1. Құрылымы әртүрлі тілдерді салғастырғанда жүйелілік сақталуы тиіс. Даралық және жалпылық, ұқсас-
тық және ерекшелік салыстыру, салғастырудың, оппозитивтің
негізінде анықталады. Оппозитивтің өзі өз ішінде тағы да
қарама-қарсылықтан тұрады. Бұл мәселе адамзат тіліне
қатысты алынғанда, тілді тұтас жүйелі құрылым ретінде
жинақтай алатын сипатқа ие болуы тиіс. Құрылымы әртүрлі
тілдерді типологиялық жағынан салғастырғанда тілдің барлық
деңгейлері бойынша, жүйелі типология тұрғысынан зерттелуі
тиіс. Бұл ұстаным салғастырылып отырған тілдердің бүкіл
жүйесі бойынша типологиялық басымдылықтарды анықтауға,
ол басым белгілердің басқа белгілерге әсерін айқындау арқылы
детерминантты анықтауға, ол басымдықтың зерттеліп отырған
тіл үшін маңыздылығын айқындауға, соның негізінде бүкіл
тілдің жүйелік құрылымын сипаттауға мүмкіндік береді.
2. Тілдердегі кездейсоқ сәйкестіктер мен ерекшелік тер емес, тілдік үрдіс (тенденция) салғастырылуы дұрыс. Сонда
ғана тілдер табиғатындағы, тілдің жүйелік құрылымындағы
басым белгі, типологиялық басымдықтар анықталады. Тілдің
жеке-дара фактілерін салғастыру тіл білімі үшін ештеңе
бермейді, тек жүйелілік қана тілдің төл ерекшелігін, тілдің
табиғатын айқын көрсетуге мүмкіндік жасайды.
3. Құрылымы әртүрлі тілдер алдын-ала таңдап алынған типологиялық параметрлер арқылы салғастырылуы қажет. Тілдерді салғастыруда кездейсоқ салғастыру болмау
үшін ол параметрлер таңдап алынуы қажет. Соның негізінде әр
тіл бөлек-бөлек зерттеледі немесе өзіне дейінгі типологиялық
–
64
–
Салғастырмалы тіл білімі зерттеулер негізінде тұжырымдар жасалады. Бұл белгілер
кеңістігіндегі көпөлшемді тілдік жүйені терең талдауға
мүмкіндік береді.