3) полипептидтің рибосомадан босап шығуына қажет белоктық факторлар, и-РНҚ-
да соңғы амин қышқылын көрсететін кодон біткен соң, мағынасыз, мəнсіз кодондар
басталады. Олардың саны үшеу: УАА, УАГ, УГА. Міне осы кодондардың басталуы,
полипептидттің синтезінің біткенін хабарлайды. Сонан соң, синтезді бітіруші факторлар
/Ғ
1
, Ғ
2
/ өздерінің əрекетін бастайды. Бұл факторлар: I/ полипептидтің соңғы т-РНҚ-дан
гидролиздік жолмен ыдырап шығуын жəне т-РНҚ-ның босауын; 2/ соңғы т-РНҚ-ның
пептидилдік бөлімнің "бос" күйінде бөлінуін; 3/ рибосоманың 305 жане 505 суббірліктерге
диссоциациялануын қамтамасыз етеді.
Трансляцияның 5-ші кезеңі
- кеңістіктегі полипептидтік тізбектің орналасуы жəне
процессинг. Бұл кезеңде полипептид өзінің кеңістіктегі екінші-, үшінші - реттік
құрылысын түзіп, биологиялық активті түріне көшеді. Сонымен қатар бұл кезеңде бірінші
амин қышқылы метиониннен жəне кейбір керек емес амин қышқылдарынан ажырап,
кейбір амин қышқылдарының қалдықтары өзіне фосфат, - метил -, карбоксил -, ацетил
топтарын қосып алуы мүмкін. Ал кейде белоктар өзіне олигосахаридтер мен
коферменттерді қосып, өзінің биологиялық қызметін атқаруға дайын болады.
Достарыңызбен бөлісу: