«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


АБАЙТАНУ: ӨЛЕҢ МЕН ӨНЕРДЕГІ РУХ ЖӘНЕ З.ҚАБДОЛОВ ТОЛҒАМДАРЫ



Pdf көрінісі
бет5/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Байланысты:
kazak-adebiettanu

АБАЙТАНУ: ӨЛЕҢ МЕН ӨНЕРДЕГІ РУХ ЖӘНЕ З.ҚАБДОЛОВ ТОЛҒАМДАРЫ 
 
Зинол-Ғабден Бисенғали 
филология ғылымдарының докторы, профессор,Әл-Фараби атындағы Қазақ 
ұлттық университеті, e-mail:zinolgabden@hotmail.com-Алматы қ., Қазақстан 
Абайтану іліміндегі А.Байтұрсынұлы мен З.Қабдолов зерттеулерінің жалғастық 
сипаты мен ерекшеліктері, тәжірибелік мәні арнайы зерттелген емес. Сондықтан да бұл 
тақырып А.Байтұрсынұлы және З.Қабдолов шығармашылығы үшін ғана емес Абайтанудың 
өзегіндегі жаңа ойларға, зерттеулерге негіз боларлықтай жұмыс. 
А.Байтұрсынұлы Абай шығармашылығын оқу мен зерттеудің кейбір мәселелерін
1913 жылдн бастап айтқанмен оның «Ұлттың рухани көсеміне» айналуы кейінгі көптеген 
зерттеушілердің еңбектерінің нәтижесі.
«Ақжол» газетінің 1923 жылғы 4 ақпандағы санында жарияланған мақаласын 
Мұхтар Әуезов те Ахметтің демейді, «Ахаңның елу жылдық тойы» деп ата йды. Бұл да 
кегін емес: Мұхаңның өз сөзімен айтқанда «қазақ халқының рухани көсеміне» деген 
құрметі, ылтифаты». 
Солардың бірі ретінде оның бастауында тұрған М.Әуезов пен оның әріптес шәкірті
З.Қабдоловты де айтуға болады. Ол Абай шығармаларын, әсіресе, өлеңдерін зерттеуге
қырқыншы жылдар соңында келген. «Абайдың лирикалары» атты алғашқы зерттеулерінің
ғылыми ортады жоғары бағаланған. Алайда қарасөздеріне арналған еңбектері Абайтанудың
алғашқы жылдарында көп қозғалған, қарастырылған емес. Сондықтанда мына еңбек 
қарасөздер туралы зерттеулерге айрықша мағына қосады деп айуға болады. 
Зерттеудің ғалымдар мен Абайтануға ықыласты көпшілік назарын аударар тағы бір 
тұсы – Абай қарасөздерінің бейнелеу өрнегіне, құрылымына, құрлысына байланысы 
болмақ. Онда автор қысқа қайырылған мағыналық шағын мәтіндер астарындағы пікірлерді 
оқырмандардың өздеріне қалдыратындай. Тақырыпты ғана бастап, әрі жалғастыруды, 
тереңдетуді соларға ұсынатындай. Дәл осындай шығармашылық мақсатты тәсілді 
З.Қабдолов М..Әуезовке арнаған роман-эссесінде қолданады. 
Бүгінде қазақ қоғамы ғана емес, көптеген елдер мен халықтар назарын аударған 
роман-эссе, ХХ ғасырдың ұлы қаламгері М.Әуезов туралы бойгандықтан да, құрлысы мен 
құрылымында заманауи жаңа сипатты белгілер мол. Оның негізі – қарасөздерде. Ұлы Абай 
қолданған шағын мазмұндық ойларды түптей ұғуда көмегі мол, құпиясы, жұмбағы бар 
тәрізді үлгілерде. 
Мұнда өзекті күрделі тақырыптарды бейнелеуде ұлы ақын жиі қолданған 
салыстыруларда бір жұмбақтар байқалатындый. Мазмұн мен ойды қозғайтын сезімдердің 
шынайы өмірмен байланысының нәтижелерін құбылтады.., тереңдетеді. 
М.Әуезов айрықша бағалаған тұлға А.Байтұрсынұлы еді. Ол қазақ елінің заманауи 
тарихи-әдеби шындықтарын қазақ ұлты алдындағы ірі мәселелермен қатар қозғап, заманы 


14 
мүмкіндік берген деңгейде шешімдерін іздеп замандастары мен артынан ерген іні, 
шәкірттеріне азаттық пен бостандық жолдарының басты бағыттарын нұсқайды.
Әрі бұл мәселелердің ұлттық рух туралы екенін абайлап та, астарлап жазады. 
Ойларын ашық жазуға бұрынғы патшалық Ресей мен кейінгі Кеңес үкіметінің отаршыл 
сұрқия саясаты мүмкіндік бермеді. Сондықтан Ахмет Байтұрсынұлы оны Абайтану ілімінің 
негізгі бағыттарын көрсетіп берген «Қазақтың бас ақыны» (1913) мақаласында күрделі 
мазмұндарға көшіреді(2). Ұлттық рух туралы ойлар өнер атаулының, қай ұлт болса да 
негізінде болатынын көрсетеді. Бұл ойларды кезінде қазақ зиялы қауымының бәрі
мойындады, қолдады деп айтуға болмайтын шығар. Бірақ, М.Әуезов Абайтануға баратын 
басты жолды дұрыс айқындап, әлі елге белгісіздеу, бәлкім көпшілік көңіл аудара қоймаған, 
жаңа ілімнің, ұлттық рухтың қоғамдық сана ұшін маңыздылығын «қайран еліне, қазағына»
түрлі мазмұнды мәндермен жеткізді.
Оны З.Қабдолов: «Абайдың ұлт ақыны екендігі мұнымен де бітпейді. Абайдың ұлт 
ақыны екендігі сол өз өлеңдеріндегі ұлттық ерекшеліктердің бүкіл адамзат мәдениетіндегі 
биікке көтеріліп, бірлікке ұмтылуында жатыр,- деп анықтай түсе.., оны тереңірек түсіну 
үшін Абай өлеңдерінің мазмұны мен пішініне назар аудауымыз керек» - деп айқындайды. 
(Көзқарас». 
«Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ ол ауырлық – Абайдың 
айта алмағанынан болған кемшілік емес. Оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете
алмағанынан болатын кемшілік. Олай болғанда айып жазушыда емес, оқушыда...Оқушы 
сөзді сынаса, сөз оқушыларды да сынайды»-деген А.Байтұрсынұлының өзі Абай 
шығармалары ұлттық рухының мазмұны мен мәніне жету үшін он жылдай толғаныс үстінде 
жүрген екен. 
Әлихан Бөкейханұлы Абай өмірі мен шығармашылығы туралы «Семипалатинский 
листок»та жарық көрген мақаласында осы ерекшелік, туралы жаза келе А.Байтұрсынұлы 
мен Абай таныстығы туралы күрделі ойларын байқатады. Содан бастап олардың 
шығармаларының өзегіндегі басты идея ұлттық рух болғанын жазды ол. 
Одан бері ғасырдан артық уақыт өтті... Аз мерзім емес. Осы міндеттерді орындау- 
ға ол жылдарда қиындықтың көп болғаны шындық. Бірақ қазақ қалмгерлері 
шығармаларындағы ұлттық рухтың эстетикалық биік деңгейде көрінуіне 20 ғасыр 
басындағы қазақ қоғамдық санасы мен әдебиетінің аса көрнекті өкілдері Ә.Бөкейханұлы, 
Х. Досмағамбетұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Қ.Жұбанов, М.Тынышбайұлы, М.Әуезов, 
С.Садуақасұлы, М.Дулатұлы, Ж.Ақбайұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Ғ.Қарашұлы, т.б. қоғам
қайраткерлері - Алаш ұранды әдебиет өкілдері үлкен еңбек сіңірді
Бүгінгі абайтанушы ғалымдардың көптеген еңбектерінде ұлттық рухты тану және 
көркем әдебиетте бейнелеу басты темірқазыққа айналды. М.Мырзахметов, Ғ.Есім, 
Т.Жұртбай, А.Исмақова, Ж.Дәдебаев, З.Бисенғали т.б. 
Алаш ұранды әдебиеттiң көрнектi өкiлдерi мен олардың шығармаларын жүйелi 
түрде жоғары және орта мектептерде оқытуды проф. Р.Нұрғали ҚазҰУ-да 1987 жылдан 
бастап қолға алды.
1997 жылы "Санат" баспасынан жарық көретiн "Әуезов және Алаш" атты көмекшi 
оқу-құралы сол кезден басталған ойлардың жалғасы ғана: «Өнердегi ұлттық рухқа арналған 
еңбегiмдi "Әуезов және Алаш" - деп атауға бел байладым", - деп жазады қаламгер. 
Қазақстан ғылым академиясының іргетасын қалаушылардың бірі академик М.Әуезовтің 
ғылыми-педагогикалық жұмыстарын абайтануға байланысты маңызды мәселелерге 
арнағанын атап көрсетеді. Оның қазақ фольклорына, қазақ әдебиетінің өткен тарихы мен 
даму үдерісіне, туысқан қырғыз халқының атақты «Манас» жыры мен ұлы Абайға, күллі 
туысқан халықтар әдебиетіне арналған зерттеулері осы арналы ойларға бағытталған. 
Сондықтанда олар қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарға қосылған асыл қазына болды. Бұл 
осы тақырыпты тереңдей деректі, дәйекті зерттеудің нәтижелері.


15 
М.Әуезовтің кеңес үкіметінің кесір идеологиясына байланысты ашық айта алмаған 
ой-пікірлері мен идеялары күрделі мазмұндарға көшірген зерттеулері бүгінгі егемендік 
аясында күн өткен сайын жарқырап көріне бастады. 
Қазақ халқының классикалық өнер мен өлең мұрасын түсіну және әрі қарай дамыту 
А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ оқығандарынан басталуға тиіс деп жазды М. Әуезов 
«Ахаңның 50 жылдық тойы»» атты мақаласында: «Бірақ Ахаңның бұрынғы айтқан сөзін әлі 
қазақ баласы ұмытқан жоқ, өлеңіндегі белгілі сарын әлі ескірген жоқ. Әлі күнге қазақ 
даласының күшті сарыны болып, Арқаның қоңыр желімен бірге есіп шалқып жатыр» (5.14) 
А.Байтұрсынұлының 
50 
жылдығына 
арналған 
мақалаларда 
С.Сейфуллиннің,Т.Шонанұлының М.Дулатұлының.Ж.Аймауытұлының т.б. зерттеулерін- 
де ғалымның осында айтылатын ойлардың жалғасқанын аңғару қиын емес. 
Әлихан Бөкейханұлы Абай туралы ақынның көзі тірісінде 1903 жылы жазған. 1905 
және 1907 жылы жарияланған мақалаларында Абайдың балалары – Ақылбай, Турағұл, 
інілері Шәһкәрім, Кәкітайлар, досы – Көкбай т.б ақындармен жақсы таныс болғанын, 
маңызды тарихи деректерді солардан алғанын жазады. Оларда Ә,Бөкейханұлын ерекше 
қадірлеп, құрметтеген.
А.Байтұрсынұлы көркем шығарма, өлең жазатын адамның ерекше ұш қасиетін атап 
көретеді. «.Сөз жазатын адам әрі білімді, әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. 
1. Сөздің шырайлы, ажаралы болуы – ой шеберлігінен. 
2. Ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылық керек. 
3. Мағынала маңызды болуына білім керек.
Осы үшеуінің де Абайда барығын шығармаларын талдауда көрнекті қазақ 
ақындарына кездесетінін З.Қабдолов та «Сөз өнері» атты теориялық монографиясында
атап айтады.
Абай өлең жақсы болуға керек шарттардың бәрін білген. Сондықтан өлеңдері толық. 
Абай шығармаларының асыл болуы, әр нәрсенің түбін, тереңін табуына байланысты деп 
қарастырады. Асылын тануынан. Арғы тегінен, асылынан бастауынан. Мәселен, басқа 
ақындардың сөзге шеберлігі, шешендігі Абайдан кем болмаса да, білімі кем болғаны 
даусыз». 
Дәл осы тақырыпты тереңдей зерттеген академик Заки Ахметов Абайдың әлем 
әдебиетінен алған мұралары туралы маңызды ойларды ақын аудармалары туралы 
зерттеулерге айрықша мән беруден бастаған теріс болмас еді деген пікірлерден бастайды. 
Ғалым әдеби процеске ендi жаңа ғасырда өзгеше, жаңа концепциямен қарау қажеттiгiн 
айрықша ескертті. "XX ғасырдың бас кезiндегi қазақ әдебиетiнiң мәселелерi" атты ғылыми-
теориялық конференцияда З.Ахметов "ХХ ғасыр басындағы әдеби процесс және теориялық, 
методологиялык мәселелер" тақырыбында баяндама жасады. Мұнда арнайы айтылған 
мәселе - көркем шығармашылыққа байланысты байымдауларды ресми идеологиямен 
байланыстыра бермеу. Әдебиетiмiзге қосыла бастаған талантты тұлғалар мен олардың 
шығармалары XX ғасыр басындағы әдебиет тарихы туралы қалыптасқан пiкiрлердi 
түбегейлi өзгертедi». 
Ойшыл суреткерлерi бар қазақ әдебиетiнiң XX ғасырдың орта тұсыңдағы 
кемелденуiн тек кана дәстүр жалғастығымен де түсiндiруге болады. Бірақ әлем әдебиетімен 
байланыстарды ескермеу заман талабына сай келмейді. «Әлемдік әдебиеттің даму 
зандылықтарын салыстыра, салғастыра тереңдей талдау, зерттеу нәтижелерін шебер 
пайдаланған ғалымдар соларға сүйене заманауи қорытындылар жасайды». ХХ ғасырдағы 
әдебиетіміздің кейбір ерекшеліктері туралы З.Қабдолов байқаған кейбір негізгілері 
А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханов. М.Дулатұлы зерттеулерінде басталған талдауларда
дәйекті түрде көрсетілген. Абай өлеңдерінде бейнеленген озық ойлардың ақынның 
қабылдауының дара өрнектері екенін аңғару қиын емес деп жазады қаламгер. 
«Мен бір жұмбақ адаммын мұны да ойла деп» ұлы ақын тектен тек айтпаса керек! 
Абайды тану оқырманға байланысты - деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай ақынның сан 
түрлі жырларынан ұлттық рухтың дара бейнелерінен анық көруге болады. 


16 
Бұл қазақтың 20 ғасырдағы ұлы перзенті А.Байтұрсынұлының ұрпақтарына
аманаты, өсиеті!
Қазақ мектептері мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу 
құралдарын жазуда, оқытуда А.Байтұрсынұлы шығармаларын насихаттауды қолға алу 
керек. Басты мақсат - қазақ халқы ұлттық танымының мәнін, ерекшелігін, болашақ үшін 
маңызын ұлттық рухты қалыптастыруға арнау керек! Оны әдеби шығармалар мен өнер 
туындыларында бейнеленген көркем мазмұнның алтын арқауына айналдыру қажет екенін 
Зейнолла Қабдолов жиі айтатын. Бұл қазақ елі оқырмандары эстетикалық әсерлерінің
бағытын өзгертіп, өркениетті елдер классиктерінің шығармаларын жаңаша зерттеу 
ізденістер әлеміне сәйкес заманауи байламдарға жеткізеді деп отыратын. 
Классикалық мәдени мұраларын насихаттауды тұрақты түрде ойламаған мемлекет 
оны болашақ жоспардарына енгізуді құнттай бермейді. Бұл өте өкінішті әрі қауіпті бағыт. 
Өйткені мұндай мемлекет жастары мәдени мұраларындағы адамзат қоғамы туралы 
гуманистік ойларының тарихы мен көркем мазмұнындағы пәлсапалық өрнектерді ешқашан 
ұға алмайды. Ең өкініштісі осыны ескермеуге, мән бермеуге дайын тұрады. Көбіне бейкүнә 
тәрізді көрініп, беймаралдаққа бастайтын осы құбылыс өте қауіпті. Оның ақиқатқа апарар 
жол емесі анық. 
Акдемик жазушы, белгілі Абайтанушы З.Қабдоловтын «Парасат» журналына берген 
сұбхатында 
Абай 
шығармашылығындағы 
ұлттық 
рухты 
ақын 
парасатымен 
байланыстырады: «Абайсыз баратын жаңа ғасырда Абай парасатын еркін баурап, сана-
сезіміңе терең сіңіріп алмай тұрып, жаңа ғасырға құр далақтап дабырамен баратын қазақ не 
қасиет бар? 
Парасат байлығы деген осы. Қазаққа тек осы байлық – парасат байлығы ғана керек. 
Өзге байлықтың бәрі өзінде – елінде, жеріңде – тұнып тұр».
А.Байтұрсынұлының ұлттық рухқа жолы оңай болмағанын айта келе З.Қабдолов 
қазақ елінің саяси әлеуметтік халінің өте ауырлығын байқаған парасатты тұлға өз басына 
төніп келе жатқан қауіп түнегінен ығысқан жоқ ,- деп атап көрсетеді. 
Бұл туралы ұлы Әбіш Кекілбайұлы: «...Ахмет Байтұрсынұлының ендігі тағдыры
қыл үстінде тұрған халқының қамын ойлап, жанкешті жолға түсу мен азаматтық 
кемелділіктің мұншама шырқау биігіне көтерілуінің сырын тек тумысынан ерек қабілет пен 
абзал жүрекке ие азаматтың айрықша ыждаһаты мен мігірсіз ізденістерінен іздегеніміз 
орынды. Ол бір басының тәуекелімен бүкіл бір ұлт тәуекелінің түгел оянуы түрткі болды. 
Ол бір өлеңінде «Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп, бітпейтін жүрегімде бар бір жарам, 
алданып жегеніме оны ұмытсам, болғандай жегенімнің бәрі харам» - деп жазған. 
Қазақ мектептері мен жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдарында, 
оқулықтарда Абай шығармаларын насихаттауды ерте қолға алдық. Басты мақсаты қазақ 
елін сауаттандыру болды. Бұл мақсатты Ә.Бөкейханұлы, Х.Досмұхамедұлы т.б саяси күрес 
жолындағы қайраткерлер түгел қолдады. Мұнда көрнекті қаламгерлер мен қоғам 
қайраткерлерінің де үлестері болды. қосты. М.Әуезов, Б.Кенжебаев, С.Сейфуллин, 
Ж.Аймауытов, Қ,Жұмалиев, А.Нұрқатов, т.б. үлестері болды. 
Әлихан Бөкейханұлы мен А.Байтұрсынұлы қазақ халқы ұлттық танымының мәнін, 
ерекшелігін, болашақ үшін маңызын айта келе З.Қабдолов оңың бүгінгі және болашақ үшін 
ерекше маңызы Абай шығармаларында бейнеленген көркем мазмұнда екенін ескертеді. Бұл 
қазақ елі оқырмандары эстетикалық әсерлерінің бағытын өзгертіп, өркениетті елдер 
қатарына тез жеткізеді деген ойларға сенеді. Алайда Кеңес үкіметі отарлық саясатының 
сұрқия тәсілдері оған еш мүмкіндік бермегенін көрсетеді. 
Отарлық қамытын киген елдердің мәдени мұраларын насихаттауды ойламаған 
отаршыл мемлекет оны болашақ жоспардарына енгізуді қолдамақ түгіл ойланған да емес.
Отар елдер мәдени мұраларындағы адамзат қоғамы туралы гуманистік ойларды, 
пәлсапалық өрнектерді жоққа шығаруға, теріс көрсетуге ұмтылды. Ресми үкімет бет алған 
отаршыл бағыттарынан қайтпады. Тіпті орыс әдебиеті класситері А.Пушкин мен 
Ю.Лермонтов шығармаларынан кедейлер күресі туралы ештеңе таба алмай ілік іздеп, 


17 
оларды оқытуға, зерттеуге алғашында тиым салды да көп кешікпей амалсыз бұл ойлардан 
бас тартты. Алайда отарар елдерінің сауатты парасатты қайраткерлерін азаттық пен 
еркіндік аңсаған ойларын қудалауды үдетті. Абайтануды оқытудың қиындыққа ұшырауы
осындай саяси күрес мәселелерімен тура байланысты еді. 
Бірақ осы мәселенің бұлардан басқалау да бағыттары бар еді.
Абайтануды зерттеуші Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынұлы, М.Әуезов пен 
Б.Кенжебаев, Ж.Аймауытовтарды ХХ ғасырдың басында қудалаудың астыртын бағыттары 
сұрқия зорлықтарға толы болды. 
Абайтануды қолға алған ғалымдар ақын шығармашылығының өзегіндегі ұлттық рух
бейнелеріне соқпай өте алмайды. Тіпті «Абай жолы» эпопеясында М.Әуезов бойын билеген 
сезімдер туралы толғамды ойларын уақыт-кеңістік әлемінде бейнелей алған жоқ. Оның 
басты себебі кеңес идеологиясының кесірлерінен сақтану еді.
Дүниетанымдық ойларында үкімет саясатын ескермеудің салдарларын жақсы 
білетін қаламгерлер оған қарсы күресудің небір әдістерін де тапты. Мұндай тәсілдерді 
өздерінің дара ойларын жеткізуде талантты қаламгерлер сәтті қолданған
З.Қабдолов «Менің Әуезовім» роман эссесінде ұлы ұстазы М,Әуезов те қолданған
осындай тәсілдердің кейбірін пайдаланады. Оны қаламгер көркем мазмұнда, мәтінде ғана 
емес, роман құрылымында да шеберлікпен қолдаланады.(18) Әрі осындай тәсіл 
қаламгердің көптеген шығармаларында кездеседі. Мәселен, роман-эсседе көптеген 
тараулар, дәлірек айтқанда шағын тараушалар, өте шағын үлгіде, екі үш сөйлемдермен ғана 
беріледі. Мұндай үлгіде берілетін мазмұнды роман-эссенің көптеген беттерінен көруге 
болады. 
* * * 
Мәселен, З.Қабдолов: 
«Абайдың ақандығы» мақаласында: «Абай өзінің бір өлеңінде (Өлсем орным қара 
жер) былай жазады:
Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім, 
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! 
Осы екі жолда ақын өмірінің ащы шандығы жатыр». 
Ақын өлеңдері туралы басты ойдың дара көрінісі, осы өте шағын үлгіде, автордың 
мақсатын аңғауға болатын маңызды тарауша ретінде берілген... 
Дәл осындай шағын үлгі келесі бөлікте де қолданылған: 
* * * 
«Ол халқының жарқын келешенгіне сенді және оның кетігін тауып қаланар кірпіші 
– жастар деп білді. Ақылы мен өсиетін соларға арнады. Бір өлеңінде: 
Жасымда ғылым бар деп ескермедім, 
Пайдасын көре тұра тексемедім.., десе
Келесі бір өлеңінде: ...Сен де бір кірпіш дұниеге, 
Кетігін тап та бар қалан! – 
деп тоқтайды... 
Қазақ халқының алғашқы ағартушылары Ш.Уалиханов пен Ы.Алтынсариннің игі 
мақсатын ілгері жалғап, прогресшіл идеяланын одан әрі өрістеткен мұндай тамаша түйінді 
кемеңгер Абай ғана жасай алды »
(Бұл үзінділер З.Қабдоловтың 1950 ж. жазған мақалаларынан және З.Қабдолов 
«Менң Әуезовім»роман-эсссінен) 
Мұндай шағын үзінділермен аталған роман-әсседе жиі ұшырасады. Мысалдарды 
өте көп келтіруге болады. 
Өмірінің қиын бір шақтары туралы жоғарыда аталған роман эсседе М.Әуезовтің өз 
аузымен айтылған мына үзінділерді келтірген. Ташкент қаласында өткен Азия, Африка 
жазушылары бас қосқан мәжілістегі кездесулерде: «Ташкент менің қуанған кезімнің де, 
қураған кезімнің де куәсі»,-деп ерекше тебіреніске толы сөздер айтады... 


18 
Камерун жазушысымен әңгімеде: «бодандық құрымай өмір де өнер де болмайды» 
дейді. Бұл отаршылық жайында қаламгер ашық айтқан пікірлердің бірі болатын. Өзі отар
елдің қаламгері бола тұра (Қазақстан да осы кезде Ресей отарының бірі еді.), мұндай 
пікірді шетелдік жазушыға айтулың өзі қаламгер ерлігінің бір көрінісі тәрізді.
* * * 
Романнан тағы бір үзінді: « ...Мұхаң маған бір қиын сұрақ қойды. 
«Өзің білесің, мен Құнанбайдың аузына «Адамның құны не болса, міні
де сол болады» деген сөз салдым. Соңғы бірер жылда, әсіресе маған Лениндік
сыйлық бергелі өз елімізде де, шет елдерде де тек қана менің шығармаларымның құны 
туралы айтылады, жазылады. Ал енді менің шығармаларымның міні, демек суреткер 
ретінде менің өзімнің мінім туралы сен не айтар едің? 
Сонымен талайдан іңдеткен пікірі болса да, жас жазушы батапқыда алып тұлғаның 
алдында жалтақтай жүрексініп, тұтыға тосылып қалады. «Ашық айт!» деген соң ғана 
ойындағысын жайып салады. 
Айтсам,.. Сіздің қазіргі мініңіз біреу-ақ..., Жазғаныңызды қолмен емес, машинкаға 
айтын жаздырасыз. Менің ойымша, көркем шығарманы, орысша айтқанда «диктовкамен» 
жазуға болмайды, Тек қана қолмен жазу керек. (Осының әсері «Абай жолында бар ма 
екен?.. - З. Б.) 
Бәлі, сен батыл да айттың, батыл сөйлеп ақыл да айттың. Жалғыз-ақ соған өкінбе!..» 
Осымен ұлы жазушы мен шәкірті арасындағы шағын диалог бітеді. Бірақ, қазір біз 
бұған өкінеміз...тек біз үшін ғана емес. Өнер сүйетін барша адамға маңызы зор бұл диалог 
осымен аяқталады. Ұстаз бен шәкірт бұл туралы ешкімге айтпай кетті...
Бір қызық ой З.Қабдолов Абай ақындығы, шығармашылығы туралы зерттеулерге
қырқыншы жылдар соңына таман кіріседі. Мектептің соңғы жылдарынан бастап өлең 
жазып, ақындар айтысына араласып елге таныла бастаған қабілетті талапкер, Абай 
шығармашылығы мен өлеңдері туралы Әуезов лекцияларын тыңдаған талантты жас, 
ұстазының жетекшілігімен «Абайдың лирикасы» тақырыбында студенттер шығармалар 
жарысында қатысып, Қазақстанда үздік танылып, бұкілодақтық студенттер жарысында,
Мәскеуде, жоғары орын алған. Талапкер неге осы тақырыпты, Абай шығармашылығын әрі 
қозғамады, тереңдемеді екен дегендер... ойлантады. 
Бұл тақырып Абайтануда кең көлемді, мол қазына іспетті. Биігіне көтерілу 
қаншалықты қиын болса. тереңіне бойлау да соншалықты. Мұны сыры шексіз, 
таусылмасйтын асыл мұра деп сол жылдарда З.Қабдоловтың өзі де талай жазды. Ендеше 
неге осы тақырыпқа, ақын өлеңдерінің құпияларына тереңдемеген?
Сірә, «дарияның тұсынан құдық қазбас болар» демекші ұлы ұстазының зерттеу 
еңбектерінің басты арнасы болғандықтан.., тоқтаған болар деп ойладым. Әрі тап осы
жылдары қаламгер роман жанрымен шұғылдана айналысып, «Ұшқын», «Жалын» атты 
роман жазады және т.б. шығармашылық мәселелері көбейе бастайды... 
Көрнекті қаламгер Т.Әлімқұловтың Абай шығармашылығына арналған «Жұмбақ 
жан» монографиясы бар. Зерттеу - сөз құдіретіне бас иетін көрнекті қаламгердің ұлы ақын
шығармашылығы туралы ой-толғаныстарынан, оның өлеңдері мен сан мәрте сырласуынан
кейінгі тебіреністерінің түйіні іспетті шығарма.
Әрі ол толғаныстардың негізі Мәскеу қаласында, сол жылдарда әлем және орыс 
классикасымен жете танысу арнасында дүниеге келген. Қаламгердің Абай
шығармаларының поэтикасы туралы ойларының сілемдері бақалатын зерттеулер. Мұның 
бәрі «Жұмбақ жанда» анық көрінеді...Бұл жұбақты қаламгер де шеше алмаған. 
Ұлы Абайдың өзі де «Менде бір жұмбақпын» дейді ғой.. Ұлы ақын 
шығармашылығындағы «жұмбақ жан» туралы көптеген қаламгерлердің талдаудары мен 
толғамдарарын оқи отырып, зерттеушілер поэтикалық сан қырлы сырлы сөздердің сан 
қилы иірімдеріне жолыққан. Жолығу емес–ау осы бір қиын түйінге тап болған. Мұнда Абай 
тап болған қабат-қабат ой мен толқулы сезім тереңіне тартады. Күрделі ой түбіне жету 
мүмкін еместей көрінеді. Толқыған ойлар әлемі, тебіреністері терең түңғиыққа тірейді. 


19 
Аттап өте де, бұрылып кете де алмайсың. Ерекше күш, қуат сұңғыла сезімталдық, талант 
қажеттігін көресің. Сондай қайрат пен күш, қуат іздейсің..т.б. 
Абай ойларының дара өрнектері оның қарасөздеріне тіпті мол. Қағазға көшкен 
ойлардың бейнелі кейіптері де аз емес. Интертекстерге ауысқандары да бар. Оған Абай 
шығармашылығымен жете таныс, ойланған адамдар жете алады. 
Жүрегімнің түбіне терең бойла, 
Мен бір жұмбақ адаммын мұны да ойла.
Соқтықпалы соқпақсыз жерде өзтім, 
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.., - 
дейді ақын. 
Абайды әркім түсінеді десек, сірә, қателесетін шығармыз. Оның өлеңдерін әр оқыған 
сайын соны ой, әсерге жолығып жұмбақ сезімдер тасқынына килігесің..., толқисың, 
тебіренесің. Ақын сезімі мен жүрегін тербеп ойын қозғаған толқулар арадағы
ғасырлардан өтіп оқырманға жеткендей. Ой толқындарының қуатты ағысы жүректі 
қозайды.Терең ойларға тартады. Мұның табиғатын айқындау үшін ерекше қабылет керек 
шығар. Сондықтан Абайды ұғу ғана емес, терең түсіну қажет. 
Абай әлеміне енудегі келесі қадам - оның қарасөздері. Өйткені оны ұқпасаң ақын 
өлеңдеріндегі қабат-қабат сезімдер шұғыласына оранған ойларды тарату қиын. Бір ұшын 
ұстасаң екінші тармағы жаңа әсерлер әуеніне алып кетіп тосындау толқуларға бастайды. 
Бәлкім сондықтан болар ақынды айрықша түсініп оқитын адамдардың жас шамасы да, 
дүниетанымы да орта жастағыларға сәйкес келеді... 
Қарасөздерде ұшырасатын діни, арабша, түркілік тіл оралымдары кеңестік 
идеологиядан үрейленген зерттеушілер мен сыншыларды шошытты. Оның өрнегіндегі 
ойларда қайшылықты пікірлер тәрізді көрініп, толғаныстарды бейнелеген сезімдер табы 
күрделі толқуларға киліктіреді. Осылармен қабаттасатын поэтикалық оралымдардың 
тосындығы, тілі мен архитектоникасының сонылығы т.б. бейнелеу құралдырының 
көзтанысты мәтіндерден басқалығын көрсетті. Сондықтан да оған екінің бірі тәуекел етіп 
бара алмады. 
З.Қабдоловтың Абайтану туралы ойларына, тіпті жазу, ойлану барысында бұрқ етіп
бойын билеген сезімдерге лайықты пішім табуда қарасөздер әсер, ықпалы аңғарылады. 
Көркем ойларға тамызықты солардан табатындай...
Қаламгер қарасөздер үлгілерінен байқаған жаңа тәсілдерді кейініректе қолданған, 
әсіресе - «Менің Әуезовімде». Зиялы қауым жақсы білетін ойларды қайталамаған, оның 
есесіне оқырман ойлануына бағыт сілтейтіндей үлгілерді қолдаған. 
Демек, қоғамдық өмірдегі қарпайым оқиғалар ортасындағы түрлі адамдар мен 
мінездердің тіршілік түйіндерін, тірліктерін бейнелей келе тарата жазуда синтиздік 
түрлерге сүйене жеткізуді ойланғандай.. 
Зейнағаның қарасөздерге байланысты дара ойлары бар. Бұл шығармалардың нақты 
сюжетке құрлылмағандығын айта келе оларда көркем мазмұнға байланысты бейнелеулерде 
ерекше еркіндіктің барлығын айтады. Онда адам образдарының сирек кездесетіні 
айтылады, автордың, баяндаушының сезім ойларының басымдығын атап өтеді. 
Замана ағартушылық ойларына арналған үгіт, насихат, нақыл сөздерде де көп 
кездесетінін айтады. Жанрлық бағытта оқырманға, тыңдаушыларға өнеге берерлік 
философиялық шолуларға шомылған публицистикалық толғамдар екенін ескертеді. 
Ойлана қарағанда бұлардың ақын өлеңдеріндегі ой-пікір сезімдердің жалғасы не 
солардың бастауы тәрізді сипатының барлығы да сезіледі. Көбіне өлеңдерде бейнелеп 
жеткізе алмаған күрделі ойлардың тереңдеуі тәрізді сезіледі.
Абай бұл сөздердің бастауында –ақ « осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза 
берейін..., кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз 
сөзім өзімдікі дедедім де,ақыры осыған байландым..» бұдан Абай қарасөздерінің мақсатын 
аңғару қиын емес. 


20 
Бұл сөздердің өзіндік ерекшеліктері де бар: «көлемі шағын, бірақ мазмұны бай,
сөзге сараң, мағынаға терең болып келеді».. Бірақ. Абай қарасөздерде нақты ойын белгілі 
бір жүйемен жан-жақты ашпайды. Ол құбылтып тереңдетеді... Тіпті өзімен өзі кеңесіп 
отырғандай, ара-тұра тыңдаушымен, оқушымен сырласатындай кейіпте жазады. Сұрақ та 
қояды.., оны оқушы өзі тарататындай жолды да нұсқайды... 
Осындай түрлі мақсаттар мен қаптаған ойлар жетегінде жұргендіктен болар, 
бұлардың құрлысы мен пішімдері де өзгелеу...мұқият ойланып – толғанып айтты дегенен 
гөрі ауызша айтылатын, сурып салма ойларға бейімдеу...тәрізді. 
Бұл шығармалардың, Абай қарасөздерінің шетелдік ғалымдар тарапынан көп 
аударылып, талдауға ұшырауын осы қасиеттерінің себептер мен негізіндегі философиялық 
ойлардың қазақ халықының дүниетанымен де түсіндіруге болатындай. Мәселен, Абай 
туралы "Abai. Zwanzig Gedichte" ("Абай. Двадцать стихотворений") атты кітап жазған 
Леонард Кошутты (Leonhard Kossuth (Германия) айтуымыз керек. Оған Қазақстанда белгілі 
әдебиеттанушы, публицист, аудармашы Г.Бельгер көмектескен. Абай шығармаларын неміс 
тіліне аударуда, басып шығаруда еңбектенген Alles Druckbar баспасын атап айтуға болады. 
Абайды қазақ тілінен тікелей неміс тіліне тәржімалаған аудармашы-лингвистер 
Альмагамбет Туреханов и Тансулу Рахымбаевлар. Аударманың әдеби редакциясын белгілі 
неміс қаламгері, драматург Анна Цукерман (Германия) жасаған.
Познан униврситетінің профессоры Хенрик Янковски(Польша) Абай қарасөздерін 
қазақ тілінен поляк тіліне аударған. «Abaі Kunanbaiuly. Slova».(Abaі Kunanbajuly. Słowa. 
Przełożył Henryk Jankowski. Nomad Investments Ltd: Ałmaty, Warszawa, Monaco, Genewa, 
HongKong. [Transaltion of Abai’s Words; prefaced by Rollan Sejsenbajew, 4–15, Mansur-
MaciejJachimczyk, 16–37, and Henry kJankowski, 38–47]).
Абай қара-сөздерін ағылшын тілін аударуда, тарату мен насихаттауда Кембридж 
университеті баспасын айтуымыз керек. Жолма-жол аударма жасауға, әрі лингвистикалық, 
этнографиялық және тарихи түсініктемелер жасауда көмек көрсеткен аудармашы және 
өнертанушы Асия Багдаулеткызымен тарихшы және әдебиеттанушы Зифа Алуа Ауэзова, 
аудармашы журналист Роза Кудабаева, абайтанушы-ғалым Гүлзия Қамбарбаева, және 
тәржімашылар Миргуль Кали и Гаухар Халыкдың еңбегін атауға болады.
Бұларға Әйгілі ағылшын ақыны Шон О’Брайен (Великобритания) Абай өлеңдерін 
аударумен айналысады, ал Абай қарасөздерін тәржімалауда белгілі шотландиялық 
жазушы, ақын Джон Бернсайд (Великобритания) еңбектенді. 
Абайды жапон тіліне аудару енді басталды. Онымен айналысатын арнайы топ 
жасақталды, оған Қазақстандық, Жапондық мамандар енді. Мәтіннің әдеби нұсқасын 
Токия университетінің шет тілдері маманы, профессор Сакай Хироки (Япония), және қазақ 
әдебиетін зерттеуші Микия Нишимура, аудармашы, жапон-қазақ тілдері сөздігінің авторы 
Шигенобу Масуджима Абай өлеңдері мен қарасөздердегі көркем бейнелерде де айналасы 
мен маңында болып жатқан, өтіп жатқан өмір құбылыстары мен түрлі оқиғаларына сол 
сәттегі көқарастарын жекізуге ұмтылы деп ойлауға да болатынына деректер келтіретін 
тәрізді. Маңындағы оқиға, тартыс т.б. орай дара сипатты оқиға, құбылыстарда адам 
қоғамдық қатынастарында орны бар, мәні көріне бастаған күрделі мәселелермен 
қабаттастыратындай. Бірақ ол ойларды Абай қара сөздерінің бәріне қатысты айтуға 
болмайтын да шығар. олар негізінен өмірдегі күнделікті қарапайым мінез әрекеттерімен 
болмаса әркетсіздігімен қоғамдық мәні зор күрделі әселелерді қазақ қоғамының түрлі 
топтары қалай қабылдағанын көрсетеді деген тәрізді пікірлері ойлантады. Тіпті 
сауаттылардың өзі оның ғылымдық мәнінің тереңіне бойлап, Абай айтқан пәлсапалық 
пікірлерге бара бермейтінін байқатады.
Абайдың халықты өнер-білімге, еңбекке шақырып қандастарының ой-санасын 
қозғауға, ойлануға, әрекетке шықыратын сөздері пішімдерінің пәрменділігі мен қажеттігі 
туралы біраз ойлар айтылады т.б.
Абай қарасөздерінде қазақтың мұң-зарын, бейнеті мен қасіретін көріп отырып былқ 
етпейтін елдің би-болыстар мен атқамінерлерінің дүнеқоңыздығын ашып көрсетеді. Бұл 


21 
жерде Абай қазақ ортасындағы әр алуан надандық мінездердің надандығын малмен жаппақ 
болған және озбырлықтарын ұрлық пен өтірікті, қулық пен сұмдықтарды азайтпағынын 
сынға алады. Қалың бұқараны сауатсыздықта, надандықта қалдырып отырған осылардың 
өтіріктері мен озбырлығы екенін айтады. Бұлар елдің өнер білім алып сана сезімінін
оянуына басты кедергілер екені айтылады. 
З,Қабдолов Абайдың ҚС «он бірінші», «жиырма бірінші» сөздерінде ауылдағы 
құркеуде байлар мен ұлықтардың арамзалық, жауыздық әрекеттерін әшкерелейді. Жалған 
мақтанға мәз болып, ұрлық қулығын тимағандарды әшкерелейді: «Осы елдің үнем қылып 
жүргені немене? Екі нәрсе. Әуелі ұрлық ұры ұрлықпен мал табам деп жүр. Мал иесі
артылып алып, тағы да байимын деп жүр. Ұлықтар алып берем деп, даугерді жеп, құтқарам 
деп ұрыны жеп жүр. Қарпайым жұрт ұрлық айтып мал алам деп, ұрыға атымды сатып 
пайдаланам деп, не өткізбесін арзанға түсіріп алам деп жүр. Екінші бұзақылар біреудің 
ойында жоқ пәлені ойына салып бүйтсең бек боласың, бүйтсең көп боласың, бүйтсең кек 
аласың, мықты атанасың деп ауқаттыларды азғырғалы әлек болып жүр. Кім азса мен соған 
керек боламын деп, к... қыздырып алып, өзін біраз ғана азық қылайын деп жүр. 
Ұлықтар «пәлі-пәлі» бұл табылған ақыл деп, мен сені бүйтіп сүйеймін деп, ананы 
жеп, сені бүйтіп сүйеймін деп мынаны жеп жүр...».
Осы сөзде баяндалатын оқиғаларды З.Қабдолов сол кездің шындығы қаз қалпында, 
айқын баяндалып отыр дей келе. «...бірақ бір айта кететін нәрсе, Абай өз ортасының 
жоғарғыдай жиіркенішті қылықтары мен мінездерін дәл көрсетіп, ащы тілмен түйрей 
сынаса да өз пікірінде дұрыс байлау шығара алмайды... Ұрлық жоғалса, « бай барын бағып, 
кедей жоғын іздеп, ел секілденіп талапқа, тілеуге кірісер еді. Енді жұрттың бәрі осы екі 
бүлік іске ортақ, мұны кім түзейді? Анттың, серттің,адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз 
кеткені ме? Ұрыны тыю оңай бола еді, бірақ осы бұзақының тіліне еретұғын, азатұғын 
байларды кім тыяды? – деген ақын ойларына назар аударады. 
З.Қабдолов 80-жылдардың орта тұсында ұрлықтың да зорлықтың да шығар жері, 
«қайнар көзі» болып отырған байлар екенін сол қанаушы топ құрымай халыққа жарық
жоқ екенін Абай айта қоймады дегендей пікірлерге де тоқталады. Әрі мұндай 
қайшылықтардың Абай қарасөздерінде ғана емес, бүкіл шығармашылығына тән екенін де 
айтады. 
Бірақ, жалпы алғанда, Абай қалың қазаққа үстемдік жасаушыларды емес, ауыр 
еңбек пен жоқшылық жанын жеген көпшіліктің, сәл-пәл қарсылық көрсетсе жолсыз жаза 
көргендерлің мұңын жырлап, оларды әркез қолдағанын, көмектескенін айтып өтеді. 
Солай айтып та жазып та келдік. Бірақ Абайдың өскен ортасы мен өмір сүруінің бөлек 
екенін. Тамақ табу, тіршілік үшін қайшылығы өте мол мына жалғанда азап көргендердің 
қасіреті бөлек болғанын да білеміз. Қиындық пен қайғыға батқан көпшіліктің жыртығын 
жамай алмайтынында ақын анық білген. Осы ойлардың жетегінде жалғыздық көргенін, 
жалғыз болғанын түсінудің өзі Абай үшін қаншалықты азапты болғанын оның 
шығармашылық жолы мен өлең, толғауларынан айқын көруге болады.
Мәселен З.Қабдолов «Жиырма екінші» қарасөзінде кейбір ойларын ашық айта 
алмағаны күрделі ойларға тереңдеудің қиындығы мен қалың бұқара мінезі мен азабы 
арасындағы қайшылықтарды көре тұра араласа алмаудан, деген тәрізді пікірлер айтады: 
«Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлеймін деп ойладым. Байды 
қадірлейін десең, бай жоқ. Бай болса өз басының, өз малының еркі өзінде болмас па еді? 
Ешбір байдың өз малының еркі өзінде жоқ.» т.б.
Ұлы ақынның айтқанымыздай, кейбір сөздерінде – оның қалың елдің ауыр 
тіршілігін тілегінен айыра алған жоқ. Бұған оның қарасөздері де айғақ
«ұры , залым, қуларға жемiт болып жүрген шын момын байларды аямасаң, һәм 
соның тілеуін тілемесең болмайды. Содан басқаны таба алмадым («Жиырма екінші сөз».) 
«Байлар, олар өздері де бір күн болса да, дәулет қонып дүниенің жарымы басында 
тұр Өзінгде жоқты малымен сатып алады....Оның діні, құдайы, халқы, жұрты, бiлiмi-ұяты, 
ары, жақыны - бәрі мал болған топас, надан байлар мен би-болыстардың «ақыл үйренетiн, 


22 
насихат тыңдайын деген ойы» жоқ екенін («Ceгізінші сөз) Абай жақсы түсiнiп, қара-
сөздерiнде өзiнiң ғылымға, өнерге, еңбекке шақырған ағартушылық пікірлерін, үгіт-
насихаттарын халық бұқарасына арнады.
«Жетiншi сөзде» «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, 
жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар –тәннің құмары...Біреуі – білсем екен демеклік. Не 
көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болас, оған қызығып, аузына салып, дәмін 
татып, қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, даусына ұмтылып, оден 
ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, 
«ол немене?» бұл «немен?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, 
құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық бермейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, 
көрсем екен, үйренсем екен», деп туатынын айта кеп, адамдарды соңғысына шақырады. 
Надандығымызды бiлiмдiлiкке бермей таласқанда өлер-тiлерiмiздi бiлмей, күре 
тамырымызды адырайтып кетеміз» («Жетінші сөз»), бұл дұрыс емес, бiлмегендi үйрену 
қорлық емес, қайта жалықпай іздену керек; «…естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі 
жақсы, жаманды тануындағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» 
– деген ақылын айтады.
Ал, адам білгенін, ұққанын ұмытпай ойына қалай тоқып алу керек екенін «Отыз 
бірінші сөзде» айтады, біз соны түгел келтірелік; «Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт 
түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы берік болмақ керек. Екіншісі, сол нәрсені
естігенде, я көргенде ғибрәттану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек,үшінші,
сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайталап ойланып, көңілге бекіту керек; гөртінші, ой 
кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой 
кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір
нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын
нәрселер». Абайдың бұл айтқандары күні бүгінге дейін мәнін жоймаған, адамға үлгі-
өнеге,тәлім-тәрбие берер, оқуға, оқып білгенді көңілге тиянақтап тоқуға үйретер құнды 
пікірлер. 
Абай өзінің «Жиырма тоғызыншы сөзінде» қазақтың кейбір ескі мақалдарын қатал 
сынға алады. Шынында да көнелеу мақал-мәтелдердің ішінде бір кезде билікші таптың 
тілек-мүддесінен туған, адамды адастыратын, зияндылары толып жатыр. Ақын 
жұртшылыққа соны әшкерелеп, мұндай сөздерге «сақ болу керектігін» түсіндіреді. Сөйтіп, 
оның бұл арада айтар пікірлерi де халықты еңбекке баулыған үгіт-насихаттарына тоғысады: 
«жарлы болсан арлы болма» деген мақалға қарсы шыққан Абай – «Ардан кеткен соң, тірі 
болып жүргенi құрысын». Егер онысы жалға жүргенде жанынды қинап, еңбекпенен мал тап 
деген сөз болса, ол ар кететұғын іс емес, тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, 
жанын қарманып, адал еңбекпен мал iздемек, ол - арлы адамның ісі»- дейді. Немесе, 
«сұрауын тапса адам баласының бермейтіні жоқ», деген мақалдың да нағыз кертартпа, теріс 
пікірден туған нәрсе екенін ашып, бұл жерде де көпшілікті еңбекке тәрбиелейтін
қорытынды шығарады: «сұрауын табамын, қалауын табамын,- деп жүріп, қорлықпен өмір 
өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой... 
Қысқасы, Абайдың ғақлия-қара сөздер өз дәуірінiң ақиқат шындығынан туған, 
танымдық, эстетикалық, тәрбиелік мәні зор шығармалар. Түрі көркем, тілі де әсем, мазмұны 
терең, идеясы көбіне халық тiлегiмен қабысып жатқан туындылар. «Әкенің баласы - 
адамның дұспаны, адамның баласы – бауырын»; «коңiлдегi керікті ой ауыздан шыққанда 
өңi қашады»: биік мансап - биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшын 
қыран да шыгады» дегендер, немесе: 
Бақпен асқан патшадан, 
Мимен асқан қара артық.
Сақалын сатқан көрiден,
Еңбегiң сатқан бала артық!- 


23 
деген сияқты «Отыз жетінші сөз» талай тамаша нақылдардың жұртшылыққа
соншалық кең, мол тарап, тіпті мақалға айналып кетуінің өзі, әлгі айтқанымыздай, Абай 
ғақлияларының құнды қасиетіне саяды.
Абайтануда пайдаланылған шығармашылық тәсілдер туралы жаңа пікірлер - 
қоғамдық сана мен мерзімді баспасөз, ғылыми зерттеулер мен еңбектерде сөз бола бастаған 
зманауи мәселелерге тура қатысты.
Көпшілік зерттеулерде айтыла бастаған ой-пікірлерді жүйелі талдауларда байсалды 
қол жеткізілген жаңа ой мен пікірлер нақты деректі талдауларға сүйенуден. Әрі бұл пікірлер 
бұған дейінгі зерттеулер мен ізденістердің қорытындыларына мұқият талдаулар негізінде 
пайда болған.
Мәселен Абайдың кейбір қарасөздерінде тұспалдай айтылатын ойларда оны 
оқырман тарапынан тереңдетуге, жалғастыруға жаңа жолдар мен бағыттар да көрсетіледі. 
Ол оқырмандар тарапынан өзінше ойларға шығуға мүмкіндіктер жасайды. Абай 
қарасөздеріндегі көптеген негізгі ірі ойлардың келесі бір сөздерде қайталанатыны да сондай 
көрініп тұрған бағыттарды жалғастырудың қажеттілігінен болса керек. Сірә, қоғамдық сана 
көңілін ауара бастаған осындай ойлардың сан-алуан шешімдерінің барлығын ұлы Абай да 
байымдаса керек. Бірінші қарасөзінде айтатындай: « Ақыры ойландым: осы ойыма келген 
нәрслерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бер қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен 
керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де ақыры 
осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». 
Академик З.Қабдоловтың Абай қарасөздеріне арнаған аз-кем талдауларында ұлы 
ақын айтқан осындай ой-пікірлерді мүқият ескерген сияқты. Өйткені, қарасөздер өмір,
адамзат қоғамы туралы талай күрделі мәселелерді бастайтыны айқын. Ал оған жауапты әр
оқырман өзі, өз бетімен табатын болса, қаламгердің ұлы мақсатына жеткені.
З.Қабдолов ұзақ жылдар ойында жүрген ұлы қаламгер туралы романы, «Менің 
Әуезовім» роман-әссесінде қазақ романы ұшін жаңа соны тәсілді қолданған.
«Мен бұл тақырыпқа кітап жазбақ болып толғанғалы қашан!..Иен ұзақ толғандым. 
Неге? 
Әуезов ттуралы жазбаған адам жоқ.Басқаларын былай қойғанда, орысша. Қазақша 
екі том естелек шықты. Бәрі жазған: жабыла, жамырай жазған. Бірақ көбінікі - көбік, саф 
таза толқын – ой, сыр толқыны, сезім толқыны тумаған. Сондықтан олардан Мұханның 
бейнесі көрінбейді. Тұлғасы танылмайды; көп сөздің, кейде тіпті бос сөздің бетінде 
авторлардың өз тақиялары ғана қалқып, өз тымақтарының төбелері шошаңдай береді... 
Ал мен көрінген жұртша емес, өзімше тек қана өзімше жазуым керек. Ол ұшін жаңа 
сыр ашу аз, соны ұтымды жеткізетін тың түр табу шырт! 
Бұл қыннаң қиыны... 
Сонымен, міне, не де болса нар тәуекел, туынды Әуезов туралы: Менің Әуезовім», 
роман эссе.» 
Өте қызықты сезім мен ойларға, тіпті қаламгерлің шығармашылық зертханаға да 
бастайтын бұл әңгімені осымен тоқтайық.., қазақтырса З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім» 
роман эссесінен оқып алуға болады. 
Біз ұшін аса маңыздысы осы романдағы тосын пішімді қаламгер, З.Қабдолов қайдан 
алды? «Орыс әдебиетіндегі классиктер туралы жазылған шығармалардан алды ма? 
Жоқ! Олай емес екенін қаламгер роман-эссесі бастауында –ақ ашық айтады..: өзге 
емес, өзімнің тек қана өзімше таныған, өзімше білген, өзімше бас иген Әуезовім. 
Демек менің романымдағы Әуезов – сенің не оның емес, менің Әуезовім.» 
Роман-эссенің құрлысы мен құрылымы біз көрген шығармалардың ешқайсына 
ұқсамайды. Онда тарауша ретінде бөлектеп жазылған беттер баршылық. Оны романның әр 
бетінен кездестіруге болады. 
Ендеше соны тосын түрге жолды З.Қабдоловтың қайдан тапқаны алғаны туралы 
мақалада біршама айтылды. 


24 
Қайталап жатпайық, жиырма бірінші ғасырға жаңа романмен жол салған Ұлы 
М,Әуезовтің ұлы шәкірті, қазақ әдебиеті теориясына да мүлде жаңа сипатты зерттеу, 
оқулық жазған қаламгер, аса көрнекті жазушы, ұлы ұстаз З.Қабдолов болатын. 
Зерттеу нәтижелерінде Абай қарасөздерінде қолданылған жаңа әдіс-тәсілдерді 
жиырмасыншы ғасырдың сауатты әлем оқиғаларынан хабардар ұрпақтарына өз ойлары 
мен толғамдарын жеткізу үшін ұлы Абай қолданған тәсілдерді З.Қабдолов шеберлікпен 
пайдаланған. Философияға толы көркем үлгіде жазылған, кұрделі шығармаларында 
жаңарта, жаңа сипатта көрсетеді. З.Қабдолов өнегесін үлгі ретінде ұсынамыз.
Бұл қолданыстарды абайтануға байланысты дәрістер мен практикалық өзге де 
мақсаттарға одан әрі ұштауға болады деген ойдамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет