Филологияғылымдарының докторы, профессор Сейіт Қасқабасов «... Немат ағамыз ежелгі әдеби жәдігерліктерді тынбай зерттеумен, солар - ды жинастырумен, жариялаумен ғұмыр кешті. Әлбетте, Немат Келімбетұлының алдын көрген бар шәкірт ол кісінің «Үміт үзгім келмейді» повесін оқитын. Бұл – тосыннан мүгедек болған жанның сезім мен мұң, жігер мен күрес күнделігі болатын. Шығармада терең, нәзік, қайғылы сәттер көп-ақ. Соларды оқып, қалай жанарыңызды жас жауып кеткенін байқамай қалатынбыз. Мүгедек жан да тіршілік етеді. Кейіпкер бала-шағасын асырау үшін аударма жасау керек. Сонда сал боп қалған адам кітап бетін тілімен ашады… Алланың бұйрығымен кейіпкердің анасы қайтады. Сал адам
АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012 жаназаға қалай бармақ? Ниет деген қандай күшті десеңізші, ақыры барады. Қоштасар сәтте ана табыт ағашында, бала таңылған арбада шалқасынан жатады… Кейіпкер дегеніміз – Немат ағайдың өзі. Бұл суреттерді елестету түгіл, ойлаудың өзі қиын». Филология ғылымдарының докторы, профессор-шәкірті Дихан Қамзабекұлы «Профессор Немат Келімбетов «Ежелгі дәуір әдебиеті» атты еңбегінде қазақ әдебиетінің, әр дәуірдегі ұлы бабаларымыздың соңында қалған руха - ни жәдігерліктерін ерінбей-жалықпай іздеп тауып, бір жүйеге түсіріп, сол мұралардың ғылыми-танымдық негізін айқындап, көркемдік құндылығын құнарлы тілмен баяндайды. Кез келген көне мұраны зерттеуші әдетте оның тіліне, лексикасына назар аудармай, шығарманың тілдік ерекшеліктерін көрсетпей тұра алмайды. Зерделі зерттеуші Н.Келімбетов те осы дәстүрді жалғастырады. Оның шығармашылығында бұл мәселе ерекше көрініс таба - ды. Ол көне жәдігерліктерге әдеби, жалпы филологиялық талдаулар жасаумен қатар, ішінара терең тілдік талдауларға да барып отырады. Біз ғалымның еңбектеріндегі тіл мәселелері мен тілдік талдаулар, түркі тілінің тарихи дамуындағы сабақтастықтың сақтала отырып бүгінге дейін жеткендігін нақты деректер негізінде саралап көрсеткен тұжырымдары».