Тіреулерді орнату кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Тіреулердің
монтажы кезіндегі қауіпсіз жұмыстардың басты шарты такелаждың
жарамдылығы болып табылады. Барлық көтергіш механизмдер
(жүкшығырлар, блоктар, полипасттар) теркелген болулары тиіс, яғни,
құжаттарда жыл сайынғы байқау және сынау туралы жазбалар болуы
қажет. Өткізілген кезекті сынау туралы белгілерді механизмнің
тұрқысында өшпейтін бояумен немесе нүктелі белгілеу әдісімен
орындайды.
Жұмыстарды бастамас бұрын соңғы сынамалардың күнінен тәуелсіз
түрде, такелажды тұтастай тексереді, блок ілгектерінде сызаттардың
болуын, аунақша остерінің өңделу деңгейін, арқан орамы және
ширатылуы бүтінділігінің бұзылуын анықтайды.
Элементтеріңің кез-келген ақаулықтарында такелажды жұмыс үшін
қолдануға болмайды.
Көтеруді бастамас бұрын тежегіш арқандарының және сүйретпе
темір арқандарының бекіту сенімділігін, тіреу тартқыш арқандарын
бекіту беріктілігін, автокран және тракторларға көтеру арқандарының
беріктілігін тексереді.
Аса мұқиятпен жебелердің жарамдылықтарын және оларды орнату
сенімділігін қадағалайды. Топыраққа сымды тең шамада тарату үшін
жебенің аяқ астына тақтайлар немесе бөренелерді төсейді.
Тіреуді көтеру кезінде қызметкерлердің ешқайсысы тіреу астында,
әрекет етіп отырған арқандар немесе шұңқырда, сонымен қатар тіреу
немесе жебенің құлап кетуінің ықтимал аймағында тікелей тұрмауы
тиіс. Барлық қызметкерлер өз жұмыс орындарында бригадирдің көз
аясында болулары қажет.
Көтергеннен кейін тіреу дереу түрде бекітілуі шарт. Уақытша
сүйретпе темір арқандармен бекітілген тіреудің маңына күзетті
тағайындайды.
Тіреуге шығу оның толық бекітілгенінен кейін ғана рұқсат етіледі.
Тіреуде жұмыс істеу кезінде құрылғылар, такелаж бөлшектері және т.б.
құлап кетуі нәтижесінде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін оның
астында ешкім болмауы тиіс.