Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Абдрахманов С. Түркі дүниесін тұтастандырушы тұлға



Pdf көрінісі
бет19/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

Абдрахманов С. Түркі дүниесін тұтастандырушы тұлға
Әңгіменің бір ретінде Ғарекең Немат ағаның кітаптары жайында сөз қозғап қалды. 
Тоқшылықтың, баршылықтың ойсыздыққа, уайымсыздыққа итермелейтіні бар, 
Немат Келімбетов кітаптарындағы ой тереңдігі өз басынан кешіп, өз өзегінен 
өткерген қиыншылықпен байланысты, деп еді сонда академик-сенатор. Расында 
да, қайғы біреуді сындырады, біреуді шыңдайды. Қайғыдан қасірет жасауға да 
болады, қайғыдан қуаныш қашауға да болады. «Уайым – ер қорғаны» дегенде 
Абай дана соны айтқан.
Қаламгер «Жастық шақтың қызықты дәуренін дер кезде абыроймен атқарып, 
қадірлі қариялықтың ауылына да аз күн өмірде қонақ болып кету арманым еді. 
Ол арманыма да Құдай қолымды жеткізді. Соған шүкіршілік етем. Қариялық 
парызымды Алла алдында да, адам алдында да адал атқарып өтуге қолымнан 
келгенше әрекет етемін» деу арқылы ақсақалдыққа дайындық жастық шақтан 
басталатынын айшықты айтты. Әрі таюдың бәрі қартаю емес. Нағыз қартаю 
– ары таю. Өткен өміріңнен өнеге қалмаса, одан бала-шағаң, айналаң, ағайын-
туғаның үлгі алмаса, жасыңның санын дауға салып, шашыңның ағын саудалап 
жүрсең қартаюдың көкесі сол. Автордың «Ақсақал атану – ер азамат бақытының 
бір көрінісі» дейтіні рас.
Бір ғана тақырыпқа – күншілдік сезімін жан-жақты зерделеуге арналған тұтас 
кітап жазып шығу Немат Келімбетовті өмірінің соңғы жылдарында шын мәнінде 
ойшыл қаламгер биігіне көтерді. Көне заман данышпанының «Азап шеккің кел-
месе, күншіл болма» деген сөзінен арна тартқан кітап бастан-аяқ тағылымды 
толғаныстарға толы.
Осындай талайлы тағдыр иесі ретінде Немат Келімбетов бар білімін болашақ 
ұрпаққа арнап, жоғары оқу орындарында дәріс оқумен, көптеген оқулықтар жа-
зумен тоқтаса да біз ол кісіге разылық білдіруге тиісті едік.
Немат Келімбетов оны да жасады.
«Қазақ әдебиетінің ерте заманнан бергі тарихын жүйелеп, бір ізге түсіріп, 
көркем ойдың даму жалғастығын көрсеткен еңбектің бірі, бірі ғана емес, бірегейі 
– Немат Келімбетовтің 1986 жылы басылып шыққан «Қазақ әдебиетінің ежелгі 
дәуірі» атты оқулығы болды. Ақиқатын айтқанда, бұл кітап – ежелгі дәуірдегі 
әдебиет туралы жоғары оқу орнына арналған тұңғыш оқулық еді». Сейіт 
Қасқабасов осылай дейді де, автордың 1991 жылғы екінші, 2005 жылғы үшінші 
басылымдарын салғастыра келіп, «Сонымен, көзіміз жеткені – профессор Не-
мат Келімбетов өзінің оқулығын жаңадан жазып шыққан. Мұнда әдебиет тарихы 
жаңаша дәуірленген, жаңадан он үш шығарма талданған. Ал дәуірлеуді тарихи-
өркениеттік (историко-цивилизационный) шарт бойынша жіктеген. Бұрын 
хронологиялық ұстаным болатын», - деп ой түйеді.
Оқулық жазу – ғалымның ғалымының ғана қолынан келер іс. Есте жоқ 
ескі заманның сөзін он сегіз-он тоғызға жаңа толған студент түсінетіндей, 
сезінетіндей, бойына сіңіретіндей етіп талдай білу, жадында жатталатындай
жүрегінің төрінде жүретіндей етіп, орынсыз оңайлатпай да, қолдан қиындатпай 
да жаза білу оқулық иесінен әдебиеттанушылық пен ұстаздықтың үздік үйлесімін 
талап етеді. «Ежелгі дәуір әдебиеті» – сондай оқулық.
23




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет