Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет189/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
ерекшеліктері бар. Әсіресе, «Ақиқат сыйының» лексикасы мен грамматикасын-
да архаизм элементтері басым. Әйтсе де ақын архаизмді стилистік норма ретінде 
емес, яғни дастанды көркемдеу үшін емес, қайта көне түркі тілінің сол кез үшін 
әрі түсінікті, әрі ажарлы сөздері арқылы өз ойын түркітілдес тайпаларға анығырақ 
етіп жеткізу үшін пайдаланған. Бүгінгі оқушыға архаизм болып көрінетін кейбір 
лексикалық элементтер Ахмет Йүгінеки заманында енді ғана әдеби тілдің нор-
масына айналып келе жатқан сөздер екенін ұмытпағанымыз жөн». 
Хорезмидің «Мухаббат-наме» жазба ескерткішінің оннан астам қолжазба 
нұсқаларының зерттелуіне, дастанның композициялық құрылысына терең талдау 
жазаған ғалым Н. Келімбетов шығарманың тілі туралы мынандай пікір айтады: 
«Дастандағы 317 бәйіт шағатай тілінде, 156 бәйіт парсы-тәжік тілінде жазылған. 
Әйтсе де «Мухаббат-наменің» негізгі тілі Алтын Орда қыпшақтарының тілі 
екенін ұмытуға болмайды. Дастанның әрбір жолы бұған айқын дәлел. Мұнда 
грамматикалық жағынан да, лексикалық тұрғыдан да қыпшақ тілі элементтері 
басым екені даусыз. Дастанның көркемдік ерекшеліктері туралы «Мухаб-
бат-наме» – сюжеті қызықты, тілі көркем, көріктеу құралдары алуан түрлі, 
өлең құрылысы шебер жасалған. Ол өзі суреттеп отырған белгілі бір заттың 
яки құбылыстың ерекше белгілерін айқындай, әрі ажарлай түседі, сол арқылы 
жырдың эстетикалық әсерін еселеп арттырып жібереді» деп баға береді. Келім-
бетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. (Толықтырылып екінші рет басылуы). Алматы, 
Ана тілі, 1991. – 264 б. Сол сияқты «Хұсрау мен Шырын» поэмасын А.Қыраубаева, 
Н.Келімбетовтер ежелгі дәуірдің әдеби мұрасы ретінде зерттеп, оқулықтарға 
енгізді. Орта ғасырдағы тарихи жазбалардың құнарлы бөлігін құрайтын Алтын 
орда ескерткіштерінің тілі туралы ғалым: «Алтын Орданың әдеби тілі – қыпшақ-
оғыз диалектісіндегі орта ғасырлық түркі әдеби жазба тілі еді. Бұл түркі тайпа-
лары мен халықтарының бәріне бірдей түсінікті болды» [3,197 б.], – деп пайым-
дайды. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 1986. – 264 б.
«VIII-ХII ғасырлардың жазба жәдігерліктеріне тән тілдік-стильдік, модельдік 
ішкі заңдылық бертін келе, XV-XIX ғасырлар қазақ ақын-жырауларының 
поэзиясындағы дидактикалық-шешендік жыр толғауларға да тән қасиет болып 
шыққанын ғалым Шалкиіз, Ақтамберді және Бұқар жырау толғауларын талдай 
отырып тұжырымдайды.
Көрнекті әдебиеттанушы, прозашы, аудармашы, түркітанушы-ғалым Немат 
Келімбетов 73-ке қараған жасында 2010 жылдың 14 желтоқсанында дүниеден 
өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет