Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



Pdf көрінісі
бет128/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

 
Идентификациялық міндеттер
 
сот-технологиялық сараптамасының 
аясында келесі жағдайларды анықтауға бағытталған:

өнімді, жартылай дайындалған өнімді, шикізатты оларды жасау, сақтау 
немесе басқа да технологиялық кезеңдерінің қайнар көзі бойынша 
ұқсастығын;

өнімді, шикізатты, материалдарды жасап шығарған нақты цехты, 
филиалды немесе жалпы алғанда кәсіпорынды;

өнімдер, шикізаттар, материалдар сақталған нақты қойманы анықтауға. 
Идентификациялық міндеттердің шешілуі келесі сұрақтарды қою 
кезінде жүзеге асырылады:

ұсынылған материалдар, жартылай дайындалған өнімдер, шикізаттар 
өңдеудің біріңғай кезеңінен өткен ба; 

әр түрлі субъектілерден алынған өнімдер, материалдар біріңғай 
технология бойынша жасаған ба;

өнімдер, материалдар осы кәсіпорында (цехта, шеберханада) жасалған 
ба және т.б. 
Материалдарды дайындау мен рәсімдеу: 
Сарапшыға келесі материалдар ұсынылуы тиіс: өнім немесе оның 
орташа сынамасы, шикізаттардың, жартылай дайындалған өнімдердің 
үлгілері, құжаттары (өнімге қатысты техникалық жағдайлары), шикізат пен 
материалдардың бекітілген шығын нормалары, технологиялық процесті 
көрсететін 
цех 
журналдары, 
зертханалық 
талдаудың 
мәліметтері, 
технологиялық құрал-жабдықты тексеру хаттамалары, қызметкерлерден 
жауап алу хаттамалары, сарапшылардың (тауартанушының, химиктің, 
биологтың және т.б.) қорытындылары.


152 
 
 
21 тақырып. Сот-биологиялық сараптамасы
Сот-биологиялық сараптамасы тірі құрылымдардың түрлеріне 
байланысты келесі түрлерге бөлінеді: сәйкесінше биологиялық сараптама, 
агротехникалық және агробиологиялық, зоотехникалық және мал дәрігерлік 
сараптама.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет