ІҮ. Фин-угор (угро-фин) тілдері семьясы.
Бұлар екі
топқа бөлінеді:
1. Угор тобы: венгер тілі, манси (вогуль) тілі, ханти (остя)
тілі; соңғы екеуі Ресей Федерациясында.
2. Фин тобы: фин, веп, вод, ижор, карель, эстон, коми-
зырян, коми-перм, удмурт (вотя), марий, саам, мордва (эрзя,
мокша) тілдері.
Ү. Түркі тілдері семьясы.
Бұлар ең алдымен а) Батыс хун
бұтағы және ә) Шығыс хун бұтағы деп, екіге топтастырылады:
А. Батыс хун бұтағы төртке бөлінеді:
1. Оғыз (Оңтүстік Батыс) тобы: түрікмен, азербайжан,
түрік, гагауз.
2. Қыпшақ (Солтүстік Батыс) тобы: қазақ, қарақалпақ,
татар, башқұрт, ноғай, қарайым, құмық, қарашай, балқар,
қырым татарлары.
3. Қырғыз-қыпшақ тобы: қырғыз, алтай.
4. Бұлғар тобы: чуваш.
Ә. Шығыс хун бұтағы екіге бөлінеді:
1. Қарлұқ (Оңтүстік Шығыс) тобы: өзбек, жаңа ұйғыр.
2. Ұйғыр-оғыз (Солтүстік Шығыс) тобы: якут, тува, хакас,
шор, көне ұйғыр.
ҮІ. Монғол тілдері семьясы.
Оған мына тілдер енеді:
монғол, бурят, қалмақ, моголь (Ауғанстан), монгор (Қытай),
дагур (Солтүстік Шығыс Қытай).
ҮІІ. Тұңғыс-манжұр (тунгус-маньчжур) тілдері
семьясы.
Бұл тілдер екі топқа бөлінеді.
1. Тұңғыс тобы: эвенк, эвен, орок, ороч.
–
69
–
Есеналиева Жанар
2. Манжұр (маньчжур) тобы: манжұр, негидаль, нанай,
удэгей, ульч т.б.
ҮІІІ. Қытай-тибет тілдері семьясы.
Бұлар да екі топқа
бөлінеді:
1. Тай-қытай тобы: қытай, дүнген, тай, лаос, ветнам.
2. Тибет-бирма тобы: тибет, бирма, лоло, акха, тангут,
качин.
ІХ. Палеоазиат тілдері семьясы.
Бұл үш топқа бөлінеді:
1. Чукот-камчат тобы: алютор, ительмен, коряк, чукот
тілдері.
2. Эскимос-алеут тобы: алеут, эскимос.
3. Нивх-юкагир тобы: кет, нивх, юкагир.
Достарыңызбен бөлісу: |