Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет88/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
тілдерінің ерекшеліктеріне сәйкес өзгешіліктер жоқ емес. Соған қарамастан 
Түркия күні бүгінге дейін түркітілдес мемлекеттер жазуларының латын графи-
касы негізіндегі ортақ әліпбиге көшу жөніндегі ұстанымды қолдайды. Алай-
да, бұл мәселе түркітілдес мемлекеттердің қоғамдық-саяси, лингвистикалық, 
демографиялық және экономикалық ерекшеліктеріне байланысты әлі күнге дейін 
өз шешімін тапқан жоқ. Мәселен, ортақ түркі әліпбиі жобасындағы 34 әріптің 
2-еуін – әзербайжандар, 10-ын – өзбектер, 8-ін – түркімендер жаңа әліпбилерінде 
пайдаланған жоқ. Мұндағы негізгі мәселе – түркітілдес мемлекеттердің латын 
графикасына көшудегі саяси-лингвистикалық ұстанымдарының бір арнаға 
тоғыспауынан болып отыр. Дегенмен, уақыт өте келе түркі халықтары үшін 
жаһандану процесіне байланысты ортақ әліпбиге көшудің саяси-лингвистикалық 
маңызы өзектілене түсетінін айтқымыз келеді. 
Тәуелсіздік алған уақыттан бері Қазақстан ұлттық саясатты демократиялық 
жолмен жүргізіп келеді. Түркітілдес мемлекеттер латын графикасына көшуді 
тез қолға алуға кіріссе, Қазақстан бұл мәселеде қоғамдық пікірдің әбден пісіп-
жетілуін күтті. Кириллицаға негізделген қазақ әліпбиі тоталитарлық билік та-
рапынан күштеп енгізілу салдарынан мемлекеттік тіліміздің лингвистикалық 
әлеуетін аша алмай отыр. Керісінше, әлі күнге дейін шетелдік кірме сөздер мен 
терминдер қазақ тіліне орыс тілі арқылы немесе орыс тілінің орфографиялық 
ережесімен кірігуде. Бұл өз кезегінде қазақ тілінің грамматикалық жүйесін бұзып, 
қазақтардың ұлттық санасын орыстандыруға ықпал етуде. Бұл құбылыс жалғаса 
беретін болса, мемлекеттік тіліміздің дамуына нұқсан келіп, қазақ ұлттық са-
насында орыс тілінің үстемдігі күшейе бермек. Ал, бұл – ұлттық қауіпсіздікке 
қатер төндіретін бірден-бір фактор.
Әліпби ауыстыру мәселесі Қазақстанның тәуелсіздік алған уақытынан бас-
тап зиялы қауым арасында да, баспасөз бетінде де, мемлекеттік комиссия тара-
пынан да ұзақ талқыланып, соңғы жылдары халықтың басым көпшілігі латын 
графикасына көшудің қажеттілігін алға тарта бастады. Дегенмен, әлі де болса 
қоғамдық пікір бір жақты ұстанымға келген жоқ. 
2006 жылдың 24 қазанында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ 
сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қазақ әліпбиін латынға 
көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге 
қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа 
ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне 
көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, 
нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой ал-
дырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек» 
[6, 1 б.] – деген болатын. Осы бағытта құрылған кешенді ғылыми экспедиция 
2007 жылы Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Түркіменстан мемлекеттерінің ла-
тын әліпбиіне көшу реформаларын зерделеп, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру 
керек деген тұжырым жасаған болатын.
96




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет