Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Садуақасов А.Қ. Түркі әлемінің мәдени бірегейлігін сақтаудағы латын



Pdf көрінісі
бет89/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

Садуақасов А.Қ. Түркі әлемінің мәдени бірегейлігін сақтаудағы латын...
Елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі қызу талқыға түскен 2007 жылы 
мен де осы тақырыпқа қызығушылық танытып, мәселенің саяси аспектілерін 
зерттеп, «Түркітілдес мемлекеттердің латын графикасына көшудегі саяси-
лингвистикалық ұстанымдары: генезисі және эволюциясы» атты кандидаттық 
диссертация жұмысын жазып шықтым. Зерттеу барысында әліпби мәселесінің 
саяси тұрғыда да үлкен мәнге ие екенін анықтайтын тұжырымдарға келдім.
Америкалық этносаясаттанушы Бенедикт Андерсонның «Елестетілетін 
қауымдастық» тұжырымдамасына сәйкес ұлт елестетілетін саяси қауымдастық 
болып табылады. Ол өзінің бұл тұжырымдамасын Еуропада XV-XVI ғасырда 
басталған «баспа капитализмімен» («print capitalism») түсіндіреді. Андерсонның 
айтуынша, осы уақыттан бастап баспа капитализмі алдымен кітаптарды, 
кейіннен газет-журналдарды жаппай шығаруға ұйытқы болған. Әлемдік 
мәдениет жүйесінен ығысып, өлі тілдер қатарынан орын алған латын тілі – 
ағылшын, француз, неміс, итальян, испан, одан кейінгі кезеңдерде Шығыс Еуро-
па, Азия мен өзге де аймақ тілдерінің дамуына серпін берді. Осы кезеңде баспа 
өнімдерін оқитын бұқаралық оқырман қалыптасты. Үнемі бір баспа өнімін (га-
зет, журнал, көркем әдебиет, оқулықтар т.б.) үзбей оқу арқылы оқырмандар са-
насында белгілі бір, іштей байланысқа негізделетін елестетілетін қауымдастық 
қалыптасты. Осылайша олардың бойында ортақ сәйкестілік пайда болып, ол 
ұлттың қалыптасуына алып келді. Қалыптасатын осы іштей өзара байланысты 
қауымдастықтың негізі оған кіретін мүшелерінің барлығының ортақ сәйкестілігі 
болып табылады. Осының нәтижесінде ұлт туып, дамиды [7, 7 б.].
Ұлттың дамуын жазумен байланыстыра отырып, – саясаттанушы Р. Қадыр-
жанов, – жазу таңбасы діни қауымдастықтардың мәдени әралуандығы мен 
аумақтық ауқымдылығын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарғанын Исламды 
мысалға келтіре отырып, егер де индонезиялық Магинданао тұрғыны Меккеде 
бербер тайпасының өкілімен кездессе, бір-бірінің тілін білмеуі салдарынан ау-
ызша қарым-қатынас жасай алмайды. Дегенмен олар бір-бірін жазбаша түсінуге 
қабілетті. Себебі тек қана классикалық араб тілінде бар әрбір сакральді мәтін 
олар үшін түсінікті болып саналады. Бұл тұрғыда жазбаша араб тілі қытай 
иероглифтеріне ұқсас қызмет атқарады. Қытайлықтар үшін иероглифтер біртұтас 
қытай ұлтын біріктіретін мәдени код болып саналады. Қытай тілінің түрлі бөлігі 
әр алуан айтылу нұсқасына ие. Бұл өз кезегінде елдегі ауызша коммуникацияға 
айтарлықтай кедергі болып табылады. Сол себепті қытайлар мұсылмандар 
әлемі секілді дыбыс арқылы емес, жазу таңбасы арқылы ортақ қауымдастыққа 
бірігетінін мәлімдейді [8, 157 б.]. 
Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы-
мен жүргізілген зерттеуде: «Қазақ елестетілетін қауымдастығы ХІХ ғасырдың 
соңында-ақ қалыптаса бастады, бірақ оның дамуын Қазан төңкерісі тоқтатты. 
Кеңестік кезеңде қазақ елестетілетін қауымдастығының дамуы оны идеологиялан-
дыру мен соған байланысты орыстандыру негізінде жүріп, оның басты элементі 
қазақ тілін кириллицаға көшіру болды. Елестетілетін қауымдастықты (яғни 
97




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет