–
57
–
Есеналиева Жанар
мүмкіндік беретін жеке заңдарын ажырата білу қажеттігі» орын
алады. Сондықтан бүгінгі күні жеке тілдік фактілерді жалпы
тіл табиғаты негізінде талдау қажеттігі сол байланыстың уәжді
жалғасы болып табылады.
Универсалды типология жеке тілдер типологиясынан
бөлек тұрған нәрсе емес. Ол сол жеке тілдер типологиясының
тұжырымдарына негізделеді. Басқаша айтқанда, жеке тілдерді
зерттеуден туған қорытындылар жалпы типологияға материал
болады. Ал тіл білімінің жеке тілдерді зерттейтін саласы өз
зерттеулерінде универсалды типология жасаған тұжырымдарға
сүйенеді, соларды басшылыққа алады. Бұл - тілдің универсалды
типологиясы тілдің жеке типологиясымен тығыз байланысты
деген сөз.
Типологиялық зерттеулер тілдің барлық деңгейінде
(фонология, морфология, лексика, синтаксис, сөзжасам)
жүргізіледі, тіпті онда сөз типологиясының өзі арнайы
қарастырылады. Мұндай жұмыстар циклы деңгейлік, аспектік,
жүйелік типологияны құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: