Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



Pdf көрінісі
бет127/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

Диагностикалық міндеттер 
табиғатын анықтаумен байланысты, яғни 
технологиясына байланысты процедурасын танып білу немесе өнімді
жартылай дайындалған өнімді, шикізатты нақты шығу тегінің типіне 
жатқызу. 
Ситуациялық міндеттер 
өнімді, жартылай дайындалған өнімді, 
шикізатты өңдеу, жасау, сақтау технологиясындағы өзгерістерді анықтауға 
және жазып алуға, зерттеліп жатқан объектілерде нақты қасиеттердің пайда 
болуына әкеп соққан белгілі факторлардың әсер ету уақытын және 
механизмін анықтауға, өндіріс технологиясындағы кезеңдердің реттілігін 
анықтауға бағытталған және т.б. 
Диагностикалық және ситуациялық міндеттер, әдеттегідей
КЭМВИ 
сарапшыларымен, тауартанушылармен, биологтармен бірлесе отырып, 
инженер-технологты тарту мүмкіндігімен қоса технологтармен орындалатын 
кешенді сараптама арқылы шешіледі. Бұл міндеттер келесі сұрақтарды 
тұжырымдау кезінде шешіледі: 

осы өнімді жасау технологиясы өндірістің қандай кезеңдерінен тұрады;

технологиялық құжаттарға сәйкестікте өнімнің осы сапасын жасау 
кезінде өндірістің қанша кезеңдері қарастырылуы тиіс; 

өнімнің осы сапасын жасау кезінде қандай технологиялық құрал-
жабдықтар қолданылуы тиіс; 

осы өнімнің қасиеттерін немесе өнімдегі қоспаларды анықтау үшін 
қандай өлшеу құралдары қолданылды; 

өнімді сақтаудың қандай жағдайлары өнімнің бұзылуына жол бермеуді 
қамтамасыз ету тиіс; 


151 

бұйымның бір данасын жасау үшін қандай өнімдердің түрлері және 
қандай мөлшерде жұмсалған; 

шығындар осы өнімді жасау үшін бекітілген нормаларға сәйкес келеді 
ма; 

осы өнімді жасау кезінде қандай өндіріс технологиясының бұзылуына 
жол берілген; 

осы өнімді жасау кезіндегі нақты қандай қалдықтар мен басқа да 
өндірістік шығындар орын алды; 

технологиялық құжаттарда өндірістің кезеңдері көрсетілген ба; 

технологиялық құрал-жабдықтар істеп тұрған жағдайда ма, егер жоқ 
болса, онда ол қандай және ол өнімнің сапасына әсер етеді ма; 

кәсіпорын қолданған өлшеу құралдары істеп тұрған жағдайда ма;

өнімді сақтау жағдайлары қамтамасыз етілген ба, олар өнімнің 
бұзылуына себепші болды ма; 

ұсынылған өнім өңдеудің толық кезеңінен өтті ма, егер өтпеген болса, 
онда өндірістің қай кезеңінде технологиялық процесс бұзылған және 
т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет