Абдрахманов С. Түркі дүниесін тұтастандырушы тұлға ешкімнің ойына келмес еді. Ол тұрмақ, тарихтың түрлі бел-белестерінде ұлт
әдебиетінің өзге тілде де жасалатын кездері болады. Қазақ әдебиетінің орыстілді
шығармалары – осы ойымыздың дәлелі. Жаһандану желі осылай жайпай соға
берсе, жылдардың жылында қазақ әдебиетінің ағылшынтілді шығармалары да
дүниеге келуі әбден мүмкін.
Конференция басталарда көрсетілген деректі фильмде ғалымның «Күлтегін»,
«Тоныкөк» жырларындағы ғажайып образдарды айта келіп, мұндай кемел
әдебиет үлгілері бірден туа қалуы қисынсыз, олардың ізашарлары, бастау-
бұлақтары міндетті түрде болуға тиіс деген ойды ортаға салатын тұсы бар.
Ғалым осыны тиянақтап шықты. «Алып Ер Тоңға», «Шу», «Оғыз-қаған», «Ат-
тила», «Көк бөрі», «Ергенекон» сияқты дастандарды талдап, тіл тұтастығын,
көркемдік кестелер сабақтастығын дәлелдеп, қымбат қазынамыз ретінде ортақ
қоржынымызға қосты.
Немат Келімбетов қазақ әдебиетіндегі көркемдік дәстүр жалғастығын
ежелгі түркі поэзиясы контексінде қарастыру арқылы ұлтымыздың көркемдік-
эстетикалық тарихын тереңнен пайымдады, сонымен қатар, дәуірлік, кезеңдік
үдеріс нәтижесінде көрініс тапқан бірқатар типологиялық және дәстүрлік
өзгерістер болғанын ашып көрсетті деген баға бүгінде әбден-ақ орныққан.
Ғалым «Ежелгі түркі дәуірінде өмірге келген көне түркі әдеби жәдігерліктерін
бүгінгі түр¬кітілдес халықтардың бәріне бірдей ортақ мұра деп қарағанымыз та-
рихи шындық пен әділеттілікке сәйкес келеді. Соның өзінде, бертін келе қазақ
халқының өзіндік төл әдебиетінің қалыптасуына көбірек ықпал жасаған ежелгі
түркі әдеби мұралары да бар екенін естен шығаруға болмайды» дей отырып,
маңызды түйін жасады – көне түркі әдеби жәдігерліктері қазақтың ұлттық сөз
өнерінің генезисі екенін қолмен қойғандай дәлелдеді.
Немат Келімбетов ұлы ұстазы Бейсенбай Кенжебаевтың аманатын ақтап,
оның Мырзатай Жолдасбеков, Мұхтар Мағауин, Алма Қыраубаева сияқты та-
лантты шәкірттерінің бастаған ісін тың тұрғыда жалғастырып, қазақ әдебиетінің
арғы тарихының қайнар-бастаулары он ғасырға әрі ысырылуына шешуші үлес
қосты. Және мұны таза ғылыми зерттеу, әдебиеттанушылық көзқарас күйінде
қалдырмай, оқулық пішінінде атқару арқылы, оны оқу бағдарламаларына
енгіздіру арқылы тиянақталған білімге айналдырды, кейіннен 10 томдық «Қазақ
әдебиеті тарихының» ежелгі дәуір және орта ғасыр әдебиетіне арналған екінші
томының кіріспесін, «Сақтардың қаһармандық дастандары», «Алып Ер Тоңға»,
«Шу» дастаны, «Ғұндардың батырлық жырлары», «Көк бөрі» дастаны», «Ер-
генекон» дастаны», «Түркі қағанаты тұсындағы әдебиет», «Күлтегін» және
«Тоныкөк» жырлары» сияқты тарауларын бір өзі жазып шығу арқылы оны тұтас
бір ілімге айналдырды. Шәкір Ыбыраевтың сөзімен айтсақ, «Бұл – шын мәнінде
рухани тарихымызда ерлік ретінде жоғары бағалануға тиіс».
Ғалымның қазақ әдебиеттануының аумағынан асып, жалпы түркілік
өркениетке қосылған ғылыми мұрасы дәл қазір қай кездегіден де маңызды.
Тарихтың осы талмау тұсында түркі дүниесінің тұтастығы тағы бір сынға түсуі
25