27
ЗЕЙНОЛЛА ҚАБДОЛОВТЫҢ ҚАРАҚАЛПАҚ ХАЛҚЫНА ЫҚПАЛЫ
Шийрин Смамутова
Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттỉк университетỉ, қазақ тỉлỉ және
әдебиетỉ кафедрасының доцентỉ, филология ғылымдарының философия докторы (PhD)
Нүкіс қ., Өзбекстан
Зейнолла Қабдоловты қарақалпақ ғалымдарының бỉлмейтỉнỉ аз. Әр сөзỉн әдемỉ
өрнектеп, сөздỉң майын ағызып, балын тамызып сөйлейтỉн ақынжанды, бỉртуар ғалым
жайлы тамаша естелỉктерỉ аз емес. Қарақалпақ әдебиетỉнỉң көрнектỉ әдебиетшỉ ғалымдары
академик Х.Хамидов, А.Дәулетов, профессор Қ.Оразымбетов, К.Алламбергенов,
Қ.Жәрỉмбетовтар кемеңгер
ғалыммен дастархандас болып, оның әдебиет жайлы шешỉле
сөйлеген шешендỉгỉн жыр етỉп айтып отырады. Әдебиеттỉң сөз өнерỉ екендỉгỉн
З.Қабдоловтан артық мөлдỉрете жеткỉзген адам жоқ екендỉгỉн мойындайды.
Ұстаздық пен ғалымдықты, зерттеушiлiк пен сыншылықты қатар дамытқан ұлы
тұлғаның шығармашылығымен, адамилық болмысымен оқушылық дәуỉрден таныспын.
Өзỉм қарақалпақ қызымын, кең байтақ қарақалпақ даласының қазақтар тығыз орналасқан
ауылында туып-өскендỉктен қазақ сыныбында оқыдым. Қазақ тỉлỉ менỉң екỉншỉ ана тỉлỉме
айналды. Қазақ әдебиетỉ мен мәдениетỉне ғашық болып өстỉм. 8-сыныпта қазақ тỉлỉ және
әдебиетỉ пәнỉнен пән олимпиадасына қатысып, жүлделỉ орынға ие болғаным бар.
Алғашқы
жетỉстỉгỉме баладай қуанған қазақ тỉлỉнен дәрỉс беретỉн ұстазым Балтабай аға Айдаралиев
қолыма З.Қабдоловтың «Сөз өнерỉ» атты кỉтабын сыйға тартты. Содан бастап, Зейнолла
Қабдолов менỉң рухани серỉгỉме, ұстазыма айналды.
З.Қабдоловтың мектеп қабырғасында жүріп халық ақындарының айтысына
қатысқаны, өз қабілетін ғылыми - зерттеу жұмыстарында сынағаны туралы мәлỉметтердỉ
оқып қанаттандым. Мен де оқушылық дәуỉрден өлең, публицистикалық
мақалалар жаза
бастадым. Жазушының «Ұшқын», «Жалын», соңынан 1974-жылы «Біз жанбасақ» деген
ортақ атпен қайтадан шыққан кỉтабын жастана оқыдым. Мұнайлы өлкенің мол тынысы,
қажырлы адамдары, қиындыққа мойымайтын жỉгерỉ, қатыгез
табиғаттың шыңырауында
қазына көзін табушы нағыз батыр адамдары маған етене жақын адамдардай сезỉлетỉн.
Зейнолла Қабдолов ағамның дидарын көру бақыты маған студент дәуỉрỉмде
бұйырды. Өткен ғасырдың 80-90 жылдары қазақ ғалымдары бỉз оқыған Нөкỉс
педагогикалық институтының қазақ филологиясы бөлỉмỉ студенттерỉне келỉп лекция оқу
дәстүрỉ бар едỉ, Одақ ыдыраған соң бұл үзỉлỉске түсỉп қалды. Зейнолла ағайдың қоңыр әдемỉ
дауысы, күлỉмдеген жүзỉ көз алдымда. Оның лекциясын тыңдап отырғанда бүкỉл
аудиторияның атмосферасы өзгерỉп шыға келетỉн, Алматы көшỉп келгендей жайраңдап сала
беретỉнбỉз, қазақ даласын кезỉп кететỉнбỉз... Аузынан төгỉлген сөз емес, сұлу саз сияқты
жанымызды тербейтỉн.
Сырттай етене таныс, шығармаларына сусындап өскенỉммен
ауылдан шыққан ұяң қыз болғаным үшỉн, елпỉлдеп жанына барып, жақын араласпағаныма
әлỉ өкỉнемỉн. Ағайымызды әлỉ талай көремỉз ғой, лекцияларын тыңдаймыз ғой деген ой
болатын, бỉрақ алғашқысы да, соңғысы да сол боларын бỉлсемшỉ, әттең...
Зейнолла Қабдолов − жазушы, ғалым, теоретик, талай ғылыми-зерттеу еңбектерỉ мен
оқулықтардың авторы, ғылым докторы, тәжірибелі ұстаз ретỉнде ғана емес, азаматтықтың
биỉк идеалы ретỉнде санамызда қалды. Оның ұстаздары Мұхтар Әуезов, Қажым Жұмалиев
жайлы марқайып, мақтанып айтатын салмақты пікірлерỉ үлкен тәрбие екен. Жақсының
жақсылығын айту, ұлыларын ұлықтау нағыз азаматтың ỉсỉ деп ойлаймын.
Сөз зергерỉнỉң «Әдебиет теориясының негіздері», «Жанр ерекшелігі», «Сөз өнері»
атты еңбектерỉне осы күнге дейỉн үңỉлỉп, су астынан маржан ỉздегендей құныға оқимыз.
Еңбектерінің қай-қайсысы болсын, көркем әдебиет туындылары іспеттес өз ỉшỉне тартып,
сенỉ олжасыз қайтармайды. Жаңа бỉр тың пỉкỉрлер мен идеяларға жол сỉлтеп отырады,
ғалымның жазғанының, еңбегỉнỉң құны осы емес пе?...
28
Зейнолла Қабдоловтың «Жебе» деп аталатын жеке томдығында әдебиеттỉң
теориялық мәселелерỉ, шеберлік жайлы зерттеулерỉ
мен талдаулары, толғаныс,
тебіреністерỉ, тұстастары мен ұстаздарға арналған естелік-сырлары, замандас тұлғасы
жайлы парасатты ойларын тамаша өрнектейдỉ. Сол арқылы өзỉнỉң де сол ұлылардың сапына
қосылғанын ỉспен дәлелдеп тұрған сияқты. «Менỉң Әуезовỉм»
атты шығармасының
болмысы да ерекше. «З.Қабдоловтың әсемдỉк әлемỉ сұлу, әдемỉ, келỉстỉ. З.Қабдолов
әлемỉнỉң эстетикалық категориялары − елỉмỉздỉң мәдени-әлеуметтỉк құндылықтарының
асыл қорына қосылған мазмұнды да мәндỉ интеллектуалдық байлық».
Бỉр кездерỉ ұлылар тұрып лекция дәрỉстерỉн оқыған мỉнберге қазỉр бỉз көтерỉлдỉк.
Зейнолла ағаймен үзеңгỉлес, замандас болған, тỉптỉ оған шәкỉрт тұтынған бỉздỉң
ұстаздарымыз Ж.Қайырбаев, Е.Мергенбаев, Қ.Жұмажанов, Қ.Аралбаевтар да бүгỉн
арамызда жоқ. ХХ ғасырдың осындай ұлылар жиналған үлкен керуенỉ бабалар кеткен ұлы
керуенге ұласты.
Бỉз қазỉр жаңа ғасырдың жаңа адамдары, ғалымдарымыз. Көшỉмỉз де көлỉгỉмỉз де
жаңа. Бỉзге тарих қалай баға бередỉ, әрине, ол келешектỉң еншỉсỉнде. Бỉрақ, сол бұрынғы
ұстаздар бастаған дәстүрдỉ
жалғастыру, екỉ халық, ұлт арасындағы достық, әдеби
байланыстарды нығайту, келешек ұрпаққа аманаттау борышымыз екенỉн сезỉнемỉн.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Дәдебаев Ж. З.Қабдоловтың әсемдỉк әлемỉ. ӀӀӀ Қабдолов оқулары. Қазỉргỉ
әдебиеттану мен фольклористиканың теориялық және методикалық мәселелерỉ.
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Қазақ
университетỉ, 2010.
2.
Қабдолов З. Таңдамалы шығармалар. Екỉншỉ том. Сөз өнерỉ. – Алматы: Санат,
2003.
Достарыңызбен бөлісу: