Құрастырушылар: б.ғ. к. Утаубаева А. У., оқытушы, магистр Сарсенова А. Н



Pdf көрінісі
бет40/82
Дата04.11.2023
өлшемі5,89 Mb.
#122157
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82
Байланысты:
38. Силл - Молекулалык биология

Белоктардың синтезі
бір рибосомада өтуі мүмкін немесе бір уақытта бірнеше 
рибосомада /полисомада/ жүруі мүмкін. Полисома бір и-РНҚ бойында бола алатын 
рибосомалар тобы /80-ге жуық рибосома/ болуы мүмкін. Мұндай бір и-РНҚ-ның 
бойындағы информацияны бір уақытта бірнеше рибосоманың көмегімен белок синтезіне 
қолдану синтездің тез жəне тиімді өтуіне мүмкіндік тудырады. 
Бактерияларда транскрипция жəне трансляция бірімен-бірі ілесіп жүреді, яғни 
ДНҚ-на тəуелді РНҚ-полимераза и-РНҚ-ның синтезін жүргізіп жатқан кезде, и-РНҚ-ның 
бір шетінде белок синтезі де басталып жатады. Бактериялардың екінші бір ерекшелігі и-
РНҚ-ның тіршілік ету уақыты бірнеше минут қана, сонан соң олар тез нуклеаза 
ферментінің əсерімен ыдырап кетеді. 
Белоктардың синтезі көптеген антибиотиктер əсерінен тежеуге ұшырауы мүмкін. 
Кейбір микроорганизмдер үшін қорғаныш антибиотиктер, басқа организмдер үшін өте улы 
болып табылады. Мысалы: пурамицин - элонгация кезеңінде əсер етсе, тетрациклин 
аминоацил - т-РНҚ-ның рибосомадағы аминоацилдік центрімен байланысуына кедергі 
жасайды; стрептомицин - рибосоманың кіші суббірлігіменқосылып оның қызметін 
нашарлатады; дифтерия токсині-элонгация факторын тежейді; левомицетин - 
пептидилтрансфераза ферментінің активтілігін нашарлатады; эритромицин - үлкен 
суббірлікпен қосылып, транслоказа ферментінің жұмысын тежейді. 
Белоктар синтезінің реттелуі. 
Белок синтезінің реттелуі и-РНҚ-ның синтезі жəне 
трансляция /яғни белок синтезі/ кезеңінде жүреді. Бұл бағытта аса көп жұмыс істеген 
француз ғалымдары Жакоб жəне Моно болды. Бұл ғалымдар осы жұмысы үшін Нобель 
сыйлығына ие болды. Олар белоктарды синтездеу теориясын оперон теориясы деп атады. 
Бұл ғалымдардың пікірі бойынша бактерияларда ең кемінде геннің үш түрі болады: I/ 
оператор гені /0-ген/; 2/ реттеуші ген /R -ген/; 3/ белоктардың бірінші реттік құрылысын 
анықтайтын құрылымдық ген / S - ген/. 
ДНҚ молекуласының осы үш ген орналасқан бөлімін оперон деп атайды да, 
бірімен-бірі тығыз байланысты болады. Реттеуші ген оператор геніне репрессор арқылы 
əсер етіп отырса, оператор гені құрылымдық генге əсер етеді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет