Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Мұғалім көшбасшылығы жолындағы кедергілер



Pdf көрінісі
бет121/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   298
Байланысты:
МАН-1

4. Мұғалім көшбасшылығы жолындағы кедергілер 
Ұйымдастырушылық кедергілер 
Көшбасшылық жекелеген мұғалімдер үшін және тұтастай алғанда мектеп үшін пайдалы. 
Бірақ мектептерде мұғалімнің нағыз көшбасшылығын орнату үшін еңсеруге тура келетін 
көптеген кедергілер кездеседі. Мұғалімнің көшбасшылығы жолындағы негізгі тосқауылдардың 
бірі көптеген мектептерде әлі күнге дейін басым болып отырған басқарудың иерархиялық 
моделіне қатысты құрылымдық тосқауыл болып отыр. 
Мұғалімнің көшбасшылығы басқаруда барынша автономиялық тәсілдің қолданылуын 
талап ете отырып, әрі жалпы шешім қабылдау үдерісін қажет етеді. 
Кәсіптік кедергілер 
Өздеріне көшбасшылықты алатын мұғалімдер кейбір жағдайларда әріптестерінің 
тарапынан қуғынға ұшырауы мүмкін. Зерттеу деректері әріптестердің мықты ынтымақтастығы 
мұғалімдердің көшбасшылығын қолдау үшін басты негіз болатындығын дәлелдеп отыр. 
5. Мұғалімнің көшбасшылығын құру және қолдау
Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуда басшылар мен директорлар басты рөл атқарады. 
Сондықтан мектепте мұғалімдердің көшбасшылығын белгілеудің бірқатар маңызды өлшемдері 
бар. Біріншіден, кәсіби дамытуға және бірлескен жұмысқа уақыт бөлу керек. Бірлесіп жоспар 
жасауға, мұғалімдердің қоғамдастықтарын құруға және қадағалаушы ретінде сыныптарға 
баруға уақыт табу өте маңызды.
екіншіден көшбасшы-мұғалімдерге өз әлеуеттерін толыққанды ашып, үздіксіз кәсіби өсу 
үшін мүмкіндік берілуге тиіс. 
Мұғалімдер көшбасшылығының жетістігі немесе сәтсіздігі адами факторларға және 
мектептің басқа мұғалімдерімен, басшыларымен қарым-қатынас деңгейіне тәуелді болады. 
Демек көшбасшы-мұғалімдерде өздерінің әріптестеріне әсер ету және кейбір жағдайларда 
мұғалімдер тарапынан өзінің абырой-беделіне қауіп сезінуі мүмкін мектеп басшылығы 
арасында нәтижелі қарым-қатынасты дамыту қабілетінің болуы аса маңызды болып табылады. 
Көшбасшы-мұғалімдерге деген өшпенділік әрекетсіздік, аса сескенушілік және тұрақсыздық 
сияқты факторлар арқылы туындауы мүмкін. Осы қиындықтарды оқыту мен оқу тәжірибесіне 
өзгеріс енгізуді және мұғалімнің көшбасшылығын ынталандыратын мектеп мәдениетін дамыту 
және көшбасшы-мұғалімде адамдармен қатым-қатынас жасау дағдыларының жетік болуы 
арқылы жеңуге болады.
Көшбасшы-мұғалімдерді дайындаудың үшінші өлшемі – бұл көшбасшы-мұғалімдерді 
адамдармен қатым-қатынас жасаудың тиімді дағдыларымен қамтамасыз ету қажеттігі. Бұндай 
дағдылардың негізгі 5 тобы анықталған:
• әріптестер арасында сенімділік пен өзара түсіністікті дамыту;
• деректер жинау арқылы ұйымдастырушылық диагностика жүргізу қабілеті;
• өзгеріс енгізу үдерісін түсіну және оларды басқару;
• ортақ мақсатқа қол жеткізу жолында ресурсты (адамдарды, жабдықтарды) тиімді пай-
далана білу;


112
• әріптестерінің кәсіби дағдылары мен олардың өзіне деген сенімін дамыту.
Соңғы өлшем мұғалімдердің өздеріне көшбасшылық рөлін алуға ынтасының болуына 
қатысты. 
Қорытындылай келе, көшбасшы-мұғалімдер қызметінің 6 бағытын айқындауға болады. 
Бұл: 
• мұғалімдік тәжірибені жалғастыру және оқытудағы өзінің ептілігі мен дағдыларын 
жақсарту; 
• оқыту тәжірибелерін өзара бағалауды ұйымдастыру және оған басшылық ету;
• оқу бағдарламасын әзірлеу/дамыту жөнінде біліммен қамтамасыз ету;
• мектеп деңгейінде шешім қабылдауға қатысу;
• мектеп қызметкерлерін оқыту мен дамыту қызметіне басшылық ету;
• басқа мұғалімдерді іс-қимылдарды бірлесіп жоспарлауға, рефлексияға және зерттеу 
жұмысына тарту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет