Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79



Pdf көрінісі
бет28/110
Дата15.11.2023
өлшемі5,96 Mb.
#124104
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   110
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

Есеналиева Жанар
ақ, оларды айыру және біріктіру мәселелерінің практикалық 
қажеттілігі пісіп жетілгендігі. Қазір тілдік типология саясаты 
тіл білімінің басты міндетінің бірі болып отыр. Тілдерді 
типологиялық зерттеудің негізгі бағыты - ең алдымен, тілдік 
механизмнің ерекше жақтарын анықтау, әрбір тілдің негізгі 
коммуникативтік қызметін көрсететін тілдік бірліктердің 
қалыптасуының жалпы заңдылықтарын ашып көрсету, одан 
ары әртүрлі тілдердің коммуникативтік құрылымының жалпы 
заңдылықтарын көрсету болып табылады. 
Типологияның бұл бағыты жалпы тілдің теориясымен
ұштасып жатады. Себебі екеуінің де мақсаты тілдердің 
ең алдымен адамзат әрекетінің атрибуты ретінде қызмет 
ететіндігін айқындау. Типологияның бұл бағыты тілдердің 
универсалды ерекшеліктеріне сүйенеді, мақсаты белгілі бір тілді 
сипаттау, дәлірек айтсақ, жеке ерекшеліктерден жалпы ортақ 
мәселелерге қарай сипаттау болып табылады. Тілдердің әртүрлі 
ерекшеліктерін біріктіру және тілдерге ортақ универсалийлерді 
табу жалпы типологияға тән бірден бір әдіс. Лингвистикалық 
типологияда тілдік универсалийлерді тек тілдерді бір-бірімен 
салғастырғанда ғана анықтауға болады. Ол универсалийлер
лингвистикалық универсалийлер деп аталады.
Универсалийлер - тілдердің негізгі сипатын ашып бере 
алатын көптеген тілдерге тән қасиеттер мен белгілер. Олар 
дедуктивті және индуктивті, абсалютті және статистикалық, 
синхронды және диахронды, жай және күрделі т.б. болып 
бөлінеді. Тілдік универсалийлер: а) егер тілде рай категориясы 
болса, онда ашық райдың болуы міндетті; б) тілдегі фонемалар 
саны 10-80 фонемадан аспайды; в) егер тілде дауыссыздар 
«жуан-жіңішке» болып бөлінсе, онда дауыстылар политонды 
болмайды; г) егер тілдегі сөздер бір буынды болса, ондағы 
морфемалар саны да біреу, яғни тілге музыкалды екпін тән; д) 
егер тілде дауыстылар болса, онда бұл жүйеге тілдің жоғары 
көтерілуін қарсы қоюға болады т.б. /Сүлейменова Э.Д./. 
Сонымен лингвистикалық универсалийлер дегеніміз - 
әлемдегі әртүрлі тілдердің барлығына ортақ тілдік ерекшеліктер. 


– 
54 

Салғастырмалы тіл білімі
Универсалийлердің мынадай негізгі типтерін көрсетуге 
болады: фонологиялық, грамматикалық, семантикалық және 
символикалық.
Типология шартты түрде жалпы және жеке типология 
болып екіге бөлінеді. Жалпы типология әлемдегі тілдер 
арасындағы сәйкестіктер мен айырмашылықтарды тілдің 
жалпы мәселелеріне байланысты қарастырады.
Кезінде И.А. Бодуэн де Куртенэ «Біз тілдерді олардың 
туыстығына байланыссыз, мүлдем бір-бірінен алшақ тілдерді 
де салыстыра аламыз. Географиялық және тарихи алыс 
тілдердің өзінен үнемі сәйкестіктерді, тарихи ұқсас процестерді 
тауып отырамыз» деген еді. Әртүрлі генетикалық топқа енетін 
тілдер арасындағы жалпы ерекшеліктерді, жалпы өзгерістерді 
тілдердің деніне ортақ процестерді осы жалпы типология 
зерттейді. Мұндай зерттеу нысанына сондай-ақ, фонологиялық 
жүйедегі жалпы мәселелер, фонемалар мен буындарды 
айрықша белгілеріне байланысты топтастыру, сөз және сөз 
тіркесі құрылымындағы ерекшеліктер, сөздің морфологиялық 
структурасындағы типтерді айыру т.б.мәселелер енеді. 
Ғалымның өз сөзімен айтар болсақ: «Тілдерді осылайша 
салыстыру олардың фонетика, морфология, сонымен қатар 
семасиология салаларындағы ауқымды талдауларға негіз 
болады».
Бұдан жалпы типология өз зерттеу нысанын өзгертіп, 
яғни тек туыс тілдерді ғана емес, сондай-ақ, құрылымы әртүрлі 
тілдерді де қарастырып, зерттеу материалын кеңейте отырып, 
жалпы тілдік мәселелерді шешуде ерекше рөл атқаратынын 
көреміз.
Жеке типологияның қарастыратын мәселесі жалпы 
типологияға қарағанда тарлау (шектеулі). Бұл бір тілді 
немесе белгілі бір тілдер тобын ғана типологиялық жағынан 
зерттеу. Генетикалық жағынан туыс тілдерді қарастыратын 
салыстырмалы-тарихи тіл білімінен бұл зерттеудің 
айырмашылығы жеке типология жалпы типология іспеттес 
бір негізден тараған туыстас тілдерді ғана емес, сонымен 


– 
55 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет