Кемеңгер Қ. Түркі жұртымен бірге мәңгі жасайды дәуір әдебиеті» (1991, 2005), «Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі
дәстүр жалғастығы» (1998), «Қазақ әдебиеті бастаулары» (1998), «Көркемдік
дәстүр жалғастығы» (2000), «Ежелгі әдеби жәдігерліктер» (2005), «Түркі
халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері» (2011) сынды кітаптары басылып
шықты. Бұл еңбектер зерделі ғалымның есімін ғылыми қауымға мәшһүр етіп,
оның атағын қазақ әдебиеттануының шеңберінен түркілік кеңістікке шығарды.
Аталған зерттеулер уақыт жағынан көне тарихтың қатпар-қатпар қойнауына
тереңдеп, кеңістік жағынан алып Еуразияны түгел қамтыды. Өйткені оларда бер
жағы қазақтың, ар жағы жалпы түркілердің тарихы қамтылды.
Н.Келімбетов «Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері» атты
зерттеуімен қазақ әдебиетінің тарихын ХХVІІ ғасырға тереңдетті [3].
Аталған кітаптың басты құндылығы – оның ішінде көрсетілген Сақ, Ғұн, Көк
Түріктер дәуірлерінде жазылған түркілік көркем үзінділерге тән ортақ дәстүр
сабақтастығын; образ сомдауда, көркемдік шешім шығарарда, идея бірлігінде
байқалған үндестікті жіті зерттеген ғалым қазақ әдебиетіне, сонымен бірге,
жалпы түркі әдебиетіне үлкен олжа салды. Журналистің: «Сіздің түркология
ғылымы саласындағы еңбектеріңіз көп қой. Кезінде еліміздің ғылыми қауымы
оны жоғары бағалады. Соның өзінде, әдебиеттану ғылымы саласындағы қай
еңбегіңізді өзіңіз жоғары бағалайсыз?» [2, 12 б.], – деген сауалына ғалым былай
жауап берді: «Айтқаның рас. Жазғанымыздың бәрі де «іштен шыққан шұбар жы-
лан» деп жатамыз ғой. Оған бөліп-жарып баға беру де қиын. Дегенмен «Ежелгі
әдеби жәдігерліктер» деп аталатын зерттеуімнің жаңалығы көбірек болды-ау деп
ойлаймын» [2, 12 б.].
Кеңестік дәуірде лингвистикалық зерттеулер аясынан шыға алмаған
түркология ғылымы түркі халықтарының әдеби мұрасын жан-жақты терең зерт-
теуге ден қоймады. Көпшіліктің түсінігінде түркология ғылымы түркілердің
тілдік мұрасын ғана қарастыратын ғылым секілді қабылданды. Оның бірнеше
себептері бар еді. Соның ішінде негізгісі: әдеби зерттеулер биліктің жүргізген
идеологиясының ықпалында болғандығы. Көркем әдебиетте халық өзінің жүріп
өткен тарихи жолын көркем сөзбен бейнелейді. Сонымен бірге, ата-бабасының
арманын, олардың ерлік істерін, еркіндік үшін күресін, өзінің аңсарын,
дүниетанымын суреттейді. Осының бәрі биліктің жүргізіп отырған саясаты-
мен үндеспесе, қоғамдағы негізгі идеологиялық ұстанымдармен сабақтаспаса,
билік әлгіндей зерттеулерді жүргізуге тыйым салатыны айдай анық нәрсе. Ол
үшін біз сол қоғамдағы саяси тәртіпті еш кінәлай алмаймыз. Жалғыз ғана айта-
рымыз: қиян-қыстау заманда идеологиялық қыспақтың тар шеңберінен шығып,
азат ойды, нағыз халықшыл әдебиетті айта білген, зерттей білген Б.Кенжебаев,
Н.Келімбетов сынды ғалымдар халқымен бірге мәңгі жасайды. Олардың
зерттеулері – заман өзгеріп, қоғам ауысса да, бүгін өміршеңдігін көрсетіп
жатқандығы соған айғақ.
Қазақ халқы – түркі халықтарының құрамдас бір бөлшегі. Бұл дау туғызбайтын
шындықты өзіміз де, өзгелер де мойындады. Ендеше қазақтар көне дәуірдегі түркі
тектес тайпалардың жалғасы ретінде олардан қалған материалдық және рухани
51