Адамның қолқа тамыры;
көлденең кесінді (микросурет): I — ішкі
қабықша; II — ортаңғы қабықша; III —
сыртқы қабықша. 1 — эндотелий; 2 —
эндотелий асты қабаты; 3 — ойықты
эластикалык мембраналар; 4 — жазық
миоциттер; 5 — тамырдың тамырлары
396
13-Тарау. Жүрек-қан тамырлар жүйесі
Эндотелий асты кабаты тамыр кабырғасының калындығының 15—20%
кұрайды және пішіні жұлдыз тәрізді жасушаларға бай борпылдак жіңішке
фибриллярлы дәнекер тінінен тұрады. Жасушаларда көп мөлшерде пино-
цитозды көпіршіктер мен микрофиламенттер, сонымен катар түйіршікті
эндоплазмалык тор аныкталады. Бұл жасушалар эндотелийді тірек-консоль
тәрізді тұрақтандырады. Эндотелий асты кабатында жеке орналаскан бойлай
бағытталған жазык бүлшык ет жасушалары (жазык миопиттер) кездеседі.
Ішкі кабықшаның кұрамында эндотелий асты кабатынан кейін калың
эластикалык талшыктардың өрімі орналасады, ол ішкі эластикалык мем-
бранаға сәйкес келеді. Қолка тамырының ішкі кабыкшасының жасушааралык
заты фосфолипидтер мен гликозаминогликандарға бай болады. Тамыр ка-
бырғасының коректенуінде негізгі аморфгы заттың маңызы зор. Онын физи-
калык-химиялык жағдайы тамыр кабырғасының өткізгіштігіне эсер етеді.
Орта және егде жастағы адамдарда жасуша аралык заттың кұрамында холесте
рин мен май қышкылдары аныкталады.
Қолканың ішкі кабыкшасы жүректен шыккан жерде үш калта тәрізді
(«жарты ай тәрізді») какпакшаларды түзеді.
Қолканын
ортаңғы қабықшасы
баска кабыкшалардын эластикалык
элементтерімен біріге бірыңғай эластикалык каркас кұрайтын, өзара элас
тикалык талшыктар аркылы байланыскан, көптеген (50—70) ойыкты элас
тикалык мембраналардан
(membranae elasticae fenestratae)
тұрады ( 13.2-суретті
караңыз).
Сканерлеуші электронды микроскопия кезінде эластикалык мембраналардын
үш түрі аныкталады: гомогенді, талшыкты және аралас. Адамда ортаңғы кабыкшада
гомогенді кабаттан және бір немесе екі талшыкты кабаттардан тұратын гомогенді
және аралас мембраналар кездеседі. Эластикалык талшыктар бір жағынан ойыкты
эластикалык мембраналарға өріле бекініп, ал екінші жағынан — жазык миоциттер-
мен байланысып, олардың сыртынан бойлай орналаскан эластикалык талшыктардан
түратын капшыкты кұрайды. Мембрана аралык кеңістіктің коллаген талшыктары
көрші ойықты эластикалык мембраналардын бірігуіне катысады.
Эластикалык типті артериялардың ортаңғы кабыкшасының мембрана-
ларының араларында жазык бұлшык ет жасушалары орналаскан, олар
мембраналарға киғаштай орныккан.
Қолканың жазык миоциттерінің кұрылымдык ерекшеліктерінін бірі цитоплаз-
масында виментин нәруызынан түратын аралык филаменттердің көп мөлшерде бо-
луында, ал баска күштірек жиырылуға кабілетті тамырлардың жазык миоциттерінін
аралык филаменттері виментин және десминнен тұрады. Жазык миоциттер жиыры-
лу кызметінен баска секреторлык кызметті де аткарады — гликозаминогликандарды,
коллаген және эластинді өндіреді.
Ойыкты эластикалык мембраналар, эластикалык, коллаген талшыктары
жэне жазык миоциттер гликозаминогликандарта бай негізгі аморфты затта
орналасады. Ортанғы кабыкшаның мұндай кұрылысы колкаға серпімділік
13.1. Қан тамырлары
397
береді, жүректің сол жак карыншасы жиырылған кезде тамырға шыккан
канның
соккысын
жұмсартады
және
диастола
кезінде
тамырдың
кабырғасыныи тонусын камтамасыз етеді.
Қолканың
сыртқы қабықиіасы
негізінен бойлай бағытталған, көп мөлшерде
жуан эластикалык және коллаген талшыктары бар борпылдак талшыкты
дәнекер тінінен тұрады. Қолканың сырткы кабыкшасында коректендіруші
тамырдын тамырлары
(vasa vasorum
) және жүйкелік бағаншалар
(nervi vaso-
гит)
өтеді. Сырткы кабыкша тамырды шектен тыс созылудан және жырты-
лудан сактайды.
Булшық етті артериялар
Булшық етті артерияларға (аа. myotypicae
) орта және ұсак калибрлі та-
мырлар, яғни организмнің көптеген артериялары (дене, кол-аяк және ішкі
мүшелердің артериялары) жатады.
Бұл тамырлардын кабырғасында баскалармен салыстырғанда көбірек
мөлшерде жазык бүлшык ет жасушалары орналасады, олар канды жылжытуға
косымша күш береді және мүшелерге канның келуін реттеуге катысады (13.3;
13.4-сурет,
б).
Ішкі қабықиіаның
кұрамына базальды мембранасы бар эндотелий, эндоте
лий асты кабаты және ішкі эластикалык мембрана кіреді. Базальды мембрана-
да орналаскан эндотелийлік жасушалар тамырдын бойлай бағытталған осінде
орныккан. Эндотелий асты кабаты көбінесе бойлай орналаскан жіңішке
эластикалык және коллаген талшыктарынан және аздифференцияланған
дәнекер тіндік жасушалардан тұрады.
Кейбір артериялардың — жүректің, бүйректің, аналык жыныс бездерінің,
жатырдың, кіндік бау артериясының, өкпенің — ішкі кабыкшасында бойлай
орналаскан жазык миоциттер аныкталады.
Эндотелий асты кабатының негізгі аморфты затында гликозаминогликандар
болады. Субэндотелийлік кабат ірі жэне орта калибрлі артерияларда жаксы, ал
ұсак артерияларда нашар дамыған. Эндотелий асты қабатынын сыртына карай,
онымен тығыз байланыскан
ішкі эластикалык, мембрана (membrana elastica
interna)
орналасады. Ол ұсак артерияларда өте жұка болып келеді. Ірі бұлшык
етті артерияларда эластикалык мембрана жаксы дамыған (гистологиялык пре-
параттарда иректелген жаркырауык эластикалык табакша тәрізді көрінеді).
Артерияның ортаңғы қабықиіасы
араларында аз мөлшерде дәнекер тінінің
жасушалары мен талшыктары (коллаген жэне эластикалык) орналаскан
жатык айналмалы бағытталған жазык бүлшыкетжасушаларынан тұрады. Кол
лаген талшыктары жазык миоциттерге тіректік негіз кұрайды. Артерияларда
коллагеннін I, II, IV, V түрлері аныкталды. Бұлшык ет жасушаларының ай
налмалы бағытта орналасуы жиырылу кезінде тамырдың көлемінін кішіреюін
және канның жылжуын камтамасыз етеді.
Артерия кабырғасынын эластикалык талшыктары сырткы және ішкі
кабыкшалардың шекарасында эластикалык мембраналармен бірігіп кетеді.
Сонымен, ол бірыңғай эластикалык каңка калыптасады, ол бір жағынан
тамырға созылу кезінде серпімділік берсе, екінші жағынан кысылған кез-
398
13-Тарау. Жүрек-қан тамырлар жүйесі
13.3-сурет. Орта калибрлі артерия мен көктамырдның қабырғасының құрылысы
(Ю. И. Афанасьев бойынша): а — артерия; б — көктамыр; I — ішкі қабықша: 1 — эн
дотелий; 2 — базальды мембрана; 3 — эндотелий асты қабаты; 4 — ішкі эластикалық
мембрана; II — ортаңғы қабықша: 5 — жазық миоциттер; 6 — эластикалық
талшықтар; 7 — коллаген талшықтары; III — сыртқы қабықша: 8 — сыртқы
эластикалық мембрана; 9 — талшықты дәнекер тіні; 10 — тамырдың тамырлары
13.1. Қан тамырлары
399
де иілгіштік касиет береді ( 13.3-суретті караңыз). Эластикалык каңка
артериялардын куысының жабылуына кедергі болғандыктан, ол оның
куысының тұракты ашык болуын және ондағы каннын токтаусыз ағуын
камтамасыз етеді ( 13.4-суретті караңыз).
Бұлшык етті типті артериялардын оргаңғы кабыкшасының жазык бұлшык
ет жасушалары жиырылуынын аркасында кан кысымын тұрактандырады,
мүшелердің микроайнатым арнасы тамырларына каннын келуін реттейді.
Ортаңғы және сырткы кабыкшалардың арасында
сыртқы эластикалық мем
брана
(.membrana elastica externa)
орналасады.
Олар кейде тұтас эластикалык табакша түрінде болатын, бойлай
бағытталған, калың шырмалған жуан эластикалык талшыктардан тұрады.
Эдетте, сырткы эластикалык мембрана ішкі эластикалык мембранадан жұка
болып келеді және барлык артерияларда жеткілікті дами коймайды.
Сыртқы қабықша
дәнекер тіндік талшыктары негізінен киғаш және бойлай
бағытталған борпылдак талшыкты дәнекер тінінен тұрады. Бұл кабыкшада
үнемі тамырдың кабырғасын коректендіретін тамырлар, жүйкелер және тіндік
базофилдер кездеседі. Кейінгілержергілікті кан айналымды реттеуге катысады.
Артериялардын диаметрі кішірейіп, артериолаларға жакындаған сайын
артериялардын барлык кабыкшалары жұкара түседі. Ішкі кабыкшада эндоте
лий асты кабаты мен ішкі эластикалык мембрананың калыңдығы күрт
төмендейді. Сол сиякты ортаңғы кабыкшада бұлшык ет жасушалары мен
эластикалык талшыктардын саны біртіндеп азаяды. Сырткы кабыкшада
эластикалык талшыктардын саны азайып, сырткы эластикалык мембрана
жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |