97
анықтайды, олар:
қолайсыз акустикалық жағдайларда жазылған
сөйлеу ақпараттарының
сөзбе-сөз мазмұнын анықтау;
фонограмманың дайындалу тәсілі (түпнұсқа немесе көшірме ме);
жазу кезінде немесе аяқталғаннан кейін жалғандық белгілерді анықтау;
сөйлеген адамның жеке және кәсіби немесе психофизиологиялық
мінездемесін анықтау (сөйлеудің
диалектісі, әлеуметтік жағдайы,
эмоционалды жан-күйі, ауруы, сөйлеу дефектілері, сауаттылығы);
сөйлеу типін анықтау – кенеттен
немесе алдын-ала дайындалып
сөйлеу;
сөйлеуге қатысушылардың санын анықтау.
Аталған міндеттерді шешу үшін сарапшының алдына келесі сұрақтар
қойылуы мүмкін:
фонограмманы дайындау барысында
қоршаған жағдай қандай
болды (далада немесе бөлмеде орын алды) ?
сөйлеген тұлғалардың жынысы өзге де анатомиялық ерекшеліктері
қандай ?
сөйлеушілердің әлеуметтік жағдайы қандай (сауаттылығы,
сөйлеу
мәдениеті)?
зерттелуге ұсынылған «...» сөздің басталуы мен «...»
сөзбен
аяқталатын сөйлесуге неше адам қатысты ?
фонограммада ұсынылған сөздер немесе олардың үзінділері алдын-
ала жатталған немесе ерікті түрде болды ба ?
зерттелуге ұсынылған «...» сөздің басталуымен «...» сөзбен
аяқталатын сөздердің мазмұны қандай ?
фонограммадағы дыбыс үзіліссіз немесе үзіліспен жазылды ма
(магнитофон, бейнежазба, диктофон)?
ауызша сөздерін жазу барысында тұлғаның эмоционалды жан-күйі
қандай ?
субъект фонограммаға жазылған өзінің
дауысын әдейі өзгерткен
жоқ па ?
субъект фонограммада Н. есімді тұлғаның дауысына ұқсас етіп
өзінің дауысын жазған жоқ па ?
Достарыңызбен бөлісу: