оппозициялық талдау әдісі
де кеңінен қолданылады. «Оппозиция» сөзі латынның «opposito»
қарама-қарсы деген сөзінің негізінде пайда болған. Лингвистикада
оппозиция деп кез-келген минималды жұпты айтады. Мәселен,
антоним сөздер, бастауыш пен баяндауыш, дауысты мен дауыссыз
т.б. тіл бірліктерінде осы жұптарды біріктіре отырып зерттеу
көптеген лингвистика лық мектептерге тән.
–
50
–
Салғастырмалы тіл білімі
Сонымен, генеалогиялық классификация тілдердің
туыстық байланысына, шығу тегінің бірлігіне негізделеді
де, тілдерді осы тұрғыда топтастырады. Ал морфологиялық
немесе типологиялық классификация тілдердің грамматикалық
құрылысына, атап айтқанда, грамматикалық тәсілдер мен
грамматикалық формаларға, сөздің құрылысына негізделеді.
Типологиялық классификация тілдерді грамматикалық
тәсілдердің бірлігіне, ұқсастығына қарап топтастырады.
Салғастырмалы әдіс арқылы шыққан зерттеу нәтижесі
ана тілі мен шет тілін салыстыра оқыту әдістемесінде кең түрде
пайдаланылды. Әсіресе, шет тілін үйренуде оның маңызы
өте зор. Салғастырмалы типологиялық зерттеуде әдеттегідей
тілдік жүйедегі жеке элементтер емес, тілдің өзіне тән жүйелік
құрылымы салыстырылады.
Қазіргі кезеңде тіл білімінің негізгі бір саласы болып
есептелінетін салыстырмалы типология өзінің даму барысында
түбегейлі қалыптасып, зерттеу нысаны мен әдісін саралап,
даралап келеді. Салғастырмалы зерттеу мен салыстырмалы
зерттеу жалпы лингвистикалық типологияның ішінде ара
жігі ажыратыла қарастырылып жүр. Салыстырмалы зерттеу
өзара туыс тілдерді салыстыра зерттеп, олардың туыстық
деңгейін анықтауға бағытталса, салғастырмалы әдіс туыс емес,
құрылымы әр түрлі тілдерді синхронды қалыпта салғастыра
зерттеу болып табылады.
Тілдерді құрылымы мен құрылысына қарай топтастыру
- типологиялық классификация деп аталады. Тілдерді
бұлайша топтастыруда басшылыққа алынатын негізгі
белгілер: ең алдымен тілдердің грамматикалық жүйесінің
қалай құрылғандығы, белгілі бір тілдердегі грамматикалық
тәсілдердің қайсысы б а с ы м д ы қ /доминант - Е.Ж./ ететіні, сол
тілдердегі сөздердің өзгеру, түрлену жолдары, ерекшеліктері,
белгілі тілдердің құрылымы мен құрылысы /Ә.Хасенов,1996/.
Тілдерді типологиялық жағынан классификациялау дегеніміз
– оларды тектігіне, туыстығына қарап бөлмей, сырт ұқсастығы
мен грамматикалық құрылымының ерекшеліктеріне қарай
топтастыру.
–
51
–
Есеналиева Жанар
Достарыңызбен бөлісу: |