаңды аттап аяғын
нық баса алмайды. Өлең кестесін айшық деп атаған Ахаң оның ішкі сыры мен сыртқы түрін
түрлеп-түстеп шығады. Қазақ өлеңінің құрылысын талдап-тексергенде оның жүйесін,
ырғағын, ұйқасын сипаттай келе, айшығын әрлеп, шумағын түрлеген Ахаң атауларын
пайдаланбайтын бір де бір зерттеуші жоқ. Ахаң қисындары тәжірибеге осылай көшіп
отыр», - дейді.
З.Қабдолов А.Байтұрсынұлының талғамалы бунақтар, таңдамалы бунақ деген
терминді алғашында ол не екен деп таң қалғанын жазады да, орысша баламасын іздегенін
айтады. «Әдебиет танытқыштағы» талғамалы бунақтар дегені – цезуралар екен де,
таңдамалы бунақ дегені – клаузула екен ғой деп, соншалықты сұңғылалықпен
А.Байтұрсынұлының әлемдік терминдерді қазақы қалыпқа түсіріп, қазақы ұғым бергеніне
бас иеді. Зейнолла Қабдолов 1990 жылы жазған «Ахаңның әдеби қисындары» деген
еңбегінде А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» кітабына нағыз әдебиет теоретигінің
көзімен қарап, санадан өткізіп, қазақ әдебиеттануының теориясы осы бағытта жазылған
әлемдік талдаулардан еш қалыспайтынын дәлелдеп айтады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
"Әдебиет теориясы (1960-70 жж.). Классикалық зерттеулер 15-том
2.
https://www.tarbie.kz/11028
3.
https://turkystan.kz/article/57295-s-z-nerini-sa-la-y/
4.
https://adebiportal.kz/kz/news/view/qabdolov-qalyptagan-adebiet-teoriiasynyn-
negizderi__23926
Достарыңызбен бөлісу: