Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



Pdf көрінісі
бет8/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

құқықтық ғылыми теорияның
барлық белгілеріне 
ие деген тұжырымға келуге мүмкіндік береді. 
Сот сараптамасының ғылыми әдіснамалық мәнін түсіну үшін келесі 
жағдайларды атап өткен жөн: 
Кез-келген білім саласының әдісі мен әдіснамасы оқытылып 
отырған теорияның объектісіне бағытталуы қажет, бірақ пәннің 
теориясы да, таным қызметінің теориясы да әдіснама болып 
табылмайды. 
Әдіснанма болу үшін, теория белгілі бір өзгерістерге ұшырауы қажет 
және оның мәні сол саладағы ғылыми зерттеу үшін нұсқама болуы керек. 
Өз кезегінде 
әдіс 
– ойлай алатын субъектіге қатысты тәсілдері, әдістері 
және процедуралар, зерттеу нормалары, нұсқамалары мен талаптары туралы 
білімдердің ерекше түрі. Аталған әдіс-тәсілдерді басшылыққа ала отырып, 
олар белгілі бір әрекеттерді жүзеге асырады, осылайша пайдаланылған 
ережелердің, олардың негізінде жатқан сәйкесінше білімдердің де 
ақиқаттылығын тексереді. 
Әдістен айырмашылығы 
әдіснаманың
мақсатына алынған нәтиженің 
теориялық негізділігі енеді, сонымен қатар ол зерттеудің талдау және 
техникалық жағына қарай, сондай-ақ зерттеушінің әрекетін реттемелеуге 
шоғырланады.
Басқа жағынан, 
әдістемені
әдіснамадан 
айыра білу қажет, өйткені олар 
ерекшеліетеріне қатысты танымның жеке нысандары болып табылады. Осы 
жағдайда әдістеме – зерттеудің жеке ғылыми тәсілдердің жиынтығы бола 
тұра, көмектесуші әдістерге негізделеді және өзінің құрамына фактілі 
материалдарды өңдеу техникасын, дағдысын енгізеді. Сондықтан, әдістеме 
белгілі бір құбылыстардың, заттардың құрамын олардың белгілерін талдап-
зерттеуге бағытталған. 
ҚР «Сот-сараптамалық қызметі туралы» Заңында 
сот сараптамалық 
зерттеудің әдістемесі
– деп белгілі бір сараптаманың түріне, тегіне қатысты 
мән-жайларды анықтау үшін қолданылатын әдістердің жүйесін айтады. 



Әдіснама мен әдістеме бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ әдістеме 
бағынушылық маңызға ие. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет