ПЕРСОНАЛИЯ 199
ТҮРКІТАНУШЫ-ҒАЛЫМ НЕМАТ КЕЛІМБЕТОВТІҢ ӨМІРБАЯНЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ Түркітанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, академик Не-
мат Келімбетов 1937 жылдың 4-сәуірде Өзбекстан Республикасы Ташкент об-
лысы, Жаңажол қаласында дүниеге келген. Алғаш жоғарғы білімді Ташкент
қаржы-экономика инcтитутында (1959), одан кейін ҚазМУ-дың филология
факультетін (1966) оқып бітірген. Аудандық газеттерде әдеби қызметкер болып
еңбек жолын бастаған Н.Келімбетов әр жылдары бөлім меңгерушісі, Қазақстан
Ғылым академиясының Экономика институтының кіші ғылыми қызметкері,
«Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің әдеби
қызметкері, «Қазақстан» баспасының редакторы (1976-1981) болып қызмет
істеді.
Н. Келімбетовтің ағартушы, түркітанушы-ғалым ретінде қызметі Абай
атындағы Алматы мемлекеттік университетімен тығыз байланысты. Студент-
терге «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі», «Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет»
сияқты пәндерден дәріс оқып, көне жәдігерліктерді таныту жолында терең білім
бере отырып, қазақтың қайсар ғалымы, ұлы ұстаз Бейсенбай Кенжебаевтың
ақыл-кеңесімен қазақ әдебиетінің көне тарихын, ежелгі мұраларды зерттеумен
айналысты. Ұзақ жылдар бойы қазақ филологиясы факультетінде профессорлық
қызмет атқарған ғалым Түркі халықтары әдебиетін, Шығыстың классикалық
поэзиясын және қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірін зерттеген жүздеген ғылыми
мақалаларын жаза отырып, қазақ әдебиетіндегі типологиялық, дәстүрлі үндестік
көріністерін дәлелдеп шықты. 1973 жылы ғалым Немат Келімбетов «Ақын Шәді
Жәңгіров және оның әдеби мұрасы» деген тақырыпта кандидаттық диссерта-
ция қорғайды. Денсаулығының ауырлығына қарамастан, сақ заманынан бастау
алып, көне түркі, орта түркі замандарында жалғасын тапқан түркі халықтарына
ортақ әдеби жәдігерліктерін зерттеп, докторлық диссертациясын қорғады.
Ғалым түркологиялық ізденістерінің арқасында Күлтегін атындағы сыйлықтың
лауреаты атанды. Ал «Үміт үзгім келмейді» атты ақиқатқа негізделген көркем
шығармасы қытай, түрік, неміс тілдеріне аударылып, 2010 жылы ЮНЕСКО
Еуропаның Франц Кафка қоғамының наградасына ие болды.
Орта ғасыр жазба ескерткіштерінің қазақ әдебиетімен, тілімен сабақтастылығын
жан-жақты әрі терең зерттеген профессор Н.Келімбетов қазақ әдебиетінің, әр
дәуірдегі ұлы бабаларымыздың соңында қалған рухани жәдігерліктерін зерттеп,
бір жүйеге түсіріп, сол мұралардың ғылыми-танымдық негізін айқындады. Көп
жылдардағы ізденістері мен ғылыми зерттеулерін «Ежелгі дәуір әдебиеті» атты
еңбегінде тұжырымдап, ежелгі әдеби жәдігерліктердің көркемдік құндылығын
құнарлы тілмен баяндады. Мәселен, зерттеуші ХІ ғасырдың жазба ескерткіші
А.Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» шығармасының тіл туралы былай деп жазады:
«Ақиқат сыйы» дастанының тілін «Құтты білік» тілімен салыстырғанда кейбір