Сіби білім беру


Тіреулерді көтеру және орнату



Pdf көрінісі
бет164/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   256
Байланысты:
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

Тіреулерді көтеру және орнату. 
Шұңқырда жинақталған тіреуді 
орнату – ол салмағы аса ауыр ірі габаритті жүкті көтеру және 
жылжытумен байланысты іс-шара болып табылады, сол себепті әуе 
желілерінің монтажы кезінде арқандар, ілмектеуге арналған аспаптар, 
топсалар, полипасттар және басқалары кеңінен қолданылады.
Бірдіңгекті ағаш немесе темірбетонды тіреулерді көтеру краны 
немесе бұрғылау кран қондырғысының көмегімен келесідей тәртіпте 
орнатады. Жиналған тіреуді шұңқырға қарай жылжытады және оның 
ауырлық ортасы жуық шамамен шұіқырдың ортасымен түйісетіндей 
етіп салады. Такелаж ілмегін тіреу аыурлық ортасының ортасынан 
1...1,5 м қашықтықта бетіне жақын жерде бекітеді (көтергеннен кейін 
тіреудің тақалған жері ауырлық ортасының әрекетінен төменге 
бағытталуы үшін). Тіреудің төменгі бөлігіне (немесе бөгде, ол болған 
жағдайда) ұшынан 3 м жуық қашықтықта ұзындығы 10...15 м болатын 
жіп арқанын байлайды. Көтеру краны немесе бұрғылаушы кран 
қондырғысын шұңқыр шетінен 0,5 м қашытқығында шығарылатын 
тіреулерде бекітеді, одан кейін кран жүкшығырының ілмегін жібереді 
және оған такалеж ілмегін кигізеді. Көтергеннен кейін тіреудің астын 
шұңқырға қарай бағыттайды, ал түсіру кезінде діңгекті тіреудегі 
траверстер немесе ілгектер трасса осіне перпендикуляр орналасатындай 
етіп бұрайды. Толық тереңдетілгеннен кейін тіреудің күйін тіктеуіш 
бойынша тексереді және шұңқырлардың қабырғалары мен тіреу 


379 
тұрқысы немесе бөгделер арасында уақытша бекіту үшін ағаш 
сыналарынын қағады.
Ары қарай, шұңқырды жартылай көмейді, такелаж ілмегін шешіп 
алады, көтергіш қондырғысын жылжытады да, шұңқырды біржолата 
көмейді.
Қажетті механизмдер болмаған жағдайда тиісті сақтық шараларын 
сақтау шартында бірдіңгекті тіреулердің шағын санын қол әдісімен 
қолдана отырып орнату рұқсат етілген. Бірдіңгекті тіреуді қол әдісімен 
көтеру үшін оны алдымен алдын-ала жерден 2,5...3м биіктігінде 
болатындай етіп көтереді, одан кейін оны қармақ және көсеулермен 
ұстайды. Біртіндеп, қармақ және көсеулермен жинастыра отырып, 
тіреуді көтереді, осы кезде тіреудің тақалған жері шұңқырда тігінен 
орналасқан тақтайда сырғанай отырып, шұңқырға түседі. Тіреудің 
талқанған жері шұңқырдың түбіне түскен кезде, оны тіктеуіш бойынша 
тегістейді және ол желілер діңгегінде орналасқандығын, қосымшасы бар 
жалғаушы діңгектердің жазықтық желілер бойымен бағытталғандығын 
және тіреудің шығып тұрған қисаюының жоқтығын тексереді.
А- және П- тәрізді тіреулерді ағаш немесе металдан даярлануы 
мүмкін құлама жебесі деп аталатын құралдың көмегімен орнатудың 
тәсілдері кеңінен таралған. Ең арзан ағаш жебелері шағын салмағымен 
де рекшеленеді. Сонымен қатар, ағаш жебелері тасымалдауға да 
қолайлы екендігін атап кету керек. Ұзындығы 10 мм жоғары болатын 
жебелер металды етіп даярланады.
Ағаш құлама жебесінің көмегімен ағаш П-тәрізді тіреуді көтерудің 
үдерісін қарастырып көрейік (11.13 сурет). Тіреуді желінің бойымен 
оның бөгделері қазылған шұңқырдың үстінде болатындай етіп 
орналастырады.
4 жебені тіреу бөгделерінің арасында шұңқыр шетінен 1...1,5 м 
қашықтығында орнатады. Жебенің ұшына екі 5 бүйірлік күш 
арқандарын бекітеді, ол жебені тіреумен, және тарту механизміне 
келіп түсетін 3 көтеру арқанымен байланыстырады. Орнатылатын 
тіреудің тарту механизмі жағына жылжытуын болдырмау үшін 
көтерудің бастапқы кезінде оның бөгделеріне төменгі тежегіш ретінде 1 
екі 1 арқаны бекітіледі.
Жебені жұмыс қалпына келтіру үшін ұзындығы 3,5...4 м болатын екі 
бөренеден тұратын жебе асты қажет, ол жебенің шағын нұсқасы тәрізді 
болып табылады. 
Көтерудің басында тіреудің бөгделері астына бөренелердің 
бөліктерін салады. Тіреуді көтеру кезінде оның басқа жаққа жылжып 
кетуін болдырмайтын, жерге қадалған зәкірмен бекітілген екі 2 сүйретпе 
темір арқанымен жабдықтайды. Көтеру кезінде тіреу аяқтары тірелетін 
шұңқырлар қабырғалары бұзылмауы үшін оларды тақтайлармен 
қорғайды.
Тарту механизмдері ретінде полипаст және жүкшығыр немесе 
автокөлікті, ал одан да артығы – тракторды қолданады.


380 
Тіреу үстіге қарай көтерілген сайын, төменгі тежегіш арқандарын 
байсалды түрде түсіре бастайды. Тіреудің аяқтары шұңқырдың түбіне 
жеткен кезде, жебе істен шығады. Ол құлап кетпеуі үшін оны алдын-ала 
тіреуге қосымша арқанмен бекітеді. Тіреу тігінен күйге келгеннен кейін, 
төменгі тежегіш арқандары істен шығады. Сонымен қатар жұмысқа 
траверсаның ортаңғы бөлігіне бекітілген 6 жоғарғы тежегіш арқаны 
кіріседі. Ары қарай тіктеуішпен тіреу күйінің тіктігі тексеріледі. Тіреуді 
қажетті жылжыту үдерістерін тежегіш және көтеру арқандары мен 
бүйірлік сүйретпе темір арқандарының көмегімен іске асырады. Егер 
тіреу қисық тұрса, биік тұрған аяғының астынан топырақты алып тастап, 
немесе, керісінше, төмен орналасқан аяғының астына тақтайлардың 
бөліктерін төсей отырып оны тегістейді. Осы кезде тіреудің аяқтарын 
домкратпен көтеріп отырады.
Құлама жебесінің көмегімен А-тәрізді тіреулерді көтеру және орнату 
кезінде (11.14 сурет) оларды шұңқырлардың маңында олардан 0,3 м 
қашықтықта шұңқыр шетінде аяқтардың іргетасы орналасатындай етіп, 
жалпағынан салады. Шұңқырдың қабырғасына тігінен орнату кезінде 
тіреу аяғының сырғуын қамтамасыз етуге арналған тақтайды орнатады. 
Тіреудің бетіне екі тартқыштар (сүйретпе темір арқан) мен тежегіш арқанын 
бекітеді. Тартқыштар тіреуді көтеру кезінде мүмкін болатын көлдеңен 
жылжып кетуінен қорғау қызметін атқарады, ал тежегіш арқаны тіреуді тік 
күйге орнату кезінде оны құлап кетуінен қорғап отырады. Құлама жебесін 
оның жағына 15...20
0
көлбеуімен тіреу осі бойынша орналастырады.
11.13 сурет. Құлама жебесінің көмегімен ағаш П-тәрізді тіреуді көтеру:
1 — арқан; 2 — сүйретпе темір арқан; 
3
— көтеру арқаны; 4 — жебе; 5 — тарту арқаны; 
6 — тежегіш арқаны 


381 


11.14 сурет. Жүкшығыр және құлама жебесінің көмегімен ағаш А-тәрізді тіреуді көтеру және 
орнату:
1 — тартқыш жүкшығыры; 
2
— тартқыш арқан; 
3
— құлама жебесі; 4 — созғыш; 5 — тежегіш 
арқан; 6 — тежегіш жүкшығыр; 7 — құлама жебесінің аяқ астына төсемдер.
Жебенің іргетасында әрбір аяғының астына оның топыраққа 
қысылуын алдын-алатын тақтайшаны төсейді. Тартқыш арқанды 
жүкшығырдан жебенің ұшы арқылы өткізеді де тіреудің басына бекітеді, 
одан кейін арқан бекітілуінің беріктілігін және жебе мен тіреу 
күйлерінің дәлдігін тексеру үшін жерден 0,5...0,8 м тіреуді сынама 
көтеру үдерісін іске асырады.
Жебенің биіктігі тіреу ауырлық ортасынан оның іргетасынан дейінгі 
қашықтығынан 1,2 м артық болуы керек.
Көтеруді бастамас бұрын жебені тіреудің көлдеңен қоссырығына 
жұмыстан шыққаннан кейін оның құлап кетуден сақтау үшін, блогы бар 
жіптің көмегімен бекітеді.
Тіреуді серпіліссіз, баяу көтереді және біруақытылы тіреудің аяқтары 
тақтай бойымен сырғып, шұңқырларға түсуін қадағалайды. Жебе істен 
шыққаннан кейін тіреуді көтеру үдщерісін тартқыш арқанымен тәкелей 
жалғастырады. Тіреудің ұшы «асу» нүктесіне таяған кезде, тежегіш 
арқанды тіреу тік күйіне келген сәтке дейін керілген қалпында болуын 
байқай отырып, оны тартады.
Тіреулерді орнату кезінде келесідей талаптар сақталуы тиіс:
тіреулердің остері тік болулары қажет (тігінен ауытқу ағаш тіреуі 
ұзындығының әрбір метріне 5 мм артық емес, ал темірбетонды – 1 мм 
артық емес рұқсат етілген);
траверстер көлдеңен орналасулары керек (траверсаның рұқсат 
етілген ауытқуы оның ұзындығының 1 м 10 мм артық емес);
тіреулер желінің жармасында орналасуы қажет (желінің жармасынан 
рұқсат етілген ауытқу 100 мм артық емес).
Тіреуді орнату дұрыстығын тексергеннен кейін, шұңқырды салудың 
әрбір 30...40 см сайын тығыздау арқылы топырақты нығыздай отырып, 
көмейді. Тұрған тіреуді такелаждан босатады, оның көмегімен оны 
көтеру және орнату үдерістері іске асырылған болатын. Тіреулерді 


382 
қатты жел кезінде көтеруге, сонымен қатар, шұңқырды толық көмгенше 
такелажды, қармақты және көсеуді алып тастауға тыйым салынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет