ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: Ана тілі, 1991.
2. Келімбетов Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. – Алматы: Алатау, 2005.
42
Мамаділ Қ.А. Немат Келімбетов және түркітану мәселелері
43
Қ.А. МАМАДІЛ
НЕМАТ КЕЛІМБЕТОВ ЖӘНЕ ТҮРКІТАНУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Профессор Н.Келімбетов «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандарын даярлауға
сүбелі үлес қосқан ұстаз-ғалымдардың шоғырына жатады. Ұстазымыз өмірлік
ұстанымы айқын, пікірі дәлелді, талапшыл, бос мақтанды сүймейтін, алғыр
шәкірттерінің алкеуде, албырт, аңғырт яки қыңыр-қисық мінезін тезге сала
білетін адам еді. Қатуланса – арман жұлдызымыз көзден бұл-бұл ұшқандай,
мейірленсе – айналайынның нұры көңілімізден кетпестей болушы едік. Үнемі
қалың ой үстінде жүретін. Сәлем бергенде, сәл абдырағандай болып, күлімсірей
тіл қатқаны өзіне жарасымды болатын. Оның оқыған дәрісі ғылымилығымен,
қисындылығымен ерекшеленетін. Артық сөзі жоқ. Аз сөзінде ауыр ой жататын.
Әр сөзінен алыс заманның үнін естігендей күй кешетінбіз. Өйткені ұғындыруы,
сендіруі, санаға сіңдіруі бөлекше еді. Лекцияларының қай-қайсысы да керемет
бір жігермен, рухпен оқылатын. Өзін ұмытатын. Кейде Фарабимен бірге терең
ойға шомып, мұңға батқандай, кейде Асан қайғымен бірге алқалы топтың ал-
дында тұрғандай күй кешетін. Сондықтан орынсыз тыныштықты бұзып, ой
желісін үзген студентке қатты кеюші еді. Мұны кейін бір ұжымда бірге еңбек
еткен жылдары да байқадым. Жол ортадан киіп кетіп сөзге араласатын кісіні
жақтырмайтын. Ғылымда да Немат Келімбетовтің өз ұстанымы болды. Шәді
шығармашылығын терең зерттеді. Қазақ әдебиетінің арғы-бергі тарихы жөнінде
негізі мықты батыл түйіндер жасады. 1986 жылы «Қазақ әдебиетінің ежелгі
дәуірі» деген оқулығы жарыққа шықты. Оған белгілі әдебиетші М.Дүйсенов пікір
жазды. Осы еңбекке автордың өзі де, шәкірттері де шын қуанды. Себебі бұған
дейін студенттер осы кітаптың қолжазбасын ұстазының аузынан үтір-нүктесіне
дейін жазып алатын. Жандосов көшесіндегі алтыншы жатақхана Немат ағайдың
семинары алдында араның ұясындай уілдеп тұратын – төменгі «филфак» жаппай
өлең жаттайтын. Ол осы оқулықтың хрестоматиясын да шығару ойында екенін
айтушы еді. Кейін осы еңбек, расында да, оқулық және хрестоматия түрінде екі
кітап болып шықты. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірінің қатпар-қатпарын ашып,
алтын желілерін мықтап түйген, студенттерді ғылымға жетелейтін аса қажетті
оқулыққа айналды. Ғалым қазақ әдебиеті тарихы мен қазақ тілі тарихына,
сондай-ақ түркітануға қатысты жетістіктерді молынан қамтыды. Жалаң дерек
термеді, жаны барын тергеді, жансызданғанын салыстыра, салғастыра, салмақ
сала қайта тірілтті. Қай тақырып аясында да күллі түркінің түбі бір екенін
оқырманының есіне салып отырды. Дәурен уақыттың ортақ қазанында қайнаған
түркілік болмыстың жүрегі әр түркі ұлтының ұлы кеудесінде әлі соғып тұрғанын
жас ұрпақ зердесіне жеткізуге барын салды. Студенттердің зерттеу жұмыстарына
ұсынатын тақырыптары маңыздылығы болашақпен ұштасып жататын. Айталық,
|