81
21-сурет.
Оқу мен оқытудың түйінді тоғыз қағидаты
жаратылыстану ғылымдарын оқыту төменгі сынып оқушыларының ғылыми идеяларды
қалыптастыруының ерекше тәсілін қажет ететіндігін айта кету керек,
бұл білімдердің
педагогикалық аспектісі болып табылады.
Пән бойынша педагогикалық білім (ПБПБ)
Пән бойынша педагогикалық білім
мазмұнды педагогикалық ықпалы бар нысандарға
айналдыру мүмкіндігін беретін құрамдас бөліктердің: оқу мазмұны мен педагогикалық
білімдердің біртұтастығы болып табылады (Shulman, 1986).
жаратылыстану ғылымдарын
оқыту тұрғысынан алғанда аталған біртұтастық оқытылатын ғылыми тұжырымдамаларды
білікті түсіну оқушылардың оларды түйсінуі мен түсінуіне көмектесу қабілетімен ажырамас
байланыста болуын көздейді.
Осылайша, жаратылыстану ғылымдарының білікті мұғалімі
абстрактілі ғылыми идеялар мен үдерістерді оқушылардың белгілі
бір тобына бұларды өз
бетімен зерттеу үдерісін қамтамасыз ете отырып ұсынатындай етіп, құрамдас бөліктерге бөле
алуы тиіс.
ПБПБ оқушыларға ғылыми идеяларды ұсынудың тиімді, оңтайлы нысандарын, аса тиімді
болып табылатын аналогия, суреттеу, мысал ұсыну, түсіндіру және көрсету әдістерін қамтиды.
Шын мәнінде, ПБПБ оқушыларға ғылымды түсінікті жолмен көрсетудің әрі ұсынудың тәсілі
болып табылады. Сонымен қатар пән бойынша педагогикалық білім мұғалімге оқушылардың
жекелеген тақырыптарды оңай не қиын меңгеруінің себептерін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл
себептер кей жағдайларда оқушылардың ғылыми тұжырымдамаларды түсінбеуімен, ал кейде
әртүрлі жастағы және білім деңгейі әртүрлі оқушылардың мектепке өз наным-сенімдерімен
немесе теріс ұғымдарымен келетіндігімен түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: