Садуақасов А.Қ. Түркі әлемінің мәдени бірегейлігін сақтаудағы латын... – түркі тіл тобына кіретін тілдерін және алфавиттерін жақындастыруға
жағдайлар жасау, латын графикасына және ортақ тілдік қоғамға көшу;
– гуманитарлық саладағы әлемдік интеграциялық процестерді есепке ала
отырып, өсіп келе жатқан ұрпақты ұлттық мәдениетке және тілге тарту;
– түркітілдес мемлекеттердің мәдениеті мен өнері туралы Халықаралық
ақпарат орталығын және мұрағатын құру.
ТҮРКСОЙ-дың ұйымдастыруымен 1993 жылғы 22-26 қыркүйек аралығында
Анкара қаласында өтті. Онда Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан,
Өзбекстан, Түркіменстан мемлекеттерінің лингвист-ғалымдары түркітілдес
мемлекеттердің латын графикасына көшу мәселесін қайта қарастырды. Конфе-
ренция жұмысының нәтижесінде түркі халықтары үшін ортақ жазу ретінде ла-
тын графикасы негізіндегі 34 әріптен тұратын әліпби жобасы қабылданды. Анка-
ра конференциясының соңында декларация қабылданып, қатысушылар мынадай
тұжырымдар бойынша уағдаласты:
«– Барлық түркі халықтарының тілдері үшін неғұрлым тиімді әрі сәйкес
келетін жазу – бұл латын әліпбиі негізіндегі жазу. Осы жалпы әліпби шеңберінде
жекелеген түркі мемлекеттері мен автономиялық республикалары латын гра-
фикасы негізіндегі осы әліпбиге өздерінің тілдері мен оның ерекшеліктерін
бейімдеу туралы шешім қабылдай алады;
– Әзербайжан, Өзбекстан және Түркіменстанның ұлттық ассамблеяла-
ры жазуларын латын әліпбиіне көшіру туралы шешім қабылдады. Бұған қоса,
Әзербайжанда әліпбиге көшуді іске асыру басталып кетті;
– Башқұртстан, Қазақстан, Қырғызстан және Татарстаннан келген
конференцияға қатысушылар саяси және экономикалық мәселелерге байланыс-
ты жазуларын латын әліпбиіне көшіруде біршама кідіруі мүмкіндігін хабарлады.
Дегенмен, олар өздерінің елдері мен аймақтарының жақын болашақта осы жол-
мен жүретініне үлкен сенім артады;
– түркі халықтары таралған елдер мен аймақтардағы жазбаша тіл мен ауыз-
ша айтылымдағы ұқсас, бірыңғай және мағыналас сөздер мен техникалық тер-
миндер санының артуы олардың бір-бірімен байланысын және өзара түсіністігін
нығайтатын болады» [4, 54-55 бб.]
ХІХ ғасыр тұсында пайда болған әлемдегі барлық түркі халықтарына ортақ
әліпби құру идеясы 1990 жылдың басында Кеңестер Одағының құлдырауынан соң
жаңа серпін алғанына тоқтала келе, – этносаясаттанушы Р. Брубейкер: «Кейбір
ғалымдар бұрынғы Кеңестер Одағы республикаларында ортақ әліпбиге көшу
процесі саяси, лингвистикалық және т.б. қиындықтарға ұшырататын ескерткеніне
қарамастан, Түркияда бұл идея зор қолдауға ие болды. Құрастырылатын жалпы
түркі тілі бүгінде түркі халықтары сөйлейтін тілден бірқатар айырмашылықтарға
ие болатыны туралы да болжамдар жасалды [5, 47-48 бб.] – дейді.
Түркияның латын жазуына көшу туралы идеясы Түркіменстан, Өзбекстан,
Әзербайжан мемлекеттерінде іске асты. Бұл мемлекеттер өз жазуларын кирилли-
цадан латын графикасына көшіргенімен, олардың жаңа әліпбилерінде өздерінің
95