Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Жекешелендіру процесінде пайда болатын қатынастарды зерттеу



Pdf көрінісі
бет116/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

Жекешелендіру процесінде пайда болатын қатынастарды зерттеу: 

мемлекеттік меншікті жекешендіру процесінде оның негізділігі 
мен жүргізу тәртібіне қатысты пайда болатын сұрақтар.
 
Банктік қызметті жүзеге асыруға қатысты зерттеулер: 

шаруашылық субъектілердің жүзеге асыратын қызметі банктік 
қызметке жатады ма ?
 


135 
Мемлекеттік сатып алу процесінде пайда болатын қатынастарды 
зерттеу: 

мемлекеттік сатып алуға қатысты жүргізіліп жатқан тендердің 
шарттары сол кезеңде қолданыстағы ҚР заңдылықтарға сай ма ?
 

мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпаздың анықталуы негізді 
ма ?
 

тендердің өткізілу тәртібі сол кезеңде қолданыстағы ҚР 
заңдылықтарға сай ма ?
 

мемлекеттік сатып алудың нақты әдісі негізді ма ?
 
Экономикалық сараптаманың барлық түрлері бойынша сұрақтар типтік 
болып табылады және нақты жағдайға, іс материалдарына қатысты басқа да 
сұрақтар қойылуы мүмкін, сонымен қатар олар сот сарапшысының 
құзырынан тыс шығып кетпеуі керек. 
 
Материалдарды дайындау мен рәсімдеу: 
Аталған сараптамаларды тағайындаған кезде оларға дайындалатын 
материалдардың саны сот-бухгалтерлік сараптамамен салыстырғанда 
көлемірек. Мәселен, құрылыс фирмасымен материалдар ұрланған кезде 
келесі материалдар ұсынылуы қажет: құрылыс қаржы жоспары, құрылыс-
монтаждық жұмыстар жүргізудің журналы, жасалған жұмыстарға қатысты 
анықтамалар мен актісі, бақылау өлшеудің актілері, құрылыс-монтаждық 
жұмыстарды жасау кезінде қолданылған материалдар мен өзге де 
шығындардың бекітетін журнал ордері, қаржыландырудың реквизиттері 
т.с.с. 
Материалдарды сараптамаға дайындау кезінде тергеушіге тергеу 
әрекеттерін (алу, тінту т.с.с.) жүргізу барысында маманды қатыстырған жөн. 
Маманның көмегі сараптама үшін қажетті материалдарды дұрыс және толық 
көлемде ұсынуға көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет