«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты



Pdf көрінісі
бет14/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   92
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


49 
З.ҚАБДОЛОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ 
 
Дильназ Көптілеу 
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенті-
Қызылорда қ., Қазақстан

Ғылыми жетекшісіТютебаева Ж М.Мәметова атындағы 
Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің оқытушысы,-Қызылорда қ., Қазақстан
 «Теңдесі жоқ кемел суреткердің қаламынан аз да болса саз болып, қапысыз 
сомдалған, қыздың баласындай сүйкімді, Қызырдың алақаны сипағандай, жан-
жүрегіңді елжіретіп қоя берер абзал да әсем прозалық шығармалары мына дүниеде 
талайды тамсантып, мәңгі қалмақ…»
Ә. Кекілбайұлы 
Зейнолла Қабдолов – жазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының 
докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның 
Халық жазушысы, Қазақ және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген ғылым 
қайраткері.
Зейнолла Қабдоловтың аты жазушы Мұхтар Әуезовтің атымен қатар аталады. 1945 
жылы мұнай саласында әке жолын жалғау үшін келген бозбала Алматыда М.Әуезовпен 
танысады. Тау-кен институтындағы сабағынан шығып, қазіргі ҚазҰУ-дағы М.Әуезовтің 
дәрісін тыңдауға жиі келіп жүреді. Кейін біржола мамандығын өзгертіп, жазушы-ғалымға 
шәкірт болады. 
Зейнолла Қабдолов 1950-2006 жылдары қазіргі әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық 
университетінде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, оқытушы болды. 
"Өткен ғасырдың елуінші-алпысыншы жылдары Мұхтар Әуезов пен Зейнолла 
Қабдолов еліміздің білім ошағының қарашаңырағы – Қазақ мемлекеттік университетінде 
қатар еңбек етті. Сол білім ордасында бірі аға, бірі іні болып 16 жыл өмір сүріпті. Бұл 
жылдар ақиық жазушы М.Әуезовтің қаншама жылдар жанын жеген қуғын-сүргін, өсек-аяң, 
ізін аңду, қудалау, уәжді сөзін теріске жору секілді жаманшылықтан құлағы тыншып, 
бірыңғай шығармашылыққа бет бұрған жұлдызды жылдары еді. Зейнолла Қабдоловтың да 
"Ұшқын", "Жалын" секілді романдары жарияланып, қоғамда үлкен ой тудырған, елдің 
аузында жүрген кезі болатын", - деп жазған Мырзатай Жолдасбеков. 
Тұңғыш көлемді шығармасы «Өмір ұшқыны» 1956 жылы қазақ, 1958 жылы «Искра 
жизни» повесі орыс тілінде жарық көрген. 
Мұнайшылар өмірінен жазылған 1964-2002 жылдары әдебиеттану ғылымы мен 
теориясын зерттеу, орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар жазу ісінде де 
жемісті еңбек еткен. Оның «Арна» зерттеу-сын-эссесі, «Жанр сыры», «Сөз өнері» 
монографиялары, «Жебе» әдеби толғаныстар мен талдаулары, «Көзқарас» талдаулар мен 
толғаныстары, «Әдебиет теориясының негіздері» атты еңбектері студенттер мен 
мұғалімдердің және жазушы-журналистердің қажет кітаптарына айналды. Ғұлама ғалым, 
ұлағатты ұстаздың “Әдебиет теориясының негіздері” атты монографиялық зерттеуі отыз 
жылдан астам уақыттан бері сөз өнерінің сыры туралы қолдан түспес оқулыққа айналды. 
1970 жылы филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін қазақ 
әдебиетінің теориялық мәселелері тақырыбында диссертация қорғаған. 1972 жылы 
профессор атағы берілді. Саналы ғұмырында Зейнолла Қабдолов қазақ тілінде әдебиеттің 
теориялық мәселелерін жан-жақты қарастырып, "Сөз өнері" зерттеу еңбегін жазды. Бұл 
еңбегі қазірге дейін филология факультеті студенттерінің білім көзіне айналып отыр. 
Сондай-ақ "Әдебиет теориясының негіздері" еңбегін жазды. 
З.Қабдолов «Әдебиет теориясының негіздері» зерттеуінің «Бастау» атты 
алғысөзінде: «Қазақтың әдебиет тану ғылымы туу, қалыптасу дәуірінен өткелі қашан! Бұл 
ғылымды бүгін де жас деуге де болмайды, бұл ғылым қазір жан-жақты даму, үздіксіз өсу, 
өркендеу кездерін бастан кешіріп отыр. Әлгі күнге кенжелеп келе жатқан сала – әдебиет 


50 
теориясы»,- деген екен. Зерттеуші әдебиет теориясына қатысты еңбектер жазып жүрген 
қазақ ғалымдары Қ.Жұмалиевтің, М.Қаратаевтың, З.Ахметовтің зерттеулерін де атап өтеді. 
Әсіресе, әдебиет теориясынан Қ.Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы» мен Е.Ысмайыловтың 
«Әдебиет теориясының мәселелері» зерттеулерінің оқырманға берері мол екені айтылады. 
Көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлінің «Иірім» атты шығармасында Зейнолла 
Қабдолов туралы жазылған естелігін оқып едім. Өз естелігінде Қадыр Мырза Әлі ұстаз 
туралы былай деп тебірене жазады: «Университетте оқып жүрген кезімде сабағына 
ықыласпен барып, лекцияларын сүйсіне тыңдаған, тыңдап қана қоймай, құлағымызға 
құйып, көңілімізге тоқыған бір ұстазым сол Зейнолла Қабдолов. Басқасы басқа, ең бастысы 
– Зекеңе сөз өнері қонудай қонған. Ағамыздың тауып айтқан тіркестері, тамаша 
тұжырымдары бірден қанатты сөзге айналып жүре береді. Оның «Ғабитті мақтамау керек, 
Ғабитпен мақтану керек» деген сүбелі сөзі әдебиетшілер арасында ғана емес, жалпы мәдени 
ортада ауыздан түспейтін мағыналы мәтелге айналды. 
З.Қабдолов А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыштағы» тіл тазалығы туралы 
тұжырымдарына тәнті болады, тура қазіргі уақытты айтып отырғандай деген ой айтады. 
Қазақ өлеңінің құрылысын талдау мақсатында кеңестік тұста біраз теориялық еңбектер 
жазылды. Сол еңбектерді салыстыра оқысаңыз, көптеген пікірлер, тұжырымдар 
А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» кітабындағы жіктеулерден алысқа кетпегенін 
байқаймыз. Ол туралы З.Қабдолов: «Қазіргі қазақ өлеңінің теориясы Ахаңды аттап аяғын 
нық баса алмайды. Өлең кестесін айшық деп атаған Ахаң оның ішкі сыры мен сыртқы түрін 
түрлеп-түстеп шығады. Қазақ өлеңінің құрылысын талдап-тексергенде оның жүйесін, 
ырғағын, ұйқасын сипаттай келе, айшығын әрлеп, шумағын түрлеген Ахаң атауларын 
пайдаланбайтын бір де бір зерттеуші жоқ. Ахаң қисындары тәжірибеге осылай көшіп 
отыр», - дейді. 
З.Қабдолов А.Байтұрсынұлының талғамалы бунақтар, таңдамалы бунақ деген 
терминді алғашында ол не екен деп таң қалғанын жазады да, орысша баламасын іздегенін 
айтады. «Әдебиет танытқыштағы» талғамалы бунақтар дегені – цезуралар екен де, 
таңдамалы бунақ дегені – клаузула екен ғой деп, соншалықты сұңғылалықпен 
А.Байтұрсынұлының әлемдік терминдерді қазақы қалыпқа түсіріп, қазақы ұғым бергеніне 
бас иеді. Зейнолла Қабдолов 1990 жылы жазған «Ахаңның әдеби қисындары» деген 
еңбегінде А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» кітабына нағыз әдебиет теоретигінің 
көзімен қарап, санадан өткізіп, қазақ әдебиеттануының теориясы осы бағытта жазылған 
әлемдік талдаулардан еш қалыспайтынын дәлелдеп айтады. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
"Әдебиет теориясы (1960-70 жж.). Классикалық зерттеулер 15-том 
2.
https://www.tarbie.kz/11028  
3.
https://turkystan.kz/article/57295-s-z-nerini-sa-la-y/  
4.
https://adebiportal.kz/kz/news/view/qabdolov-qalyptagan-adebiet-teoriiasynyn-
negizderi__23926  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет