–
48
–
Салғастырмалы тіл білімі
құрылымдық әдісті қолдана отырып, тілдің құрылымын
зерттеу – тіл білімінің бірден-бір міндеті деп санайтындар –
структуралистер деп аталады. Структуралық әдістің мақсаты
-
жоғарыда айтқанымыздай, тілді құрылымдық жүйе ретінде
қарастыру. Структуралық әдіс тілдік бірліктердің қарым-
қатынастары мен байланыстарын ашуға, оның жүйелік
құрылымын көрсетуге талпынады.
Структуралық әдіс көп
жағдайда сипаттамалы әдіске
өте жақын. Бұл екі әдістің айырмашылығы: сипаттама әдістің
ерекше назар аударып, негізге алатыны - тілдік элементтер мен
категориялар, тілдік деңгейлер /қабаттар/, олардың жиынтығы
болса, структуралық әдістің ерекше мән беріп басшылыққа
алатыны – сол элементтер мен категориялар деңгейлерінің
арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстар, олардың бір-
біріне тәуелділігі.
Тілді структуралық әдіспен зерттегенде тек тілдік
элементтерді ғана емес немесе
тілдік ерекшеліктер мен
айырмашылықтар, сәйкестіктер мен ұқсастықтар т.б. ғана емес
осы элементтерді және сол элементтердің арасындағы қарым-
қатынастар мен байланыстарды бірге алып, екеуін бірлікте
қарастыру керек.
Тіл фактілерінің ерекшеліктері
мен өзіндік қасиеттерін
ғылыми негізде дұрыс түсінуге, оларды белгілі бір жүйеге
келтіріп қарауға мүмкіндік туғызған тағы бір тәсіл -
салыстырмалы-тарихи әдіс болып табылады. Бұл әдіс тіл
білімінде көптеген күрделі
проблемаларды зерттеп,
олардың
қыр-сырын дұрыс зерделеуге бірқатар мүмкіндік жасады.
Мәселен, бұл тәсіл өмірге келгеннен кейін туыстас тілдердің
өзара қарым-қатынасын, туыстығын,
сондай-ақ, әрбір нақты
тілдің дамуын кезең-кезеңдерге бөлу тәрізді мәселелер қарала
бастады. Салыстырмалы-тарихи тәсілдің көмегімен жеке тілдер
мен тіл топтарының ғылыми тарихын жасауға қадам жасалды.
Сөйтіп, ғылыми тәсіл тіл білімінің жеке, дербес пән ретінде
дамуына жол ашып берді.
Достарыңызбен бөлісу: