15 тақырып. Жол-көлік оқиғаларының және көлік
құралдарының сот сараптамасы
115
Аталған сараптаманың
объектілері
күрделі және көп кешенді,
сондықтан өз құрамына көлік құралдарын, жүргізушіні, жолаушыларды, жол-
көлік оқиғасы және қозғалыс болған қоршаған ортаны қамтиды. Соңғысының
өзі бірнеше бөліктерден тұрады, олар: жол беті, жол қабатының орналасуы,
жаяу жүргінші.
Жол-көлік оқиғасы (ЖКО) мен көлік құралдары сот сараптамасының
пәні
арнайы білімдерді қолданудың нәтижесінен ЖКО, оның менханизіміне,
көлік құралының техникалық жағдайына, жолдың жағдайына т.с.с.
жағдайларға қатысты анықталатын фактілі деректер.
Сараптама көбінесе азаматтық істерді қарау барысында жол-көлік
құқық бұзушылығына қатысты тағайындалады. Сол сияқты қылмыстық істер
бойынша кісі өлтіру, ұрлық жасау, тонау т.с.с. фактілер орын алған кезде
тағайындалады.
Жол-көлік
оқиғасының
сот
сараптамасы
инженерлі-көліктік
сараптаманың класына жатады. Олар өз алдына топтарға бөлінеді. Олар
өзінің пәндеріне қатысты ерекшеленеді және әр бір түрінің өз зерттеу
әдіснамалары бар. Олар:
көлік құралдарының техникалық күйін (жағдайын) анықтау
(автотехникалық диагностика);
жол-көлік оқиғасы жағдайларын анықтау;
көлік-трассологиялық сараптама.
15.1. Көлік құралдарының техникалық күйінің сот сараптамасы
Көлік құралдарына жатады: механикалық және тоқпен жүретін
көліктер. Оларға: жеңіл көліктер, мотоцикл, моторолер, мопед, мотоколяска,
троллейбус, трамвай, трактор өзге де қозғалатын механизімдер (өзен,
мұхитта жүзетін көліктер, теміржол көліктерінен басқа).
Зерттеудің объектілері зауытта дайындалған механикалық көлік
құралдарымен қатар қолдан жасалған көлік құралдары да т.с.с. жатады
(жалпы түріне, құрылымына байланысты емес).
Көлік
құралдарының
техникалық
күйін
анықтауға
қатысты
сараптаманың міндеттері диагностикалық және ситуациялық мазмұндағы
мән-жайларды анықтайды, олар:
көлік құралдарының техникалық күйін анықтайды (механизм,
бөлшектерін) және оның техникалық нормалар мен қауіпсіз
қозғалыстың, оның қолданылуының нормаларына сай келуін
анықтайды;
көлік құралы сыңуының себебін анықтайды (механизм, бөлшектерін);
көлік бұзылуының себебі мен оның пайда болу мерзімін анықтайды;
көлік бұзылуының жол-көлік оқиғасымен байланыстылығын және жол-
көлік оқиғасының пайда болу мен орын алу себебін анықтайды;
көлік бұзылуының жол-көлік оқиғасымен себептік салдарын
анықтайды (соғылу, басып кету);
116
көлік құралының жол-көлік оқиғасы болған кездегі техникалық
жағдайы және ЖКО болдырмау мүмкіндігін анықтау;
көлік сынуының дер кезінде анықтау мүмкіндігінің болу-болмауын
анықтау т.с.с.
Аталған сараптаманың түрлеріне көлік құралдары детальдарының
Достарыңызбен бөлісу: |