КІРІСПЕ
«Пропедевтика»
термині
гректің
propaideo
сөзінен
шыққан,
аударғанда
«алдын
алу
оқыту»
дегенді
білдіреді.
Студенттер
пропедевтиканы оқып бастағанда өзіне
клиникалық педиатриялық
тәжірибенің таңғаларлық әлемін ашады. Әйтседе замануи медицинада
жоғары информативті зертханалық және инструменталды диагностика
әдістері көптеп енгізілгенімен, баланы физикальді
зерттеу әдісі өзекті
болып қала береді: баланың дамуын және оның жастық қалыпқа
сәйкестігін бағалау, денсаулығындағы ауытқу жағдайларын таба білу әрбір
заманауи дәрігерге қажет.
Негізгі пропедевтикалық білімді және дағдыларды студентер ішкі
аурулар пропедевтикасы курсын оқу арқылы алады. Балалар аурулары
пропедевтикасын
оқу
мақсаты
–
студенттерге
әртүрлі
балалар
ауруларының көріністерін таба білуді және дұрыс бағалауды үйрету.
Балалық және ересектік
кезендерінде бала өсе келе, үнемі өзгереді.
Сондықтан балалар аурулары пропедевтикасының маңызды бөлімінің бірі
- әржастағы балаларға, нәрестелік кезеңнен бастап ересектік кезең
аяқталғанға дейін, жасына сай анатомо-физиологиялық
ерекшілігін
зерттеу. Оқулықта замануи, жақсы иллюстрациялық түрде барлық жүйелер
мен ағзалар ерешеліктері көрсетілген, сондай-ақ дені сау баланың
тамақтануының және екпесінің проблемасы қамтылған.
Оқулықта берілген ақпаратты негізге алып,
студенттер сабақ
барысында әр жастағы баланың физикалық зерттеуінің негізгі әдістерін
меңгеріп алуы, әртүрлі ауруларда кездесетін патологиялық симптомдарды
және синдромдарды анықтай білу керек. Аса маңыздысы студенттерге әр
жастағы балалармен қарым-қатынас
дағдаларын қалыптастыруы, бала
психологиясын түсіне білуі керек, себебі баламен қарым-қатынас
байланысы болмаса, дәрігердің толық квалификациялық көмек көрсетуі
мүмкін емес.
Пропедевтика бөлімінде айтарлықтай орын диагностикалық алгоритм
ізденістерін мазмұндауына берілген. Балалар
аурулары пропедевтикасы
туралы
білімінің
болуы
студенттерді
жеке
патологияны
оқуға
ынталандырады.
Сөзсіз, пропедевтиканы оқудың нәтижелі әдісі – «ауру төсегі
алдында». Дегенмен студент аурумен жұмысты бастау үшін, негізгі
теориялық білімі болуы керек. Олар осы оқулықта отандық педиатрияның
замануи жетістігін ескере отырып берілген.
5
Осы оқулық студент сабаққа өз бетімен дайындалғанда көмек көрсете
алуға бейімделген, сондықтан авторлар оны
максимальды көрнекті және
жүйелеп дайындаған, материалды ұсыну үшін замануи әдістердің кең
спектрін
қолданған,
оның
ішінде
оригинальды
суреттер
және
фотосуреттер,
сұлба
және
кестелер,
сонымен
қатар
оқулық
видеофильмдер. Оқулықта әрбір бөлім соңында бақылау–өлшемді
материалдар тесттік тапсырма түрінде берілген,
бұл өз білімін тексеру
мүмкіндігін береді.
Оқулық
И.
М.
Сеченов
атындағы
Мәскеу
медициналық
академиясының 250-жылдық мерейтойына шығарылған.
Авторлар оқулық келешекте тәжірибелік жұмыста алған білімін тиімді
қолдануға мүмкіндік береді және шексіз клиникалық педиатрияда
жолбасшы болады.
Достарыңызбен бөлісу: