Түркітанушы-ғалым Немат Келімбетовтің өмірбаяны мен шығармашылығы
201
4 Қазақ әдебиеті бастаулары. – Алматы:
Ана тілі, 1998. – 378 б.;
5 Көркемдік дәстүр жалғастығы (2000);
6 Ежелгі әдеби жәдігерліктер (2004);
7 Шәді ақын. Зерттеулер. Алматы, 1974;
8 Древний период истории казахской литературы. Алматы, 1998.
Көркем шығармалары:
1 Үміт үзгім келмейді. Монолог-хикаят. Алматы, 1981;
2 Ұлыма хат. Эссе;
3 Қариялар. Эссе;
4 Күншілдік. Эссе;
5
Жарлы емеспін, зарлымын. Повестер. – Астана: Санат, 2001. – 312 б.
Аудармалары:
1 Гурунц Л. «Шіркін біздің Шушикент» (1977);
2 Козаченко В. «Найзағай» (1979);
3 Ахмад С. «Көкжиек» (1981);
4 Қадыров П. «Жұлдызды түндер» романдары (1986).
Профессор Н.Келімбетов және оның еңбектері туралы айтылған
тұжырымдар.
«Ол әдебиетіміздің ерте дәуірін тәңірлік және исламдық деп үлкен екі
кезеңге бөліп, қазақ сахарасында исламға дейін де жоғары дамыған мәдениет
болғанын көрсетті. Сол замандағы әдеби-мәдени дәстүр ислам келгеннен кейін
өрлей дамығанын, сөйтіп рухани жалғастық болғанын иландыра дәлелдеді.
Бұрын жай ғана аталып жүрген сақ-ғұн, үйсін дәуірлеріндегі, көне түрік пен
Алтын Орда тұсындағы әдеби туындыларды талдап, ғылымға енгізді. Ал оның
«Үміт үзгім келмейді» повесі мен «Қариялар», «Ұлыма хат» секілді эсселері
Нематтың жазушылық қорының мол екенін паш етті. Бұл шығармалар қазіргі
әдебиетіміздің деңгейін де айғақтай алды».
Достарыңызбен бөлісу: