Зерттеудің объектісі шаруашылық және өзге де құқықтық қатынастар
жатады. Олар келесі бағыттарға сәйкес жүзеге асырылады:
мемлекеттік сатып алуда пайда болатын қатынастар;
банктік қызметтің жүзеге асырылуына қатысты қатынастар;
салық және өзге де міндетті төлемдерге қатысты қатынастар;
лицензиялауға қатысты қызметтерді жүзеге асыру қатыснастары;
жекешелендіру процессінде пайда болатын қатынастар;
зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы қатынастар;
шаруашылық субъектілердің әр түрлі шарттарға сәйкес экономикалық
өзара есептесуге т.с.с. азаматтық-құқықтық қатынастар.
Экономикалық-құқықтық зерттеулер түрлерінің шеңберінде келесі
сұрақтар шешіледі, олар:
Шартқа негізделген азаматтық-құқықтық қатынастарды зерттеу:
шарттардың, контрактілердің жасалу негізділігі мен оның рәсімделу
дұрыстығы;
шарттың, келісімнің, контрактінің экономикалық тиімділігін анықтау.
Бюджетке қатысты салық және өзге міндетті төлемдерді төлеуге қатысты шаруашылық қызмет субъектілердің қарым-қатынастарын зерттеу:
субъект белгілі салық түрін төлеудің төлемшісі болып табылады
ма ?
резидент емес тұлғалардың салық төлеу мәселесі;
әр түрлі шарушылық қызмет субъектілерінің шарттық
қатынастарға сәйкес шаруашылық операцияларының негізділігі.
Зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы пайда болатын қатынастарды зерттеу:
зейнетақыны төлеу негізділігіне қатысты сұрақтар;
зейнетақы соммасына қатысты сұрақтар.
Лицензиялау қызметін жүзеге асыруға қатысты пайда болатын қатынастарды зерттеу:
тұлғаға белгілі бір қызметті жүзеге асыру үшін лицензия қажет
па?
лицензияны беру немесе қайтып алу тәртібі нормативті құқықтық
актілермен бекітілген тәртіпке сай ма ?